Руководитель медицинской организации

Шипажайлық-курорттық карта: Қазақстанда тағайындалуы және дұрыс ресімделуі

15 октября 2019
4
Средний балл: 5 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Шипажайлық-курорттық карта
Шипажайлық-курорттық карта

Қазақстанда шипажайлық-курорттық картаны қалай алады, оны қалай дұрыс ресімдейді және оны алу үшін қандай талдаулар тапсыру керек, – мақалада осындай және тағы басқа мәселелер қаралады.

Шипажайлық-курорттық карта 072е нысаны

Жыл сайын Қазақстанда 400 000-нан астам адамға ота жасалып, олар қалпына келтіру еміне мұқтаж болады.

Еліміздің аумағында ондаған шипажайлар, пансионаттар, сауықтыру орталықтары және емдеу-сауықтыру бейініндегі профилакторийлер бар. Шипажайда ауру бейініне сәйкес сауықтыру емін алу үшін шипажайлық-курорттық картаны ресімдеу керек.

Шипажайлық-курорттық карта шипажайлық-курорттық емге жолдамасы бар адамдарға ресімделеді.

Шипажайлық-курорттық карта қанша уақытқа жарамды

Шипажайлық-курорттық картаның (№ 072/е нысаны) әрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап 2 ай.

Шипажайлық-курорттық картаны алуға, әсіресе қосымша тексерулер тағайындалған кезде, бірнеше күн кетуі мүмкін екендігіне назар аударыңыздар, сондықтан терапевтке шипажайға кетуге кемінде 10 күн қалғанда барған жөн.

Қазақстанда шипажайлық-курорттық картаны толтыру үлгісі

Шипажайлық-курорттық карта «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ресімделеді. Шипажайлық-курорттық картаның бланкісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген.

Шипажайлық-курорттық карта (№ 072/е нысаны) – бұл шипажайлық-курорттық мекемелерде терапиядан өту мақсатында А5 бланкісінде ресімделетін медициналық құжат. Пациенттің негізгі ауруларын жазатын картаны учаскелік жалпы практика дәрігерінде немесе тіркеу орны бойынша емханадағы терапевтте ресімдейді.

Оны медұйымда сақтау мерзімі – «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ДСМ 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-48 бұйрығына сәйкес 3 жыл.

Шипажайлық-курорттық карта: Қазақстанда тағайындалуы және дұрыс ресімделуі
Алтай ИмбергеновBрач-терапевт, г. Алматы
Консультацияларды қалай дұрыс және негізбен тағайындау керек? Оларды айыппұл санкциялары салынбау үшін пациенттердің өтініші бойынша қалай ұйымдастырады және бейінді маманның қабылдауына жолдаманы қалай дұрыс жазып береді, ұсынымдардан осылар жайында біліңіздер.

Шипажайлық-курорттық картаға қандай талдаулар қажет

Карта алу үшін дәрігер талдауларды (ЖҚТ, ЖНТ) тапсыруды, ЭКГ, флюорографияны, құрсақ қуысы ағзаларын немесе бүйректерді УДЗ (сәйкес аурулары болған жағдайда) тағайындауы мүмкін, әйелдерге гинекологтың консультациясы, балаларға энтеробиозды тексеру талдауы қажет болуы мүмкін. Кейбір шипажайларда 072 е шипажайлық-курорттық картасы келгеннен кейін ресімделуі мүмкін, мұндай жағдайда талдаулардың және дәрігерге көрінудің құны прейскурант бойынша төленеді.

Картаны ресімдеп жатқан уақытта ем алуға болмайды, сондықтан құжатты алу рәсімін алдын ала – жолдаманың әрекет етуі басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын бастаған дұрыс.

Карта шипажайлық немесе амбулаториялық-курстық емге берілген жолдаманы ұсынған кезде беріледі. Бұйрық бойынша шипажайлық-курорттық картаны емдеуші дәрігер мен бөлімше меңгерушісі куәландырады, құжатқа медициналық мекеменің дөңгелек мөрі қойылады.

Шипажайлық-курорттық карта: Қазақстанда тағайындалуы және дұрыс ресімделуі
А.А. Имбергенов Терапевт дәрігер, Алматы қ.
  • Комиссияға кіші комиссиялар қай уақытта қажет
  • Комиссия қандай құжат бойынша жұмыс істейді
  • Дәрігерлік комиссия туралы ереже
  • Комиссия құрамына кімді қосады
  • Комиссия жұмысын қалай ресімдейді

Картада науқастың шағымдары, анамнез деректері, бұрын алынған ем түрлері, соның ішінде шипажайлық-курорттық ем, жүргізілген зерттеулердің күндері көрсетіліп, нәтижелері қысқаша сипатталады. Дәрігер негізгі ауруды және ілеспе диагноздарын көрсетеді.

Қазақстандағы шипажайлық-курорттық картаның жүргізілген рәсімдер, антропометриялық көрсеткіштердің динамикасы, соматикалық мәртебедегі өзгерістер туралы және т.б. ақпарат қамтылған міндетті қосымшасы тұратын жері бойынша емханаға қайтарылуы тиіс.

Шипажайлық-курорттық картаны мемлекеттік емханалардан басқа жекеменшік медициналық орталықтарда да ресімдеуге болады.

Шипажайда шипажайлық-курорттық картадан басқа, болған жағдайда, зейнеткерлік немесе қызметтік (ҚР ІІМ қызметкерлері үшін) куәлікті ұсыну керек.

«Медицина ұйымы басшысы» және «Аға медбике» журналдарынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×