Руководитель медицинской организации

Қазақстандағы мүгедектік: аурулардың тізбесі, санаттар, ресімдеу қағидалары

28 августа 2019
5
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Қазақстандағы мүгедектік: аурулардың тізбесі, санаттар, ресімдеу қағидалары

Мүгедектік – бұл еңбекке қабілетсіздіктен айырылу жағдайы. Мүгедектікті қандай ауруларда береді, мүгедектіктің санаттары, оны ресімдеу қағидалары, медициналық-әлеуметтік сараптама қандай мән береді және ол неге әкеледі – әрі қарай қарастырамыз.

«Қазақстандағы мүгедектік» ұғымы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік деп адам денсаулығының ауыр бұзылыстары, оның тіршілік әрекетінің бұзылуы, мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуі түсініледі.
Мүгедектікті беруге негіз болатын нақты жазылған аурулардың тізбесі бар. Бұл аурулар адамды күнделікті өмірде шектеп, оған белгілі бір қиындықтар келтіреді.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін комиссия қажетті мүгедектік тобын беріп, тек диагнозға емес, сонымен бірге ауру жағдайындағы адам өмірінің толықтығына баға береді.
Пациент халін әрдайым қисынды бағалай алмайтындығына қарамастан, ол осы комиссияның шешімімен келіспеуге және халіне қатысты нақты түсініктемелер беруін талап етуге құқылы.
Пациенттің Қазақстан Республикасындағы мүгедектікке арналған аурулардың толық тізбесімен танысуға заңды құқығы бар.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асыру

Қазақстандағы мүгедектік: аурулардың тізбесі, санаттар, ресімдеу қағидалары
А. Хабаева Эпидемиолог дәрігер, сарапшы дәрігер, Алматы қ.
2016 жылдан басталған Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикасы бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайызы жалпы ел халқының 10 % -нан асып кетті және жыл сайын өсуде, осыған орай азаматтарымыздың өмір сапасын, тұрмыстық және әлеуметтік бейімделуін жақсарту мәселесі өте көкейкесті мәселе болып қала беруде.

Мүгедектік бойынша берілетін санаттар

Санаттарды мемлекеттен белгілі бір жеңілдіктерді алуға негіз бен құқық беретін мүгедектік топтары бойынша бөледі. Мүгедектік тобы медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу барысында белгіленеді. Зерттеп қарау көлемі мен оның негізділігі зерттеп қарауға жолдама берген медицина ұйымының дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) төрағасының құзыретіне кіреді.
Бірінші топтағы мүгедектік адамның әрекетке қабілеттілігінің елеулі шектеулері бар деген шартпен белгіленеді.
Олардың ішінде:
  • өзіне-өзі қызмет көрсете алмау немесе оның үшінші дәрежедегі шектелуі;
  • қозғалудың, кеңістікте бағдарланудың қиын болуы;
  • коммуникацияның және тілдесудің шектелуі;
  • өзін және өзінің мінез-құлқын басқара алмаушылық.
Мүгедектіктің екінші тобын алуға негізгі өлшемшарт – адам ағзасының қызметі бұзылу нәтижесінде әрекетке қабілеттіліктің шектелуі. Салдарынан адам мынадай қабілеттерінен айырылады:
  • кеңістікте қозғалу және бағдарлану;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету (екінші дәрежесі);
  • еңбекке қабілеттілік;
  • оқуға қабілеттілік (екінші немесе үшінші дәрежелері);
  • тілдесуге қабілеттілік (екінші дәрежесі);
  • өзін-өзі басқаруға қабілеттілік (екінші дәрежесі).
Мүгедектіктің үшінші тобы адамда өзіне-өзі қызмет көрсетуде, қозғалуда және еңбекке қабілеттілікте бірінші дәрежедегі шектеулер, сондай-ақ тілдесу, оқу, кеңістікте бағдарлану және өзін-өзі басқару қабілеттерінен айырылғандығы анықталған жағдайда беріледі.

Мерзімсіз мүгедектік ұғымы

Жазылмайтын ауруларда мерзімсіз мүгедектік беріледі. Оны жүргізілген медициналық-әлеуметтік сараптаманың нәтижелері бойынша әрекетке қабілетсіз азаматтардың тобына береді. Аурулар тізбесіне оңалту барысында емделуі немесе азайтылуы мүмкін емес қиын аурулар кіреді.
Мерзімсіз мүгедектікті беру мәселесін әлеуметтік сараптама мамандары аса жеке тәртіппен қарайды.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Мүгедектікті ресімдеу қағидалары

Пациенттің барлығына өмір бойғы мүгедектік тобын белгілей бермейді. Оған негіз беретін Қазақстандағы мүгедектік ауруларының тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығында қамтылған.
Өмір бойғы мүгедектік тобын алу үшін сырқат пациентке толыққанды өмір сүру мүмкіндігін бермей жатқандығын дәлелдеу керек. Ол үшін адамға бірнеше әрекетті жасау керек.
  1. Стационарға жолдама алу үшін учаскелік дәрігерге бару керек.
  2. Емдеуден өту керек, ол аяқталғанда дәрігер диагноз қойып, ағза қызметтерінің бұзылу дәрежесін анықтайды.
  3. Учаскелік дәрігердің зерттеп тексеруінен өтуге жолдайтын бланк алу керек.
  4. Тұрғылықты жері бойынша медицина ұйымының ДКК-на жүгіну керек. Тіршілік әрекеті шектелгендігі анықталғанда адам комиссиядан медициналық әлеуметтік сараптамаға жолдама алады, онда оған мүгедектікті және оның тобын белгілейді.
Мемлекет жүзеге асыратын мүгедектерді әлеуметтік қорғау мыналар арқылы көрініс табады:
  • оларға мемлекет бөлетін әлеуметтік жәрдемақыларды беру;
  • тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  • оларға жұмыс орындарын қамтамасыз ететін ерекше квоталарды белгілеу (барлық орын санынан кемінде үш пайызын);
  • жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту.
Егер дәрігер медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсыным немесе жолдама бермей жатса, пациент медицина ұйымының басшылығына жүгінуге құқылы. Өзімен бірге зерттеулердің нәтижелері және ауру тарихынан үзінді көшірмелер болу керек. Сонымен бірге медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен танысқан жөн.
Қазақстандағы мүгедектік: аурулардың тізбесі, санаттар, ресімдеу қағидалары

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Мүгедектік тобын алатын азаматтарға нені білу қажет

Әлеуметтік қорғауды қадағалайтын арнайы департамент мүгедектікпен байланысты жәрдемақылар мен төлемдердің барлығын тағайындайды. Жәрдемақы алуға талаптанушы адамдарға қажетті құжаттарды жинап, тиісті өтініш жазу керек.
Төлем бойынша шешім өтініш берілген сәттен он күн ішінде қабылданады.
Жәрдемақы мүгедектік басталған жағдайда, қызметке жүгіну сәтінде жұмыстың тоқтағандығына немесе жалғасып жатқандығына қарамастан, тағайындалады.
Уәкілетті орган төлемдер есептелетін мүгедектік кезеңін белгілейді.
Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда да жәрдемақы төлемінің жаңа мөлшері белгіленеді.
«Медицина ұйымы басшысы» журналынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                  
заберите Ваш подарок!             

Доступ к журналу                  
«Руководитель медицинской организации»