Руководитель медицинской организации

Рецептуралық бланк: ұғымы, жазып беру қағидалары, ресімдеу ерекшеліктері, қандай препараттар рецептпен босатылады

16 сентября 2019
17
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Рецептуралық бланк
Рецептуралық бланк

Рецептуралық бланкілердің негізгі мақсаты – дәрігердің ұйғарымын фармацевтке жеткізу. Рецептуралық бланкілерді ресімдеу тәртібін, олардың ерекшеліктерін, сондай-ақ қандай дәрілер рецепт бойынша босатылатынын қарастырамыз.

Рецепттерді ресімдеу ерекшеліктері


Рецептуралық бланк – бұл дәрігердің препараттарды босататын фармацевтке жазбаша нұсқаулығы

  • Рецептуралық бланкілер нысандары тек қаламсаппен толтырылады.

  • Фармацевтке түсінуге оңай болатын стандартты қысқартулар ғана қолданылады.

  • Дәрі дұрыс емес немесе түсініксіз жазылған рецепт бойынша босатылмайды.

  • Бланкке түзетулер енгізуге болмайды.

Қазақстанның рецептуралық бланкілерін жазу қағидалары

ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығына сәйкес, рецепттерді жазып беру бойынша бекітілген бірқатар қағида бар. Оларға мыналар жатады:

  • Рецепт тиісті медициналық көрсетімдер бойынша, дәрігердің құзыреті шегінде, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ғана жазылады.

  • Бланктер міндетті түрде дәрігердің жеке қолымен және мөрімен куәландырылуы керек.

  • Тегін немесе жеңілдіктер негізінде берілетін препараттардың рецептуралық бланкілерін есепке алу, сол сияқты оларды жазып беру электронды нысанда жүргізіледі. 

  • Рецептуралық бланкілер міндетті түрде «рецепттерге арналған» деген мөрмен куәландырылып, оған МҰ бөлімшесінің меңгерушісі қол қояды.

  • Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецепттер жазуға жол берілмейді.

  • Рецепттерді пациенттің жасын және препараттың белсенді компоненттерінің әсер ету сипатын ескере отырып жазады. 

Өзекті мәселе

Арнаулы рецептуралық бланкілер қалай есепке алынады?

Рецептуралық бланк: ұғымы, жазып беру қағидалары, ресімдеу ерекшеліктері, қандай препараттар рецептпен босатылады
эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ШЖҚ «1-қалалық аурухана» ҚМК-ның емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушысы
Арнайы рецептілік бланкілер заттық-сандық есепке алуға жатады. Арнайы рецептілік бланкілерді есепке алу кітабы…

  • Рецепттің нөмірі және мазмұны пациенттің жеке картасында тіркеледі. 

  • Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті негізде алуға арналған бір рецептуралық бланкте дәрілік заттың бір атауы, қалған дәрілік заттарға – ең көбі екі атау жазылады.

  • Тегін немесе жеңілдікті рецепттерді 1 ай бойы қолдануға болады.

  • Дәрі көлемі ем алу курсына, ерекше жағдайларда 3 курсқа жазылады.

  • Тегін дәрілер рецепттерін 3 жыл сақтайды.

  • ҚР ҚМ жазып берген дәрілік заттар рецепттері, дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен босатуға арналған, аудан, қала, облыс шегінде жарамды рецепттерді қоспағанда, бүкіл республика аумағында жарамды.

    «Actualis: Медицина»

    42


    Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Қандай дәрілер рецептуралық бланк бойынша босатылады

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды рецептуралық босатуға жатқызу қағидалары 2015 жылғы 28 сәуірдегі Бұйрықпен регламенттелген.

Рецептуралық бланкілер белгілі бір дәрілік заттарды:

  • ҚР бақылауында тұрған, құрамында есірткілік немесе психотроптық заттар бар дәрілерді;

  • парентералды енгізу үшін;

  • тек стационарлық жағдайларда емдеу үшін;

  • тек дәрігердің бақылауында қабылданатын дәрілерді;

Қазіргі уақытта күшті әсер ететін ДЗ үшін рецептуралық бланкінің қандай нысаны қолданылады

Рецептуралық бланк: ұғымы, жазып беру қағидалары, ресімдеу ерекшеліктері, қандай препараттар рецептпен босатылады
Надиля Шильтерханова Надиля Шильтерханова,
редактор-эксперт электронной редакции
ЭС «ACTUALIS: Медицина», Алматы қ.
Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау Қағидалары ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттелген. Қағидалардың 11 тармағында көрсетілген дәрілік заттарға (бұдан әрі – ДЗ) рецепттерді жазып берудің ерекше талаптары қолданылады, атап айтқанда…

  • қажетті диагностикалық жабдықтар бар амбулаториялық жағдайларда бақылау астында ғана пайдалануға болатын дәрілер тізімін;

  • қадағалануға және бақылануға тиіс белгілі бір белсенділігі бар дәрілерді. Оларға қолдану тәжірибесі шектеулі жақында тіркелген препараттар және дозасы, қолдану режимі мен жас тобы жаңа құралдар жатады.

  • медицина қызметкері болмаған жағдайда қауіп төндіретін – уытты, канцерогенді және тағы басқа қауіпті дәрілерді;

  • нұсқаулықты сақтамаған жағдайда қауіпті, ұзақ қолданғанда жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін дәрілерді қолдану үшін қажет.

Рецептуралық бланкілерді ресімдеуді талап етпейтін препараттар

Рецептуралық босату санатына есірткілік, психотроптық заттарының және олардың прекусорларының мөлшері аз, заңнамамен бақылануға тиіс емес препараттар жатпайды.

«Медицина ұйымы басшысы» журналынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×