Қазақстанда медициналық қызмет көрсету шарты: ақылы медициналық қызмет көрсету шартының үлгісі, көрсетілетін медициналық қызмет ұғымы және сапасының өлшемшарттары, бұзушылықтар
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Қазақстанда медициналық қызмет көрсету шарты
Бұл мақаладан медицина ұйымдарында шарт қатынастарын дұрыс ресімдеу, қызметтерді ақылы көрсету талаптары, медициналық қызметтер сапасы ұғымы және өлшемшарттары туралы білесіздер.
Пациент пен медицина ұйымының арасындағы шартты дұрыс ресімдеу – медициналық көмектің сапасын қамтамасыз етудің басты талаптарының бірі.
Медициналық қызметтерді көрсету шарты азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеудің маңызды құралы болып табылады және орындаушы мен тапсырыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалады.
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы
«Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығының негізінде ақылы медициналық қызметтер шартын денсаулық сақтаудың мемлекеттік, сол сияқты жекеменшік ұйымдары жасай алады. Бұл ретте медициналық қызметті атқарудың міндетті шарты – мемлекеттік лицензиясы болуы керек.
Шарттағы медициналық қызметтер
Шарттағы медициналық қызмет басқа қызмет түрлерінен ерекшеленеді және бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар. Шарттағы медициналық қызметтер мынадай болуы мүмкін:
медициналық араласу немесе медициналық араласулардың жиынтығы;
Назар аударыңыз! Пациент пен медициналық ұйымның арасындағы ақылы қызметтер көрсету шарты қандай талаптарды қамтуы тиіс?
Ақылы медициналық қызметтер көрсету шарты жазбаша нысанда жасалуы және ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 35 бабы 3 тармағымен белгіленген тізбеде бекітілген талаптарды:
Медициналық қызметтің басты мақсаты – пациент денсаулығының белгілі бір жағдайына қол жеткізу, бұны денсаулық жағдайының жақсаруынан немесе қандай да бір өзгерістердің жоқтығынан байқауға болады. Алайда әдетте медициналық қызметтің нәтижесін алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан ұсынылған медициналық қызметтің сапасы - оның ең дұрыс сипаттамасы.
МҰ жасалған шарттың талаптарына сәйкес келетін сапалы медициналық қызметтерді ұсынуға міндеттенеді, ал шартта қызметтердің сапасын нақтылайтын талаптар болмаған жағдайда, ҚР заңнамасына сәйкес осы медициналық қызметтерге қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.
Тараптар арасында барлық маңызды жағдайлар бойынша келісімге қол жеткізілмесе, мұндай шарт тараптар үшін құқықтар мен міндеттерді туындатпайды және ол жасалмаған болып есептеледі.
Назар аударыңыз! Тұтынушымен ақылы медициналық қызметтерді көрсету шартын барлық жағдайда және шарт сомасына қарамастан жасау керек.
Назар аударыңыз! Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медициналық қызмет көрсету сапасына іріктеу тексеруі кезінде не тексеріледі?
Тексерушілер тексеруге жататын талаптар тармақтарын көрсетумен, ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1064 және ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 831 бірлескен бұйрығына 2 қосымшамен бекітілген тексеру парағын Медициналық қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау саласындағы амбулаториялық-емханалық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек) көрсететін субъектілерге (объектілерге) қатысты тексеру парағы ұсынулары тиіс.
Медициналық қызмет көрсету кезінде МҰ тарапынан Шарт талаптарын бұзу Шарт күшінің жойылуына және тапсырыс берушіге тұрақсыздық айыбын төлетуге алып келуі мүмкін.
Тапсырыс берушіге қызметті ұсыну мүмкіндігінің болмауы ақылы медициналық қызмет көрсету шартын жасаудан босау себебі болады.