Руководитель медицинской организации

Анафилаксиялық шок: сыныпталуы, негізгі белгілері, шұғыл көмек көрсету алгоритмі

7 ноября 2019
46
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Анафилаксиялық шок: сыныпталуы, негізгі белгілері, шұғыл көмек көрсету алгоритмі

Анафилаксиялық шок деген не, оның себептерін және осындай жағдай қалай анықталатындығын осы мақаладан білесіздер. Сонымен бірге анафилаксиялық шоктың алдын алу тәсілдері және пайда болғанда көрсетілетін стандартты шұғыл жәрдем алгоритмі қаралады.

Анафилаксиялық шок – бұл қан айналымы бұзылып, өмірлік маңызы бар мүшелерде оттегі қатты жетіспеу арқылыкөрініс табатынкенеттен болатын аллергиялық реакция  .
Ол ағзаға белгілі аллерген қайта енгізілгенде пайда болады. Бұл аллергияның өте ауыр түрі, оқиғалардың 15-20 %-ы адам өлімімен аяқталады. Науқасқа дереу анафилаксиялық шок кезіндегі шұғыл жәрдемді көрсету қажет.

Анафилаксиялық шок аллергиялық реакцияларға бейім адамдардың шамамен әрбір жиырмасыншысында пайда болады. Көбінеоның дамуына дәрілік препараттар (вакциналар, сарысулар, антибиотиктер, ауыруды басатын дәрі-дәрмектер және т.б.), жәндіктер (соналар, аралар, масалар және т.б.) мен жыландардың уы, сирек – тамақ өнімдері (мысалы, бал, жержаңғақ, цитрус тектестер) және гүлтозаң катализатор болады.

Анафилаксиялық шоктың сыныптамасы

Анафилаксиялық шок өту сипатына қарай келесідей бөлінеді:
  • жіті қатерлі (қан қысымы 0 мм сынап бағанасына дейін төмендейді,
    дәрі-дәрмекпен емдеуге  төзімді, қиын емедеді);
  • жіті қатерсіз (ең көп таралған түрі, жеңіл емделеді);
  • ұзаққа созылатын (әсер ету мерзімі ұзартылған дәрілер қолданатындықтан ем тұрақты нәтиже бермейді);
  • аборттық ағу (гемодинамика шамалы бұзылады, ең жеңіл түрі).

Анафилаксиялық шоктың негізгі белгілері 

Ең көп таралған анафилаксиялық шок көріністеріне мыналарды жатқызу керек:
1) терінің қышып бөртуі;
2) тыныстың тарылуы, есекжем, тамақтың ісінуі;
3) сананың бүлінуі;
Анафилаксиялық шок: сыныпталуы, негізгі белгілері, шұғыл көмек көрсету алгоритмі
Емшара кабинетінің медбикесі анафилаксияның алдын алуды білуі, шокқа қарсы базалық іс-шараларды өткізе алуы, яғни анафилаксиялық шок кезінде көмек көрсетуді білуі керек. Манипуляция жасау алдында науқастың аллергиялық мәртебесін анықтау үшін оның медициналық картасын қарап шығу керек, пациенттен бұрын дәрі-дәрмекке болған аллергия оқиғалары туралы сұрастыру керек. Ондай оқиғалар болмаған жағдайда қосымша тексерусіз инъекция жасауға болады. Науқас сенімсіз болса немесе дәріге аллергиясы барын анық білсе, алдын ала жасалатын тері сынамасын өткізу керек.

Анафилаксиялық шок: сыныпталуы, негізгі белгілері, шұғыл көмек көрсету алгоритмі
Маргарита Чистякова«Актуалис Медицина» ЭЖ сарапшы редакторы, Цифрлық «ХҚЭДО-Қазақстан» баспасының бірқатар басылымдарының авторы, 1-ші санатты эпидемиолог дәрігер, Алматы қ.
Тексерілетін объектілерде, соның ішінде білім беру ұйымдарында (мектептерде) жасақталған алғашқы көмек қобдишаларының болуы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» ҚР ДСМ және ҰЭМ 2017 жылғы 27 маусымдағы №463/№285 бұйрығымен (2018.31.10 берілген өзгерістермен) регламенттелген.

Анафилаксиялық шок кезіндегі шұғыл жәрдем көрсету алгоритмі

Анафилаксиялық шок: сыныпталуы, негізгі белгілері, шұғыл көмек көрсету алгоритмі
Анафилаксиялық шок кезінде шұғыл жәрдем лезде көрсетілуі керек. Төменде келтірілген тізім емшара кабинеті медбикесінің анафилаксиялық шок кезіндегішұғыл жәрдемінің алгоритмін суреттейді:
  • Дәріні егуді тоқтатып, тескен жерге суық басу керек. Егер дәрі аяқ-қолға егілген болса, антигеннің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін инъекция салынған жерден жоғары жерге бұрау салу керек.
  • Адам есін біле ме, тынысы, қан айналымы қалыпты ма, науқастың тері жағдайы мен салмағын тексеру керек. Реаниматологтар бригадасын немесе жедел жәрдем шақыру керек.

  • Санның енді бұлшықетіне эпинефриннің 0,1% ерітіндісін енгізу керек, қажет болғанда 5-10 минуттан соң қайталау керек. Әдетте гидрохлорид адреналинінің 1-2 инъекциясы жеткілікті болады.
  • Науқасты шалқасынан жатқызып, аяғын аздап көтеріп, басын бұрып, төменгі жағын алға қарай тартып, тіс протездерін (бар болса) алып тастап, оның еркін тыныс алуын бақылау керек. Асфиксия болмау үшін науқасты көтермелемеген және отырғызбаған жөн.
Анафилаксиялық шок кезінде шұғыл жәрдем көрсетудің  барлық әрекеттерін орындағаннан кейін реаниматологтарды күтеді. Жоғарғы тыныс алу жолдары тарылғанда жасанды тыныс алдыру керек болады, кей жағдайларда жүректі тікелей емес уқалау қажет болады. Анафилаксиялық шок туындағанда, алгоритм бойынша орындалған көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×