Коммуникативтік құзыреттілік – бұл тұлғаның сәтті әлеуметтену процесіне көмектесетін маңызды сапалық сипаттамасы. Әрі қарай мақалада коммуникативтік құзыреттіліктің көрінісі қандай болатындығын, оның құрылымы мен ұғымын қарастырамыз.
Коммуникативтік құзырет деген не
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасай алуы тек қарым-қатынастың сапасына ғана емес, сонымен бірге бүкіл жұмыстың нәтижелілігіне де ықпал етеді. Коммуникативтік құзыреттің нәтижелілігі осыдан көрінеді. Оның көмегімен жетістікке жетуге, мансаптың жоғарылауына және тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі көтерілуіне жағдай жасалады.
Коммуникативтік қарым-қатынаста интерактивті дағдылар – қарым-қатынас дағдылары маңызды рөл атқарады. Бұл тілдесу стилдерін, өзара әрекеттесу рөлдері мен тактикаларын басқару. Интерактивті біліктер әңгімелесуші адамды басқара алу, онымен әрекеттесу стратегиясын дұрыс таңдай алу, команданың интеллектуалды қызметін басқара алу, сондай-ақ жанжалдар мен даулы жағдайларды шеше алу біліктері арқылы көрініс табады.
Медперсоналға коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын оқыту

- Тиімді қарым-қатынасты психотерапевтік әсердің әдісі ретінде қолдану.
- Пациентпен тиімді қатынас жасаудың әрекеттер жоспары.
- «Дәрігер-науқас немесе оның туысы» қатынас.
Кейде коммуникативтік құзыреттердің болмауы жұрт алдына шығудың, емтихан тапсырудың алдында және тіпті әңгімелесуден өтудің алдында адамдарда қорқыныш сезімін тудырады. Коммуникативтік құзыреттерді меңгеру өзіне сенімді болу сезімін береді, жағдаяттарда тез бағдарлануға көмектеседі, түрлі мәртебелік-рөлдік позицияларда нәтижелі әрекеттесе алу және әлдебір ұжымда жоғары мәртебеге ие болу қабілетін береді.
Коммуникативтік психология
2008 жылы медициналық жоғары оқу орындарының барлығы коммуникативтік дағдылар пәнін енгізді. Дәрігер кәсібі ең коммуникативті кәсіптерге жатады және оның нәтижелі жүзеге асырылуы оның және пациенттің арасындағы тұлғааралық коммуникацияның сапасына байланысты. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесіндегі коммуникативтік психологияны түсінудің маңызы зор.
Дәрігерлердің коммуникативтік психологияны меңгеру процесі көптеген факторлармен негізделеді:
-
Дәрігер пациенттердің «интимдік аймағында» тұрады да, сонысымен олардың күйзелісін және спихологиялық қорғанысын тудырады.
-
Пациентпен тікелей байланысу.
-
Қорқып және үрейленіп тұрған адамдармен жұмыс істеу.
-
Білім деңгейлері және мәдениет белгілері әртүрлі пациенттермен әрекеттесу.
-
Пациентті сендіріп, ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату қажеттілігі.
-
Кейін қызметіне жүгінгісі келетін дәрігердің имиджін жасау қажеттілігі.
Медициналық бикеге пациентпен жұмыстағы коммуникативтік дағдылар бойынша ұсынымдар
Медициналық бике өз жұмысында тиімді жемісті қарым-қатынас үшін белгілі бір ережелерді пайдаланады, оларды қолдану өзі мен пациенттің арасындағы өзара қатынастарды орнатуға көмектеседі. Медициналық бике бірнеше маңызды тәсілдердің көмегімен сенім мен ынтымақтастықтың байсалды, құрметті, достық пейілді ахуалын жасай және сақтай алады
Коммуникативтік құзыреттілік – бұл адамдардың арасындағы нәтижелі және жанжалсыз әрекеттестік, әсіресе дәрігер мен пациенттің арасындағы өте маңызды әрекеттестік. Емдеу жұмысында ерекше байланыс қалыптасады, себебі ол психологиялық және эмоциялық факторлардан қалыптасады. Негізінен, коммуникативтік құзыреттілік – бұл дәрігердің, сол сияқты медбикенің кәсіби маңыздылығы.
Дәрігерлік практикадағы әдеп пен деонтологияның мәні

- Коммуникацияның мәні мен түрлері.
- Сенімге құрылған қарым-қатынастың психологиялық негіздері.
- Қарым-қатынастың коммуникативтік құрамы.
- Өзара әрекеттесу стильдері.
- Қарым-қатынастағы естілім.
Медицинадағы тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігі
Кез келген жұмыста психикалық факторларды есепке алу керек. Науқастармен жұмыс істеу барысында дәрігерлер түрлі кедергілерге жиі тап болады. Дәрігер уақыт жетіспейтін және жұмыс көп жағдайда науқастармен тереңінен айналысуға мәжбүр. Сондықтан, тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін (біздің жағдайда дәрігер немесе медбике) қарым-қатынас жасаудың психологиялық дағдыларын үнемі жетілдіріп тұру керек.
- «Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығы
- «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығы
Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз