Руководитель медицинской организации

Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ)

20 сентября 2019
20
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ)

Бұл мақала Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламаларын (АББ) іске асыру ерекшеліктерін ашады, бағдарламаны іске асыру мақсаттарын, сондай-ақ оның негізгі тәсілдерін баяндайды.

Ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) іске асыру

Созылмалы аурулардан мезгілсіз қайтыс болу еңбекке қабілетті халықты жоғалтудың салмақты себебі болып табылады, бұл өмір сапасы төмендеуінің және белгіленген пациенттер тобын емдеуге көп шығын жұмсаудың салдары болып табылады.

Бұл проблеманы шешу үшін Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасы құрылды.

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ) 2013 жылдан бірнеше өңір бойынша іске қосылды.

Қазіргі таңда Бағдарламаға үш нозология қатысады:

  • Артериялық гипертензия ауруларын басқару бағдарламасы;
  • өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
  • қант диабеті.

Медұйымда инфекциялық аурумен ауыру жағдайлары қалай есепке алынады

Ауруларды басқару бағдарламасы (АББ)
Маргарита Чистякова «Актуалис Медицина» ЭЖ медицина жөніндегі сарапшы редакторы,
«ХҚЭДО-Қазақстан» цифрлық баспаның бірқатар
басылымдарының авторы, Алматы қаласының 1-санатты эпидемилог дәрігері
Халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыру жағдайларын тіркеу және есепке алу ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығымен бекітілген қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 2-тармағына сәйкес науқастың тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан ауру анықталған жер бойынша жүргізіледі.

Қазақстандағы Ауруларды басқару бағдарламасын (АББ) іске асыру үшін мыналар қажет:

  • әрекеттерді үйлестіру үшін және тәжірибемен алмасу үшін өңіраралық байланыстарды ұйымдастыру;
  • АББ-ны іске асыру үшін медициналық ұйымдарға барлық жерде қолғабыс ету;
  • өзара байланысты қызметтердің мирасқорлығын жүзеге асыру, оларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және техникалық көмек көрсету;
  • топтық кездесулер ұйымдастыру, консультация беру;
  • бағдарламаны іске асыруда туындайтын мәселелерді шешу үшін денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және сарапшы дәрігерлермен үйлестіру кеңесін қалыптастыру.

АББ-ны енгізудегі мақсат

Ауруларды басқару бағдарламасының мақсаты – медициналық қызметкерлер мен салмақты созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын және тұрақты қолдау мен көмекке мұқтаж пациенттер арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнату.

Өз жағдайын дұрыс түсінуді қалыптастыру, өмір сапасын көтеру мақсатында денсаулықты басқаруға тартылушылық және ықтимал асқынуларды, өлім-жітімді және мүгедек болушылықты төмендету, салауатты өмір салты қағидаларын енгізу – осы фактордың барлығын АББ-ны құру мақсаттарына жатқызу керек.

АББ-ны іске асыру командасы қандай мамандардан құрылады

Қазақстанда Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу кезінде әрбір ЖШККА-да мультитәртіптік команда құру керек.

Оның құрамы жетекшілік ететін нозологиясына байланысты.

Әр командада жұмысты емхана деңгейінде реттейтін көшбасшы/субүйлестіруші белгіленеді.

Құрамына әдетте келесі мамандарды қосады:

  • жалпы практика дәрігері;
  • терапевт дәрігер;
  • эндокринолог дәрігер (немесе офтальмолог, невропатолог, кардиолог, хирург);
  • медбике;
  • Денсаулық мектебінің мамандары;
  • ішкі аудит маманы;
  • психолог;
  • әлеуметтік қызметкер;
  • статистик.

Нақты нозология өкілдерінің командасында, мысалы, Артериялық гипертензия ауруларын басқару бағдарламасында, пациенттердің өзін-өзі бақылауына қолдау көрсету бойынша рөлдер үлестірілуде.

Команданың субүйлестірушісі өзекті мәселелерді шешу үшін команда мүшелерінің отырысын ұдайы жинайды. Команда әдетте бір нозологияға 7-9 адамнан құралады.

Назар аударыңыз!

Ауруларды басқару бағдарламасы – созылмалы аурулары бар белгілі бір пациенттер тобына арналған үйлестірілген және біріктірілген медициналық араласулар мен коммуникациялар жүйесі, сонымен бірге клиникалық менеджмент және өзін-өзі бақылау.

АББ-ны іске асыру шеңберінде бақылау жүргізуге арналған негізгі тәсілдер

Диагноз қою, тесттеу, клиникалық өзгерістерді бақылау мақсатындағы жоспарланған тәсілдер бақылауды жүргізуге арналған негізгі тәсілдер болып табылады. Әр медициналық мекемеде тәсілдерді ұйымдастыру, «бақылау үшін жоғалтқан пациенттерді» анықтау мақсатындағы пациенттерге қоңырау шалу жүйесі, психологтармен және әлеуметтік қызметкерлермен ақпараттандыру-түсіндіру сипатында әңгіме өткізу жүйесі ретке келтірілуде.

Өзін-өзі бақылаудың дербес жоспарын әзірлеуге мыналар кіру керек:

  • артық көретін тамақтардың қажеттілігі;
  • артериялық қысым жағдайын күн сайын бақылау;
  • қандағы қант мөлшерін ұдайы бақылау;
  • физикалық белсенділіктің белгіленген нормативі.

Ауруларды басқару бағдарламасының тұтастығы ескірген емдеу процесі түсінігін ауыстырған кезде ғана жүзеге асырылады.

Дәрігерлер тар бейіндегі медициналық көмек көрсетуден көп жоспарлы медициналық қолғабыс көрсетуге, пациенттерді бағыттауға және оларға өз ауруларын жүргізуді, сондай-ақ патологиялық процестің кері кетуіне ықпал етуді және асқынулардың алдын алу жұмыстарын үйретуге көшу керек.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×