Руководитель медицинской организации

Қазақстандағы телемедицина

18 сентября 2019
109
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Қазақстандағы телемедицина
Қазақстандағы телемедицина

Телемедицина – бұл түрлі медқызметтерді қашықтықтан қамтамасыз ету үшін екі жақты аудио- және бейнебайланысты қолдану. Ол біртіндеп тиімді емдеудің нақты аппаратына айналып, өмірлерді құтқара алатын болады. Бұл мақала денсаулық сақтау жүйесіндегі телемедицина ұғымын ашады, оның рөлін және Қазақстандағы телемедицинаның даму перспективаларын суреттейді.

Жақында әлемдік медицина практикасында телемедицина атты жаңа ұғым пайда болды. Енді пациенттер үйден шықпай-ақ кез келген маманнан консультация ала алады, ал дәрігерлер әріптестерімен тәжірибелерімен алмаса алады.

Телемедицина деген не

Телемедицина в Казахстане

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі телемедицина – жақында пайда болған және практикаға енді ғана еніп жатқан бағыт», - көбі осылай ойлайды.

«Телемедицина» анықтамасын қысқаша былай тұжырымдауға болады: қашықтықтан онлайн-консультация беру және пациенттерді өзекті емдеу/қарап-зерттеу мақсатында инновациялық ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген медицина саласы. 

Телемедицинаның маңызды аспектісі – екі жақты аудио- және бейнебайланысты пайдалану. 

Телемедицина онлайн-консультациялардан, сол сияқты денсаулықты ұдайы бақылаудан және пациентті қашықтықтан қарап-зерттеуден тұрады. Бұл жаңа жол дербес үй телемедицинасы атауына ие болды.

Қазақстандағы телемедицина

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Телемедицина тарихы

Жаңа сияқты болып көрінгенімен, телемедицина компьютердің алдындағы кезеңде – телеграфтар кезеңінде басталды.

Телемедицина тарихы алғашқы бейнеконференцбайланыс өткізілген 20-шы ғасырдың бірінші жартысында басталды.

Бірінші бейнетрансляция жасанды жүректе қолқа қақпақшасын ауыстыру отасы кезінде жүргізілді.

Медұйымдардағы электрондық құжатайналым

Қазақстандағы телемедицина
Владимир Огарков «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы,
«ХҚЭДО-Қазақстан» Цифрлық баспасының
бірқатар басылымдарының авторы,
м. ғ. к., доцент, Қарағанды қ.
Бүгінде медициналық органдардың автоматтандыру құралдарын пайдаланып пациенттердің дербес деректеріне байланысты жүзеге асыратын қатынастары оның дербес деректерін өңдеген кезде адам еркіндігі мен құқықтарын, оның ішінде жеке және отбасылық құпияларын, басқаша айтқанда жеке өмірін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Осымен қатар, телемедициналық консультациялар мен консилиумдарды қазіргі таңда телекоммуникациялық Интернет желісін пайдалану арқылы өткізу статусы мен механизмдерін реттеу барлық жерде жоқ екенін естен шығармаған жөн, бірақ бұл уақытша мәселе.

 

Телемедицина бағыттары

Қазіргі таңда телемедицинаның негізгі бағыттарына мыналар жатады:

«Дәрігер-пациент» үлгісіндегі шешімдер:

  • пациенттер үшін телемедициналық консультациялар;

  • қашықтықтан биомониторинг.

«Дәрігер-дәрігер» үлгісіндегі шешімдер:

  • дәрігерлер үшін шұғыл консультациялар;

  • оталарды нақты уақытта трансляциялау;

  • мамандарды қашықтықтан оқыту және біліктіліктерін көтеру.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Қазақстанда телемедицинаны дамыту

Телемедицина в Казахстане

Телемедицинаның пайда болуы – бұл денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллектті дамыту жолы. Дәрігердің қатесі факторының ықпалы біртіндеп төмендейді. Бүгінде адам екі мыңға дейін түрлі зерттеулерден өтуі мүмкін. Дәрігерде бүкіл ақпаратты уақытылы талдау мүмкіндігі жоқ. Бұл үшін оразан үлкен ақыл керек. Сол арқылы көп ақпаратты сақтау мүмкіндігі туындайды.

Еліміз телемедицинаның дамуына мұқтаж. Оның көмегімен дәрігердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге болады. Сонымен қатар мамандардың компьютерлік сауаттылығы және гаджеттерді пайдалана алу деңгейін көтеру, жаңа бағдарламаларды оқыту сынды проблема туындайды.

Елімізде Ұлттық телемедициналық желіні құру және дамыту бағдарламасы 2004 жылы іске асырыла бастады.

Қазақстанда телемедицина үш сатымен енгізілуде:

  1. 2004–2088 жж. – 40 медұйымда сынақтан өтті;

  2. 2009–2011 жж. облыстық және 33 аудандық аурухана қамтылды;

  3. 2012 жылдан қазірге дейін – республиканың 204 денсаулық сақтау ұйымдарында қажетті аппаратура сатылып алынды.

2010 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми медициналық орталығында (бұдан әрі – ҰҒМО) орталықтың өңірлік және шетелдік мекемелермен ынтымақтасу маршрутын айтарлықтай ұлғайту мүмкіндігін беретін телемедицина технологиялары жұмыс істейді. Алғашқы бейнеконференбайланыс 2010 жылдың наурызында өткізілді.

Бүгінде республикада нақты уақыт режимінде тек дәрігерлердің арасында ғана консультациялар өткізуге рұқсат етілген.

Телемедицинаның даму перспективалары

Телемедицина в Казахстане

Қазіргі адам үшін мобилділік, әрдайым хабардар болу мүмкіндігі, денсаулығын уақытына нұқсан келтірместен бақылауда ұстау өте маңызды, өйткені емханада кезекті күту кейде өте қиын болып кетеді. Сондықтан алда бізді терапиялық немесе хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері емес, мобилді телемедицина күтіп тұр.

Жеке уақытты ұтымды пайдалану мүмкіндігін беретін әдістемелер әлемдік кеңістікте пайда болып, енді оларды еліміздің бүкіл кеңістігінде де пайдалануға болады.

Қазақстанда келесі салалардағы телеконсультациялар танымалдыққа ие болуда (60%):

  • кардиология;

  • кардиохирургия (ересектерге және балаларға арналған);

  • аритмология;

  • интервенциялық кардиология;

  • кардиореанимация.

Телемедицина жүйесі дамуына байланысты тек пациенттің рұқсатымен ғана алуға болатын жабық дербес деректер мәселесі көтерілуде. Осыған орай блокчейн-технологияларды – ішіндегі әрбір ұяшық ортақ серверге байланбайтын және дербес басқарылатын деректерді ұйымдастыру жүйесін дамыту қажет. Онда диагноз қою және емдеу нәтижелерін қарама-қайшы түсінілуіне жол бермеу үшін жазбаларды өтіп кеткен күнді жазып өзгертуге тыйым салу көзделеді.

Толығырақ «Медицина ұйымының басшысы» журналынан оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×