Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Мақалада Қазақстандағы медқызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу қағидаларының мәні ашылған, еңбекақыны есептеу мысалмен көрсетілген.
ҚР-да медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу ережелері
Медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қағидаларында медициналық персоналдың жалақысын есептеу үшін мөлшері атқаратын лауазымына, орындайтын жұмысының күрделілігіне және тиімділігіне сәйкес келетін БЛА-ға (0,5-тен 5-ке дейін) жоғарылататын дифференциалданған коэффициенттер белгіленген.
Медициналық еңбекке ақы төлеу қоры лауазымдық айлықақылардан, еңбек жағдайларына қосымша ақылардан, сондай-ақ уәждемелік төлемдерден тұрады.
Назар аударыңыз!
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік дайындалғандығы мен біліктілігінің сәйкестігін растау мәселелері
В. А. МихинаСолтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ШЖҚ «1-қалалық аурухана» ҚМК-ның емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушысы
2020 жылдан бастап жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандар үшін еңбектеріне кесімді ақы төлеу жүйесін енгізу жоспарлануда. Бұл медперсоналдың қызметті сапалы көрсетудегі қаржылық қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, сұранысы жоғары мамандар қазіргі жалақыдан 20%-ға көп алады деп күтілуде.
2019 жылдың 1 маусымынан медицина қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жалақысы (дәрігерлер, медбикелер, санитаркалар) орта есеппен 30%-ға көтерілді. Жалақы республикалық бюджет есебінен көтерілді. Сыйлықақылар, өзге де ынталандырушы төлемдер есепке алынбай көтерілді.
Медицина қызметкерінің жалақысын есептеуге мысал
Қызметкерлердің жалақысын есептегенде негізге алынатын, 2019 жылға арналған базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА) 17 697 теңгені құрайды, ең төмен жалақы 42 500 теңгеге тең.
Мемлекеттік денсаулық сақтау кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін төленетін қосымша ақылар «ШЖҚ МК нысанындағы медицина ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекке ақы төлеу және уәждеу туралы» үлгілік ереженің 5-қосымшасына сәйкес тағайындалады.
Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесінің түрлері
М.М. ШайхмалиеваОспанов атындағы БҚММУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің магистранты, Ақтөбе қ.
Г.Н. Ізімбергеновам.ғ.к., М. Оспанов атындағы БҚММУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті, Ақтөбе қ.
Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) – науқастар мен мүгедектерді емдеу және оңалту, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатымен дене шынықтыру құралдарын (дене шынықтыру жаттығуларын) қолданатын медициналық пән.
Толық мөлшерлемемен жұмыс істейтін, 12 жыл жұмыс өтілі бар бірінші санаттағы оталық медбикенің жалақысы қалай есептелетінін қарайық. В3-2 санаты үшін коэффициент 3,68-ге тең. Есептейміз: БЛА-ны коэффициентке көбейтіп, лауазымдық айлықақының сомасын табамыз (17 697х3,68=65 124,96 теңге). БЛА мөлшерінен 150% құрайтын қосымша ақыны табамыз: 26 545,5 теңге шығады. Әрі қарай 65 124,96 + 26545,50 = 91 670,46 теңге. Жалақы 91 670,46 теңге болады.
Медициналық еңбекке ақы төлеуді нормативтік реттеу
ҚР медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеген кезде келесі нормативтік актілерді басшылыққа алу керек:
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 835 ҮҚ-мен бекітілген өзгерістер мен толықтырулармен);
2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-VЕңбек кодексі (2019 жылғы 1 қаңтардағы өзгерістермен);
2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Мемлекеттік мүлік туралы заң;
1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың тізбесі (2010 жылғы 25 мамырдағы өзгерістермен);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы және Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы салалық келісімдер;
Ұйымның ұжымдық шарты;
Жұмыс берушінің актілері (бұйрықтар, өкімдер жіне т.б.).
Медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу туралы бұйрық ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы әзірлеген «ШЖҚ МК нысанындағы медицина ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекке ақы төлеу және уәждеу туралы » үлгілік ережесін басшылыққа алатын және еңбекақы төлеу нысандарын, жалақы мөлшерін және сыйлықақыларды есептеу ережелерін өз бетінше анықтайтын Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға (ШЖҚ МК) таралмайды.
Дәрігерлерге төленугі тиіс нақты ақша сомалары біліктілік комиссиясы шешімінің негізінде кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі.