Руководитель медицинской организации

Үздіксіз медициналық білім беру: оқу орындарының негізгі бағыттары мен тізімі

12 сентября 2019
0
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Үздіксіз медициналық білім беру
Үздіксіз медициналық білім беру

Материалда үздіксіз медициналық білім беру ұғымы, оның негізгі қағидаттары баяндалады, Қазақстанның медицина мамандарын үздіксіз кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары көрсетілген.

Үздіксіз медициналық білім беру деген не

Қазақстанда медициналық персоналға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беріледі. Білікті ұдайы жетілдіру, медицина саласындағы ең жаңа жетістіктерді меңгеру процесін үздіксіз медициналық білім беру деп айтады.

Үздіксіз кәсіптік даму – бұл медициналық кадрлардың біліктілігін көтеру проблемасының жаңа шешімі, бұрын біліктілікті көтеру институттары негізінде және ҚР академиялық медициналық жоғары оқу орындары жанында іске асырылып жүрді. Бүгінде ҮКД дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі даярлық аяқталғанда басталып, әрбір медицина қызметкерінің бүкіл кәсіптік өмірі бойы жалғасатын, өзін-өзі үздіксіз оқыту процесін білдіретін білім алу кезеңі болып табылады.

Үздіксіз медициналық білім беру жүйесі мамандарды қалыптастырады, оларды өзгерген еңбек жағдайларына бейімдейді, қосымша білім береді, оқудың екі құрамдас бөлігін – теория мен практиканы байланыстырады, алған білімдеріне саналы түрде қарауды, оларды өзгерген өндірістік жағдайларда қолдануды үйретеді, осылайша практикалық денсаулық сақтауды жетілдіреді, кәсіптік міндеттеме ретінде қаралады және медициналық көмек сапасын көтеруге алғышарт болып табылады.

Үздіксіз медициналық білім берудің негізгі бағыттары

Үздіксіз медициналық білім беру медқызметкерлердің кәсіби білімдерін көтеру, жаңарту және қалпына келтіру әдісі деп қаралады.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласында білім беру қызметінің негізгі бағыттары – кадрларды даярлау, жұмыс істеп жатқан мамандардың біліктілік деңгейін көтеру, медициналық персоналдың жетіспеушілігін жабу.

Негізгі білім беру сатысын (институтты, университетті) аяқтағаннан кейін дәрігерлер интернатурада, резидентурада, магистратурада, докторантурада білім алуын жалғастырады.

Әрі қарай даму үшін халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ең үздік шетелдік жоғары оқу орындарында оқу, негізгі проблемаларға бағдарланған қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын енгізу, практикалық дәрігерлердің және орта медперсоналдың дағдыларын жетілдіруге арналған өңірлік симуляциялық орталықтарды құру көзделген.  

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



ҚР-да мамандарды сертификаттау

Клиникалық практикаға тиісті сертификаты бар маманның басқаруында рұқсат берілетін резидентура тыңдаушыларынан басқа, жеке тұлғаға тиісті маман сертификатынсыз клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласында сертификаттау клиникалық практиканы жүзеге асыратын барлық мамандар үшін міндетті. Сертификаттаудың мақсаты – медициналық білімі бар адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын анықтау және оларға клиникалық практикаға рұқсат беру. Кәсіби даярлық бағасының нәтижелері оң болғанда және біліктілігінің сәйкестігі расталғанда маманға клиникалық практикамен айналысу құқығын беретін тиісті сертификат беріледі.

Кәсіби даярлық – медицина қызметкерінің беделін көтерудің маңызды факторы

Майра Үкібай м.ғ.к., ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК
сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі
«Кәсіби даярлық – медицина қызметкерінің беделін көтерудің маңызды факторы» бейнесінен

Медицина қызметкерлерін сертификаттағанда тиісті біліктілік санаты берілуі, сол сияқты берілмеуі мүмкін. 

Біліктілік санатын беру мақсатындағы маманды бағалау рәсімі ерікті рәсім, медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік деңгейін анықтау үшін өткізіледі.

Кәсіби даярлығының бағасы оң болғанда және біліктілікке сәйкестігі расталғанда маманға біліктілік санаты берілгендігі туралы куәлік беріледі және ол санатқа (жоғары, бірінші немесе екінші) байланысты жалақыға қосымша ақы төлеуге негіз болады.  

Үздіксіз медициналық білім беруді жүзеге асыратын оқу орындары

Мемлекеттік білім беру тапсырысының аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (интернатура және резидентура факультеті) үздіксіз медициналық білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады, магистранттарды, PhD докторанттарын, интерндер мен резиденттерді оқытады. 

Үздіксіз медициналық білім беру кафедралары бюджеттік және шарттық негізде қабылдайды.

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің дипломнан кейін білім беру институты медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге тереңдетілген қосымша білім беруді жүзеге асырады.

ҚазМҮББУ бүкіл білім беру циклын: бакалавриат пен интернатураны, резидентура, магистратура, докторантура және қосымша білім беруді қамтиды. Үздіксіз медициналық білім беру 65 мамандық бойынша жүзеге асырылады. Жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 10 000 адам үздіксіз медициналық білім беру курсынан өтеді.

Үздіксіз медициналық білім беру курстарын өткізу қызметтерін түрлі, мемлекетке тиесілі, сол сияқты жекеменшік аккредиттелген ұйымдар ұсынады. Мәселен, толықтай мемлекет қатысатын «Астана оқу-клиникалық орталығы» жоғары және орта медициналық білімі бар мамандарға арнап қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді білім беретін үздіксіз медициналық білім беру бағдарламаларын ұдайы өткізеді.

«Медицина ұйымы басшысы» және «Аға медбике» журналдарынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×