Руководитель медицинской организации

Төсек айналымы ұғымы: төсек қоры жұмысының тиімділігі, орташа жылдық нормативтер, бос тұрудың себептері, төсек айналымы формуласы

17 сентября 2019
11
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Төсек айналымы ұғымы
Төсек айналымы ұғымы

Рационалды төсек айналымы – әрбір медицина ұйымы осыған ұмтылуы керек. Әрі қарай төсек қоры жұмысының тиімділігі қалай есептеледі және төсек айналымы формуласы қандай екендігін қараймыз.

Экономистер пациенті жоқ бос төсекке науқас жатқан төсекпен салыстырғанда бар-жоғы 25 %-ға ғана аз қаражат жұмсалатынын есептеп шығарды. Бұған қоса шығындарды МҰ мен мемлекет көтереді де, адамдарға көмек тиімсіз көрсетіледі. Сондықтан МҰ қорын рационалды пайдалану мақсатындағы төсек айналымының экономикалық есебіне көп көңіл бөлінуде.

Төсек қоры жұмысының тиімділігі

Төсек айналымы формуласының барлық компоненттерін талдағаннан кейін ғана тиімділігі жайында айтуға болады. Ол компоненттер – мекеменің бір жылдағы төсек қорының бос болмауы күндері санының орташа көрсеткіштері. Атап айтқанда:

  • осы кезеңдегі төсек айналымының сандық көрсеткіші;

  • пациенттер бір төсекте орташа есеппен қанша уақыт жайғасады;

  • «бос» күндер саны, яғни төсек бос болған уақыт;

  • айналым.

Орташа жылдық нормативтер

Төсек айналымындағы норма деп әртүрлі көрсеткіштерді айтады. Қалада не ауылда орналасуы көп нәрсені шешеді. Ұсынылған көрсеткіштер:

Төсек айналымын қалай есептейді, мысалмен қарап көрейік.

Мысалы, 300 пациентке есептелген стационарда төсек-орындар қанша уақыт бос болмағандығын білу керек. Бір жылдың ішінде бұл орындарда науқастар орташа есеппен 96 мың төсек-күн жатты делік. 96 000-ды 300 орынға бөліп, төсек айналымының көрсеткіші 320 күнге тең болғанын көреміз. Тиімді пайдалану уақыты дегеніміз міне осы.

Нәтижесі бойынша, бір жылдағы 365 күннің 45 күнінде ол төсектерге ешкім жатпаған болып шығады.

Төсектердің бос тұруының себебі

Бос тұрудың себептері:

  • жөндеумен байланысты техникалық жұмыстар; 

  • сантехникалық жұмыстар;

  • бөлімшелердің, мысалы, инфекциялық бөлімшелердің ерекшеліктерінің медициналық көрсетімдері бойынша;

  • науқасты емдеуден шығарғаннан кейін немесе басқа госпиталға ауыстырғанда, палатаны дезинфекциялауға уақыт керек. Мұндай жағдайларда уақыт үзілгендіктен аурухана төсегінің айналымы басқа бөлімшелермен салыстырғанда анағұрлым аз болады;

  • әкімшіліктің сапасыз жұмысы;

  • амбулаториялық бөлімше мен стационар арасында тиімді байланыстың бұзылуы. 

Төсек айналымының көрсеткіштерін көтеру үшін бос тұру уақытын біліп, оның себептерін түсіну керек. Аурухананың төсектер қорын дәлелді себептермен пайдаланбау күндерін төсек санының ораша жылдық көрсеткішіне бөлсек, бос тұру көрсеткішін аламыз.

Бір төсектің бос тұруының бүкіл орташа жылдық санынан бос тұру нормасы:

қалаларда – 20%;

ауылдарда – 5,3%-дан аспайды.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Төсек айналымы формуласы

Орташа төсек айналымы дегеніміз есепті кезеңде бір жыл ішінде жатқан пациенттердің саны екендігін анықтадық.

Аурухана төсегінің айналымын есептеудің бірнеше тәсілі:

  1. Төсек-орындарда жатып шыққан адам санын аурухана төсегінің орташа жылдық санына бөлу көрсеткіші. Ең дәл әдіс.

  2. Төсек айналымын есепті кезеңде төсектердің бос болмау күндерінің санын стационарда науқастардың болу күндерінің санына бөлу арқылы анықтайды. Төсек-орындарда жатып шыққан адамдардың жалпы санын жыл ішінде барлық келіп түскен науқастардың –қайтыс болғандардың, жазылып шыққандардың және емдеуден шығарылғандардың қосындысынан орташа сан ретінде анықтайды.

  3. Барлық емдеуден шығарылған мен қайтыс болғандарды жыл ішінде қолданылатын төсек-орындардың орташа санына бөледі. Бұл тәсілді статистикалық ақпарат жеткіліксіз болған кезде қолданады.

Төсек айналымын формула бойынша есептеу мысалын қарастырамыз.

Медициналық стационарға барлық келіп түскен және шыққан пациенттердің жалпы санын қосамыз:

- 8190 (келіп түсті, сол уақытта жатқандарын санамаймыз);

- 8145 (шығарылды);

- 55 (белгілі бір кезеңде қайтыс болды).

Жалпы соманы 16390-ды 2-ге бөліп, 8195 адамды аламыз. Сонан соң 8195 санын 300-ге (стационардағы орын саны) бөліп, стационардағы төсектердің айналымы бір төсек-орынға 27,32 пациентті құрайтынын табамыз.

Стационарлық бөлімшеде емделудің ұзақтығы

Нормативтер бойынша төсек айналымын бұдан дәлірек есептеу үшін осы есептің көрсеткішін пациенттердің орташа емделу уақытымен салыстыру керек.

Төсек айналымын есептеу көрсеткіші пациенттер жиірек ауысатын мекемелерде: аз уақыт жататын акушерлік бөлімшелерде немесе отоларингологияда көбірек болады. Онкология немесе травматология сынды салмақты бөлімшелерде төсек айналымы нормасын жоғарырақ қояды. 

Төсек орнының бос тұруы

Стационарлардағы төсек айналымын бос тұру көрсеткішіне қарап та білуге болады. Бір жазылған адамның емдеуден шығарылып, төсек-орын босаған сәттен оған келесі науқас келіп түскен сәтке дейінгі уақытты бос тұру деп есептейді. 

«Медицина ұйымы басшысы» және «Аға медбике»

журналдарынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×