Руководитель медицинской организации

Медициналық біліктілікті көтеру

18 сентября 2019
0
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Медициналық біліктілікті көтеру
Медициналық біліктілікті көтеру

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру қандай құжаттармен регламенттеледі, ол қандай жиілікпен өткізіледі? Қазақстанда медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеруді қандай қаражат есебінен жүзеге асырады? Осы және тағы басқа сұрақтарға жауап алу үшін материалмен танысуды ұсынамыз.

Қазақстандағы медициналық біліктілікті көтеруді регламенттейтін заңнамалық актілер

ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 182 бабында медқызметкерлердің 5 жылда кемінде бір рет медициналық біліктіліктерін көтеру құқықтары декларацияланған.

Оқу бюджет қаражаты, жұмыс беруші компанияның (жекеменшік медұйымның) қаражаты немесе жеке қаражат есебінен қаржыландырылуы мүмкін. Штат саны қысқартылуына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары таратылуына байланысты жұмыскерді босатқан жағдайда жұмыскердің жұмыс берушінің (бюджеттік немесе жеке ұйымның) қаражаты есебінен қайта даярлаудан өтуге құқығы бар.

«Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 165 бұйрығының қосымшасында тиісті үлгілік бағдарламалар жазылған.

Қазақстанда медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру

Үздіксіз медициналық білім беру шеңберінде медициналық біліктілікті көтеру жоғары және орташа медициналық білімі бар мамандар үшін қарастырылған. Теориялық білімдерін ерікті бағалау қорытындысы бойынша сертификат беріледі. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру «электронды үкімет» порталы немесе департаменттер кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Үміткерге санат (екінші, бірінші немесе жоғары) беру үшін білімін (әр санат үшін тиісінше 50 сұрақтан тұратын тест кезінде кемінде 60 %, 70 % және 80 %-на дұрыс жауап беру керек), сол сияқты практикалық біліктері мен дағдыларын (сәйкесінше 5, 6 және 8 өткен клиникалық станциялар) растау керек. Санат алу жалақыға қосымша ақы төлеуге негіз болады.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының (ДСДРО) деректері бойынша, денсаулық сақтау саласында мамандарды міндетті сертификаттау және біліктілік санаттарын ерікті растау халықаралық стандарттарға сәйкес міндетті лицензиялауға және ерікті сертификаттауға өзгертіледі.  

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Әлемдік практикада лицензиялау – клиникалық қызметке рұқсат алуға қажетті міндетті рәсім. Уәкілетті орган лицензиар болады. Кәсіптік сертификаттау – бұл мәлімделген мамандық бойынша құзыреттілікті растау процесі. Сертификаттау ерікті рәсім болып табылады және халықаралық практикада медициналық қызметкерлердің құзыреттерін мойындауды кәсіби медициналық қауымдастықтар жүзеге асырады.

Медициналық ұйым басшысына қойылатын біліктілік талаптары

Медициналық біліктілікті көтеру
Жанна Татимова эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, юрист, г. Алматы
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес медициналық ұйым басшысы мынадай лауазымдық міндеттерді атқарады:
  1. Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, қабылданған шешімдер, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қвзметінің қаржы-шаруашылық нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болады.
  2. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін анықтайды.
  3. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті шығарған «Қазақстан 2017 жылы» статистикалық жинағының ақпаратына сәйкес 2017 жылдың аяғында Қазақстанда барлық маман дәрігерлері 72,1 мың адамды (10 мың халыққа 39,7 адам), ал орташа медперсонал 175,2 мың адамды құрады (10 мың халыққа 96,5 адам).

Медициналық біліктілікті көтеру

Медициналық біліктілікті көтеру курстары

Медициналық біліктілікті көтеруден аккредиттелген мемлекеттік және жеке орталықтарда өтуге болады,

Мәселен, ДСДРО-ның менеджмент орталығы денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент, корпоративтік басқару, көшбасшылық саласы бойынша оқытады.

Медициналық біліктілікті көтеру орталықтарына мыналар кіреді:

  • «Астана» мемлекеттік оқу-клиникалық орталығы (ол сонымен бірге медициналық емес жұмыскерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету курстарын өткізеді);

  • Республикалық «Санат» кәсіптік дамыту орталығы,

  • С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қосымша кәсіптік білім беру орталығы;

  • «Астана» медициналық университеті жанындағы үздіксіз кәсіптік даму және қосымша білім беру факультеті және т.б.

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру сапасын жақсарту мақсатында (соның ішінде жекеменшік орталықтарда) лицензиялау процесі барынша автоматтандырылған. Медқызметкерлердің білімін тәуелсіз бағалау жүйесі біртіндеп енгізілуде.    

«Медицина ұйымы басшысы» журналынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×