Руководитель медицинской организации

Медициналық көмек стандарттары: тиімділік көрсеткіштері, мақсаттары, стандарттардың сыныптамасы

13 сентября 2019
16
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Медициналық көмек стандарттары
Медициналық көмек стандарттары

Сіздер Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің негізгі буыны туралы білесіздер. Қандай медициналық көмек стандарттары бар, олардың мақсаттары мен түрлері, олар медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының кепілдігін іске асыруға қалай ықпал етеді.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің көрсеткіштері

Медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің тиімді жұмыс істеу көрсеткіштері болып танылады. Соңғы жылдары медициналық көмек стандарттарын әзірлеу және енгізу денсаулық сақтау жүйесінде сапаны қамтамасыз ету жүйелерін дамытудың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Медициналық көмек стандарты деген не?

Медициналық көмек стандарты – ұсыну жиілігі мен еселігі көрсетілген диагноз қою және емдеу рәсімдерінің тізімін, қолдану жиілігі, пациенттің орташаланған моделіне (жынысы, жасы, нозологиялық түрі, фазасы, ауру ағымының сатысы) қатысты шамамен алынған күндік және курстық дозалары көрсетілген дәрілік препараттардың тізімін қамтитын нормативтік құжат. 

Өзекті мәселе

Стандартты операциялық рәсімдер медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

Медициналық көмек стандарттары: тиімділік көрсеткіштері, мақсаттары, стандарттардың сыныптамасы
Д. С. Мақажанова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы,
«Бас медбике» журналының сарапшысы,
эпидемиолог дәрігер, Алматы қ.
Стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі – СОР) – бұл құжатпен ресімделген нұсқаулықтар мен медициналық персоналдың жұмыстық рәсімдерді орындауы бойынша алгоритмдер.

Медициналық көмек стандарттарының мақсаты

Денсаулық сақтауды стандарттаудың мақсаты – профилактикалық және емдік-диагностикалық іс-шаралардың сапасын арттыру, халық денсаулығын сақтау және көтеру мәселелерін шешу.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Медициналық көмек стандарттарының сыныптамасы

Медкөмек стандарттары келесідей сыныпталады:

Түрлері бойынша:

  1. Денсаулық сақтау ресурстарына арналған стандарттар заң күшіне ие, олардың көбі ұлттық немесе халықаралық деңгейге ие;

  2. МҰ мен медициналық қызметтерді ұйымдастыру стандарттары (денсаулық сақтау ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру жүйелеріне қойылатын стандарттар). Олар басқару жүйелеріне, емдеу процесін, ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, медкөмек сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйелеріне қатысты;

  3. Технологиялық стандарттар (медкөмек көрсету процесін регламенттейтін стандарттар). Ұсынбалы, сол сияқты заңнамалық сипатқа ие; 

  4. Медициналық көмек бағдарламаларының стандарттары (ауру сипаты, жастары, жыныстары, әлеуметтік мәртебесі, кәсібі, еңбек жағдайлары және т.б. бойынша біріктірілген жекелеген халық топтары үшін жүзеге асырылатын шаралар кешенін регламенттейді). Әдетте заңнамалық стандарт болып табылады;

  5. Медициналық-экономикалық стандарттар (медқызметтер құнымен қиыстырылған емдеу диагностикасы стандартын қамтиды). Ұсынбалы сипатқа ие;

  6. Кешенді стандарттар (МҰ қызметін регламенттейтін құрылымдық-ұйымдастырушылық, технологиялық стандарттар мен ұйымдастыру бағдараламалары стандарттарының жиынтығы).


Медкөмек стандарттары әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай мынадай болады:

  • халықаралық – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген стандарттар;

  • мемлекеттік – жалпы Қазақстан Республикасы үшін қолданылады;

  • аумақтық – әкімшілік-аумақтық бірліктер үшін қолданылады;

  • жергілікті – МҰ аясында жасалып, осы ұйымдардың барлық медқызметкері үшін міндетті болып табылады.

 


Кәсіптік қағидаты бойынша:

  1. Диагностикалық стандарттар (диагностикалық іс-шаралардың көлемін айқындайды);

  2. Емдік-технологиялық стандарттар (емдеу іс-шараларының тізімін айқындайды);

  3. ем сапасының стандарттары (іске асырылатын іс-шаралардың белгіленген емдік-диагностикалық стандарттарға сәйкестігін айқындайды);

  4. Медициналық-экономикалық (медициналық сақтандыру жүйесінде баға белгілеу механизмін айқындайды және диагностикалық, емдік-технологиялық стандарттарға негізделеді);

  5. Медициналық-техникалық стандарттар (емдік-диагностикалық іс-шараларды орындау, дәрілік заттарды, медициналық техниканы дайындау жағдайлары);

  6. Ғылыми-медициналық (ем диагностикасының жаңа тәсілдерін әзірлеу тәртібін белгілейді);

  7. Кәсіптік (медқызметкердің кәсіптік қасиеттерін айқындайды).

Аталған сыныптама толық сыныптама болып табылмайды, толықтырылуы мүмкін.

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×