Руководитель медицинской организации

Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі

  • 5 июля 2019
  • 57
  • Средний балл: 0 из 5
редактор-эксперт ЭС "Актуалис Медицина", редактор журналов "Руководитель медицинской организации" и "Старшая медицинская сестра", автор ряда изданий Цифрового издательства "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт, г. Алматы
Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі

Мамандандырылған медициналық көмек ұғымы, қағидаларда қолданылатын терминология, оның түрлері мен бейіндері, Қазақстанның медициналық ұйымдарында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі.

Мамандандырылған, сол сияқты жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің белгілі бір қағидалары бар. Бұл барлық клиникаға ортақ халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайтын ережелер. 
Мамандандырылған медициналық көмекті осындай мүмкіндігі бар және басқа денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланысып жұмыс істейтін ұйымдар көрсетеді.
Медицина ұйымдары халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейінде жауапты болады.

Мамандандырылған медициналық көмек қағидаларындағы терминология

ММК (мамандандырылған медициналық көмек) – бұл диагноз қоюдың барлық әдістерін қолдануды, сондай-ақ заманауи емдеу мен әрі қарай оңалтуды білдіретін түрл аурулар бойынша мамандар көрсететін қажетті медициналық көмек.
ЖММК (жоғары мамандандырылған медкөмек) – бұл ауруды диагноздау және анықтау, сондай-ақ науқасты тез сауықтыру және оңалту үшін барлық ең жаңа технологияларды қолданатын деңгейі жоғары мамандар көрсететін медкөмек.
ЖММК шекті көлемі деп берілген нысандар бойынша есептік болып есептелетін кезең ішінде емдеуге жатқызудың барлық оқиғасы түсініледі. Бұл нысандарға сонымен бірге ақысы төленуге жатпайтын сапасыз медкөмек оқиғаларын да қосады.

Мамандандырылған медициналық көмек түрлері

Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі
Медициналық көмек түрлері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы – мамандандырылған жедел медициналық көмек, немесе стационарларда емдеу.
Мамандандырылған медициналық көмектің деңгейлері де әртүрлі болуы мүмкін.
Мынадай көмек түрлері болады:
  • бастапқы медициналық-санитариялық көмек;
  • жедел медициналық көмек;
  • мамандандырылған жоғары техникалы медкөмек;
  • паллиативтік медкөмек.

ӘМС (әлеуметтік медициналық сақтандыру) жағдайларында ТМККК бойынша шығындар ненің есебінен ұсталатын болады

Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі
Манас Рамазанов эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, автор журнала “Руководитель медицинской организации”, д. м. н., главный врач Городской клинической больницы № 1 г. Алматы
МККК бойынша шығындарды жоспарлау ӘМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) қаражаты көлемдерінің негізінде жүзеге асырылатын болады.Қымбат тұратын консультациялық – диагностикалық қызметтер (КДҚ) мен жоғары мамандандырылған медициналық көмекті (ЖММК) квоталау қолданылатын болады.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек профилактиканы өткізуге және диагноздауға негіз болып табылады. Оны фельдшерлер, акушерлер, сондай-ақ дәрігерге дейінгі көмекті көрсете алатын орташа медқұрам жүргізеді. Сондай-ақ оны терапевтер, педиатрлар, учаскелік дәрігерлер және дәрежесі жоғарылау мамандар көрсетеді. 
Барлық мамандандырылған көмек түрлерінде емдеудің ең жаңа тәсілдері, бірегей әдістемелері және медмекеменің барлық мүмкін ресурстары пайдаланылады.
Мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж науқастар арнайы емдеу әдістемелерін, алдын ала диагноз қоюды және әрі қарай күрделі медициналық технологиялар көмегімен оңалтуды қамтамасыз ететін МҰ-ға жіберіледі.
Мамандандырылған медициналық көмекті федералды жоғары мамандандырылған орталықтардан жергілікті емханаларға дейін – барлық МҰ дәрігерлері мен тар мамандары көрсетеді.

Мамандандырылған медициналық көмек бейіндері

Клиниканың мамандануына қарай келесі бейіндерді ажыратады:
  • терапия бөлімшесі;
  • мамандандырылған хирургиялық көмек;
  • педиатрия;
  • акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер.
Әрбір бөлімше негізгі бейіннің бағытына сәйкес келетін көптеген кіші бейіндерді қамтиды. Барлық ММК түрі жазылған хаттамалармен айқындалады және МҰ-ның бағытына байланысты.

Назар аударыңыз!

Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі
Владимир Огарков эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, к. м. н, доцент, г. Караганда
Медициналық орта буын мамандарын дайындау медициналық бикелер мен медициналық орта буынның басқа мамандарын дайындауға лицензиясы бар медициналық колледждер мен орта және жоғары медициналық білім берудің өзге де құрылымдарында жүзеге асырылады.

Мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі

Барлық медұйым мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті өзінің бейініне қарай кез келген түрде, консультациялық-диагностикалық, стационарлық немесе емдік көмек түрінде көрсетеді.
ММК және ЖММК-ні меншік нысанына қарамастан, осы қызметке лицензиясы болған жағдайда ҚР заңдарына толық сәйкестікте кез келген медициналық мекеме көрсетуі мүмкін. Мамандандырылған медициналық көмектің әрбір деңгейінде басқа мекемелерден қажетті мамандар, республика ауқымындағы консультанттарға дейін қатысатын консилиумдарды тартуға болады.
ҚР барлық азаматына тегін көмектің ұйғарылған көлемін алуына кепілдік берілген. Қажет болғанда медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде ММК және ЖММК көрсетуге жол беріледі. Бейінді мамандық дәрігерлері мамандандырылған медициналық көмекті ҚР заңдарына сәйкес көрсетеді. 
Диагноз қою хаттамаларында және емдеу қағидаларында ММК көлемдері және диагноз қою әдістері мен зертханалық зерттеулер жазылған.

ЖММК – жоғары мамандандырылған медкөмек көрсету тәртібі

Мамандандырылған медициналық көмек: ұғымы және терминологиясы, түрлері және оны көрсету тәртібі
Жоғары мамандандырылған медкөмек келесі тәртіпке сәйкес көрсетіледі:
  • Орталық комиссия барлық ЖММК түрлерін үйлестіреді.
  • Жергілікті бейінді мекемелер жыл сайын Денсаулық сақтаудың уәкілетті жергілікті органдарына ұсынатын деректерді талдау бойынша өңірлердегі ЖММК-ге қажеттілік анықталады.
  • Осы деректердің негізінде Орталық комиссия ЖММК көрсетудің тоқсан сайынғы және жылдық көлемдерін бекітіп, лицензиясы бар МҰ-лардан қажетті қызметтерді сатып алады.
  • Клиникалардың жергілікті мамандары ЖММК-ге мұқтаж науқастарды денсаулық сақтау бойынша арнайы республикалық комиссияларға ерекше есептік нысандармен, барлық қосымша құжаттарымен және зерттеу нәтижелерімен жібереді. 
  • ЖММК өңірлік комиссияларының қарауына қарай пациенттің тасымалданушылығы және барлық анықтамалардың болуы ескеріле отырып, қажетті қызметтердің түрлері мен көлемдеріне есептік нысандар беріледі. 
  • Комиссияның есептік нысандарымен расталған емдеуге жатқызуға мұқтаж азаматтарға жоғары мамандандырылған медкөмектің барлық кешеніне толық көлемде кепілдік беріледі.
  • Клиникаларда көрсетілетін ЖММК қызметтерінің сапасын бақылау жүргізетін аумақтық денсаулық сақтау органының басшылығы растаған актілер түрінде ресімдейді.
  • Көрсетілген ЖММК қызметтерінің актілерін қарау бойынша МҰ-дың барлық шығындары бекітілген тарифтер бойынша республикалық бюджет есебінен төленіп өтеледі және сарапшылармен түзетілуі мүмкін.


logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                  
заберите Ваш подарок!             

Доступ к журналу                  
«Руководитель медицинской организации»