Руководитель медицинской организации

Денсаулық сақтауды қаржыландыру: қаржыландыру көздері, қаржыны бөлудің негізгі бағыттары, ҚР-дағы ДСДРО саясаты

12 сентября 2019
13
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Денсаулық сақтауды қаржыландыру
Денсаулық сақтауды қаржыландыру

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру проблемасы қашанда өзекті болады, себебі бұл фактор көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Әрі қарай ҚР денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көздері және қаржы қаражатының негізгі бағыттары жайында айтамыз.

Басқа салалар сияқты денсаулық сақтау саласы да мұқият реттелген жүйесіз және қаржыландыру көздерінсіз дами алмайды, дұрыс жұмыс істей алмайды.

ҚР-дағы денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес, денсаулық сақтауды қаржыландыру көздеріне мыналар жатады:

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың теңдестірілген және тұрақты жүйесін жасау үшін, мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақты қатысуына негізделген медициналық көмек көрсету кепілдіктері мен міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) енгізілді.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Осыған орай, 2015 жылдың 16 қарашасында ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары қабылданды.

Қаржыны бөлудің негізгі бағыттары

Денсаулық сақтау жүйесінің қарауындағы қаржыны бөлудің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • МҰ-ны материалдық, сол сияқты техникалық аспаптармен жабдықтау;

  • халыққа медициналық көмекті сапалы көрсетуге қажетті медтехника, дәрілер және тағы басқа бұйымдарды сатып алу;

  • тегін медициналық көмек көрсету жағдайында денсаулық сақтау субъектілері қызметінің ақысын төлеу;

  • инфекциялық эпидемияны жою және профилактикалау;

  • кадрлар дайындау;

  • ғылыми саланы дамыту;

  • азаматтарға медициналық көмек көрсету;

  • басқа шығындар.

Мемлекет 2019 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржымен қамтамасыз етуге 970 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. 2020 жылы мемлекеттің халыққа медициналық көмек көрсетуге жұмсайтын қаражаты 16,6 %-ға артып, 1 трлн 134 млрд теңгеден көп болады.

Назар аударыңыз!

Денсаулық сақтау саласында 2018 – 2019 жж. қолданысқа енгізілген ҚР НҚА тізімі

Денсаулық сақтауды қаржыландыру: қаржыландыру көздері, қаржыны бөлудің негізгі бағыттары, ҚР-дағы ДСДРО саясаты
Маргарита Чистякова «Актуалис Медицина» ЭЖ медицина жөніндегі сарапшы редакторы, «ХҚЭДО-Қазақстан» цифрлық баспаның бірқатар басылымдарының авторы, Алматы қаласының 1-санатты эпидемилог дәрігері

Қазақстандағы ДСДРО саясаты

ҚР денсаулық сақтау саласын қаржыландыру саясатын дамыту және жетілдіру, сапалы зерттеу және алынған нәтижелерді денсаулық сақтау экономикасына тиімді енгізу – ДСДРО – Денсаулық сақтауды Дамыту Республикалық Орталығының басты басымдықтары.

Соңғы екі жылдың ішінде ДСДРО денсаулық сақтауды мемлекеттік қыржыландыруды жетілдіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар оның дамуына елеулі үлес қосты.

Оларға мыналар жатады:

  1. МӘМС есебін және оны енгізу іс-шараларын жүргізу; 

  2. Ауылдардағы денсаулық сақтау қызметінің және онкологияның ақысын төлеу мүмкіндіктерін әзірлеу;

  3. ТМККК саласында 2011 – 2015 жж. кезеңінде қаржының бөлінуіне талдау жүргізу;

  4. Медициналық қызметтер үшін бірге төлеу мәселесін қарау;

  5. Медицина саласындағы мамандардың жалақысын көтеру туралы ұсыныстарды әзірлеу;

  6. Медицина саласында қор ұстауды жетілдіру;

  7. Медицина саласын жақсарту жобасын іске асыру әдістемелерін әзірлеу;

  8. «Денсаулық сақтау саласын халықты медициналық көмекпен жалпы қамтумен қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру реформалары» ынтымақтастығы тақырыбы бойынша халықаралық конференция;

  9. Медициналық инфляция деңгейін бағалау және талдау әдістерін енгізу;

  10. 2016, 2017 және 2018 жылдардағы медицина саласындағы мамандардың жалақыларының мөлшерін талдау;

  11. Медицина қызметкерлерінің жалақыларын көтеру мақсатында пилоттық жобаны енгізу жолымен 16 мекемеде операциялық менеджментті дамыту. Медмекемелерде көрсетілетін ақылы қызметтерді талдау және реттеу;

  12. Жыл сайын Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру және оларды жетілдіру жұмыстарын өткізу.

Толығырақ «Медицина ұйымының басшысы» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×