Руководитель медицинской организации

Дәрігерлер консилиумы: анықтамасы, шақыру себептері мен ережелері, жұмыс істеу тәртібі, хаттама, дәрігерлік комиссиядан айырмашылығы

24 сентября 2019
5
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Дәрігерлер консилиумы
Консилиум

Емдеу барысында емдеуші дәрігер жалғыз өзі шеше алмайтын проблемалар жиі туындайды, сондай уақытта дәрігерлер консилиумын шақыру туралы шешім қабылданады. Әрі қарай мақалада шақыру себептері мен ережелерін, жұмыс істеу тәртібін, хаттаманың жүргізілуін, дәрігерлер консилиумының дәрігерлік комиссиядан айырмашылығын қарастырамыз.

Дәрігерлер консилиумы – бұл диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау, ауруды болжау мақсатында және жақсы нәтижеге жету үшін әрі қарай көмек көрсету тактикасын әзірлеу мақсатында кемінде үш дәрігер бірлесіп науқасты зерттеуі.

Дәрігерлер консилиумын шақыру себептері және ережелері

Консилиум өткізу қажеттілігі туралы шешімді:
  • Консилиумді медұйымның дәрігерлері өткізетін жағдайда сол медұйымның меңгерушісімен келісу бойынша емдеуші дәрігер шығарады.
  • Дәрігердің өтініші немесе құзыретті органның хаты бойынша МҰ басшысы, орынбасары, меңгерушісі немесе жауапты кезекші дәрігер (басшылық болмаған кезде) шығарады - консилиум құрамына шеткері мекеменің мамандары кірген жағдайда.
Дәрігерлер консилиумына көбіне емді жүргізуші дәрігер, аурухананың меңгерушісі немесе басшысы бастамашылық етеді. Отырыс барысында мамандар пациентті мұқият қарап тексереді, кей жағдайда медициналық араласулар орындалады. Отырысқа мамандықтары бірдей не әртүрлі бірнеше дәрігер қатысады (кемінде 3 адам).
Мынадай жағдайларда дәрігерлер консилиумы шақырылады:
1. Қиын ауру кезінде.
2. Ауру ұзаққа созылғанда.
3. Науқастың жағдайы ауыр болғанда.
5. Аурухана режимі бұзылғанда.
6. Пациентке басқа МҰ-дың қосымша көмегі қажет болғанда.
7. Медицина қызметкері мен пациенттің арасында дау мен жанжалды жағдай туындағанда.
Емдеуші дәрігер, жауапты кезекші дәрігер немесе МҰ басшысы консилиумға міндетті түрде қатысу керек. Кей жағдайда отырыс телеконференция режимінде өтеді.
Диагнозды сәйкестендіруде қиындықтар туындағанда, жүргізіліп жатқан ем нәтижесіз болып жатқанда, сондай-ақ басқа да көрсетілімдерде бөлімше меңгерушісі/басшының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары консультация (біліктілігі жоғарылау немесе басқа бейіндегі маманның пациентті қарауы) немесе көрсетілімдер бойынша республикалық деңгейдегі маман да кіретін дәрігерлер консилиумын (біліктілігі жоғарылау бір бейіндегі немесе басқа бейіндегі кемінде үш маманның қатысуымен пациентті қарауды және диагноз қою, емдеу тактикасын анықтау және ауруды болжау мақсатында пациентті қосымша қарап зерттеуді өткізу) ұйымдастырады.
Кешкі, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері – консультацияны немесе консилиумды денсаулық сақтау ұйымының жауапты кезекші дәрігері ұйымдастырады.
Науқастың денсаулығына қауіп төніп, шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда дәрігерлер консилиумы пациенттің немесе оның қамқоршысының келісімінсіз емдеу бойынша шешім қабылдау үшін жиналады. Отырыс емдеу мекемесінің ішінде, сол сияқты сыртында да жиналады (осы ұйымның немесе шеткері ұйымның мамандарымен).
Медициналық көрсетілімдер бойынша өмірлік маңызы бар функцияларына тұрақты мониторинг жүргізілуі тиіс ауыр науқасты қажетті аспаптармен және зерттеулермен сүйемелдеу мүмкіндігі болмаған жағдайда дәрігерлер консилиумының шешімімен және денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының ескертуімен бұл пациент халін тұрақтандырғаннан кейін әрі қарай зерттеп емдеу үшін ауру бейіні бойынша басқа медицина ұйымына ауыстырылады. Өте күрделі жағдайлар туындаған жағдайда медициналық қорытынды шығару үшін және диагнозды анықтау үшін бас дәрігерлер консилиумы ұйымдастырылады.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Дәрігерлер консилиумының жұмыс істеу тәртібі

Дәрігерлер консилиумы: анықтамасы, шақыру себептері мен ережелері, жұмыс істеу тәртібі, хаттама, дәрігерлік комиссиядан айырмашылығы
Қатысушылар нақты шешімге дауыс беріп, дауыстардың көпшілігімен ортақ шешім қабылдап, оны дәрігерлер консилиумы хаттамасына енгізеді де қатысушылардың қолдарымен бекітеді. Егер дәрігерлердің бірінде жағдай бойынша басқалардың пікіріне ұқсамайтын ерекше пікірі болса, оны да хаттамамен бекітеді. Кейде дәрігерлер консилиумына, ауру сипатын дұрыс түсінуге көмектесуі мүмкін жағдайларда медицинаға қатысы жоқ мамандарды шақырып жатады. Қорытындысы бойынша қажетті нәтиже болмаған жағдайда (тағайындалған ем күтілген нәтижені бермеген кезде) консилиум қайта өткізіледі.
Консилиум қорытындысына консультант (консилиум мүшелері) жауап береді. Басшы шығарылған шешімнің орындалуына жауап береді. Консилиум қорытындысы бойынша науқасты басқа МҰ-ға ауыстыру керек деген шешім қабылданса, ауыстырылуына науқас қай ұйымнан ауыстырылып жатса, сол ұйымның басшысы жауапты болып тағайындалады. Науқасты қабылдаушы МҰ басшысы пациентті барлық ереже бойынша қабылдап, тиісті емін қамтамасыз етуге тиіс.

Дәрігерлер консилиумының хаттамасы

Дәрігерлер консилиумының шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Ол пациенттің медициналық құжатына (картасына не ауру тарихына) енгізіледі. Пациенттің отырыста болу/болмауы да хаттамада белгіленеді.
Дәрігерлер консилиумы хаттамасының үлгісі Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген. Онда қатысушылардың аты-жөндері, жиналу себебі, сырқаттың түрі, шығарылған шешім қамтылады.
Дәрігерлер консилиумы: анықтамасы, шақыру себептері мен ережелері, жұмыс істеу тәртібі, хаттама, дәрігерлік комиссиядан айырмашылығы

Телемедицина режиміндегі дәрігерлер консилиумдары

Қазақстанның нейрофизиологтары мен неврологтары қауымдастығы 2010 жылдың 11 қарашасынан бері телемедицина режимінде Республикалық кеңейтілген консилиумдарды ұдайы өткізіп жүр. Қазақстанның жетекші мамандары кез келген қаладағы пациентке толық консультация беруде. Кеңейтілген Республикалық дәрігерлер консилиумында Қазақстанның кез келген елді мекенінде және басқа да республикада орын алған жағдай қаралуы мүмкін.

Дәрігерлер консилиумының дәрігерлік комиссиядан айырмашылығы

Дәрігерлер консилиумы ұғымын дәрігерлер комиссиясымен жиі шатастырып жатады. Алайда бұл 2 ұғым бір-біріне ұқсамайтын және мақсаттары әртүрлі ұғым екендігін түсіну қажет. Дәрігерлік комиссияның мақсаты – медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру, денсаулық сақтаудың ең күрделі мәселелері бойынша шешім қабылдау, еңбекке қабілетсіздікті және оның дәрежесін белгілеу.
Дәрігерлік комиссияға құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері және осы ұйымда жұмыс істейтін маман дәрігерлер кіреді. Оның қажет болған ғана жиналатын дәрігерлер консилиумынан айырмашылығы - ол тұрақты негізде жұмыс істейді. Сондай-ақ комиссия еңбекке қабілетсіздікті белгілесе, консилиум диагнозды нақтылап, ем тағайындайды. Дәрігерлер консилиумына басқа МҰ мамандары да қатысуы мүмкін.
Дәрігерлік комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес бекітіледі.
Дәрігерлер консилиумының құрамы пациенттің денсаулық жағдайының ерекшеліктеріне қарай өзгеруі мүмкін.

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз


 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×