Руководитель медицинской организации

Медициналық аспаптарды стерилдеу: ЕПМ-де өңдеу қағидалары, түрлері және әдістері

30 сентября 2019
19
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеудің әдістері

Медициналық аспаптарды стерилдеу – бұл сапасы пациенттің денсаулығына және тіпті өміріне ықпал ететін аса маңызды процесс. Мақаламыз медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеудің қандай әдістері барын және аспаптарды стерилдеу алгоритмі қандай болатынын егжей-тегжейлі баяндайды.

ЕПМ-де стерилдеу: ұғымы және ерекшеліктері

Кез келген медициналық ұйымда медициналық аспаптарды стерилдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл процесс заттарды, материалдарды немесе беттерді патогендік микроағзалардан зарарсыздандыруды (тазалауды) білдіреді. Кез келген зарарсыздандырудың негізгі мақсаты – пациенттерді парентералдық инфекциялардан қорғау.

Медициналық аспаптарды стерилдеуді бірнеше тәсілмен жүзеге асырады:

  • бумен (автоклавтау көмегімен);

  • ауамен (құрғақ ыстық ауалы шкаф);

  • химиялық (стерилдеуші ерітінділермен).

Аспаптарды стерилдеу қағидалары

Белгілі бір кезеңдерден тұратын аспаптарды стерилдеу алгоритмі бар:

  • дезинфекция; 

  • стерилдеу алдында тазалау (бұдан әрі – САТ);

  • тікелей стерилдеу.

Оны нақты қарастырылған режимге сәйкес жүзеге асырады. Рәсімді өткізгеннен кейін материалдардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың стерилдігін сақтау мерзімдерін басшылыққа алу керек.

Медбұйымдардың стерилдігін қалай сақтайды

Медициналық аспаптарды стерилдеу: ЕПМ-де өңдеу қағидалары, түрлері және әдістері
А.Г. Хабаева Эпидемиолог дәрігер,
сарапшы дәрігер, Алматы қ.
Мақаладағы маңызды мәселе:
  1. Стерилдеу қағидаларын сақтауға арналған ұсынымдар
  2. ММБ стерилдігін сақтау мерзімдері
  3. Стерилді қаптамаларды сақтауға қойылатын талаптар

Стерилдеудің түрлері және әдістері

Қазіргі заманда стерилдеудің түрлері және әдістері көп болуына қарамастан, арнайы жабдықпен – автоклавпен автоклавтау әдісі көп қолданылады. Онда аспаптарды жоғары қысым жағдайында ыстық бумен стерилдейді.

Стоматологиялық аспаптарды қалай стерильдендіру керек

Медициналық аспаптарды стерилдеу: ЕПМ-де өңдеу қағидалары, түрлері және әдістері
Маргарита Чистякова «Актуалис Медицина» ЭЖ және МЦФЭР-Казахстан
«Медицина» редакциясының «Медицина ұйымының басшысы»,
«Аға медбике» журналдарының бас редакторы
Бұл аспаптарды (қысқаштар, іскектер, инелер) егер олар мұндай өңдеуге шыдаса, физикалық тәсілдермен (автоклавтандырыру, ыстық ауамен өңдеу) де, сондай-ақ...

Медициналық аспаптарды стерилдеу: ЕПМ-де өңдеу қағидалары, түрлері және әдістері

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Статистикалық деректер бойынша, медицина қызметкерлерінің арасында аспаптарды автоклавта стерилдеу медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялық өңдеудің ең тиімді әдістерінің бірі ғана емес, сонымен бірге арнайы біліктер мен дағдылардың болуын талап ететін әдіс болып табылады. Мәселен, автоклавта стерилдеу кезінде бикстарды дайындауға және оларды жүктеу қағидаларына ерекше көңіл бөлінеді. Бикстардың әртүрлі жиынтықтары болады. Автоклавтар, өз кезегінде, мақсатымен, құрылысымен және өлшемдерімен ерекшеленеді.

Таралуы бойынша екінші орында тұрған стерилдеу әдісі – құрғақ ыстық ауалы шкафта жүзеге асырылатын ауа әдісі. Бұл әдісте арнайы крафт-пакеттер қолданылады. Сапалы стерилдеу үшін крафт-пакеттерді дұрыс қолдану және аспаптарды құрғақ ыстық ауаға орналастырудың белгілі бір қағидатын сақтау маңызды.

Химиялық әдісті ЕПМ-де стерилдеудің үшінші орында тұрған әдісі деп есептеуге болады. Мұндай әдісте стерилдеу сорғыш шкафпен және бактерицидтік сәулелендіргішпен жабдықталған үй-жайда орындалады. Бұл ретте дезөңдеуден және САТ-тан өткен аспаптардың барлығын стерилизанты бар сыйымдылыққа салып, қақпағы тығыз жабылған күйде белгілі бір уақытқа қалдырады. Өңдеу рәсімін бастаған және аяқтаған уақытты арнайы журналда тіркейді.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Хирургиялық аспаптарды өңдеуді стерилдеудің ерекше санатына жатқызу керек. Хирургиялық аспаптар металл (кесетін және кеспейтін), оптикалық, резеңке және пластмасса аспаптар болып бөлінетіндіктен, оларды зарарсыздандыру тәсілдері де әртүрлі болады. Мысалы, кеспейтін металл аспаптарды құрғақ ыстық ауалы шкафта немесе автоклавта стерилдейді, ал кесетіндерін суық химиялық тәсілмен – антисептиктер ерітінділерімен стерилдейді.

Ерітінділер мен режимдер аспаптардың түріне қарай таңдалатын химиялық стерилдеу әдісі аспапты мұқалтпайды, сондықтан бұл дезинфекциялау әдісі кесетін хирургиялық аспаптарға қолданылады. Резеңке аспаптар автоклавта немесе қайнату әдісімен стерилденеді. 

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеудің барлық әдісінің өз артықшылықтарымен қатар қиындықтары да болатындығын айта кету керек. Мысалы, қараусыз қалдырылған немесе қажетті білімі жоқ персонал қолданған автоклав жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан өңдеуді орындайтын персонал аспаптарды стерилдеу қағидаларын білуге тиіс, себебі бұл процеске арнайы дайындықтан кейін ғана жіберуге болады.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыздар

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×