Руководитель медицинской организации

Тегін медициналық көмек

27 сентября 2019
4
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Тегін медициналық көмек

ҚР-да тегін медициналық көмекті кім ала алады? Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қандай? Қандай емді тегін тегін алуға болады және қандай ауруларды өз есебімізден емдеуіміз керек? Бұл мақалада осы мәселелер қаралады?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сақтандыру жүйесіне қатысатындығына қарамастан бүкіл халыққа ұсынылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейіндегі базалық медициналық қызметтер кіреді. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» кодекске өзгерістер енгізілуіне, ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуіне байланысты ТМККК де түзетілді. Жаңа енгізілімдердің қабылдануы ДДСҰ стандарттарына сәйкес келеді және халықтың денсаулық сақтау қызметтерімен толық қамтылатындығына кепілдік береді.

Тегін медициналық кепілдік берілген көмек

Кепілдік берілген тегін медициналық көмек  – бұл ұғымға не кіреді?

Базалық медициналық қызметтер қазақстандықтарға, оралмандарға, шетелдіктерге және елде тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға арналған. Қазақстанда тегін медициналық көмек бюджет қаражатынан қаржыландырылады және шұғыл, кезек күттірмейтін жағдайлар (санитариялық авиация, жедел жәрдем бригадасын шақыру, емдеуге жатқызу және емдеу) туындағанда, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауруларды (АИТВ инфекциясы, туберкулез, онкологиялық аурулар, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары) емдеу кезінде көрсетіледі. 

Тақырып бойынша сұрақ
Ақылы клиника шұғыл медициналық көмек көмек көрсеткені үшін төлем жасауға шот беруі тиіс пе?

Тегін медициналық көмек
Марина Фалеева С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ
Профессорлық клиникасын дамыту
жөніндегі директоры, Алматы қ.
2 ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР:
  • Пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдік қызметтер көрсету;
  • Дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу.

ТМККК-ге сонымен бірге скринингтік қарап зерттеу, жүктілікті жүргізу, балаларды бір жасқа дейін бақылау, созылмалы аурулары бар халықты дәрі-дәрмекпен амбулаториялық қамтамасыз ету кіреді.

ҚР-дағы тегін медициналық көмек кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге және тісі қатты ауырып тұрған пациенттерге базалық стоматологиялық қызметтер көрсетуді, ТЖ кезінде медициналық көмек көрсетуді білдіреді.  

ҚР-да тегін медициналық көмекті қалай алады

Медициналық қызметті тегін медициналық көмек көлемінен тыс алу үшін азаматтар МӘМС қатысушысы болуға тиіс. МӘМС шеңберінде қымбат тұратын зертханалық зерттеулерден (атап айтқанда, гормондарды, дәрумендерді анықтайтын қан талдауы, ИФТ, ПТР), диагностикадан (КТ және МРТ), ересектер мен балалардың профилактикалық қарауларынан өтуге болатын болады.

Денсаулық сақтаудағы реформа шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК)  енгізілген жаңалықтар

Тегін медициналық көмек көрсету үшін 2019 жылға 42,5 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алынды. Бақылауда болуға және дәрімен қамтамасыз етуге мұқтаж созылмалы науқастар топтарының саны ТМККК-ның жаңа моделі бойынша, басқа ТМД елдерінде бұрын жасалғандай, 277-ден (кеңестік кезеңнің нормативтік құжаттары бойынша) 29-ға дейін қысқарды.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Аталған ауруларға мыналар жатады:

  • қант диабеті;

  • бронхтық демікпе;

  • гипертония;

  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Бұл ретте бұрын осы тізімге кірген аурулары бар пациенттерге қызмет бұрынғыша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі, айырмашылығы – дәрігерге жазылу кезінде берілетін артықшылықта. 

Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтар тегін көрсетілуге тиіс медициналық қызметтерге төлемеуі үшін халықтың ТМККК туралы хабардар болғаны керек. Осы мақсатта халық арасында зерттеулер ұдайы жүргізілуде, медициналық мекемелерде ақпараттық стендтер мен плакаттар орналастырылуда.

Тегін медициналық көмек

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңізъ

Өзгерістер векторы халықтың саналылығын және салауатты өмір салтын жүргізу мен аурулардың алдын алуды қамтитын денсаулық үшін жеке жауапкершілікті көтеруге бағытталған (елдегі бүгінгі таңдағы емдеуге жатқызу және жедел жәрдемді шақыру санын арттыру үрдісінің орнына). Әлемдік деректер денсаулық сақтау жүйесінің жағдайымен халықтың денсаулық жағдайының ең көбі 15% байланысты екендігін көрсетеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) жаңа стандарттары дәрігер жүктемесін азайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың шығыстарын азайтуға, медициналық ұйымдардың жұмысының сапасын және бәсекені күшейту есебінен жұмыстарының ашықтығын көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Толығырақ «Медицина ұйымының басшысы» журналынан оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×