главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Нечипоренко бойынша несеп талдауы – несеп шығару жүйесінің түрлі ауруларын диагноздауға арналған тиімді, оңай жүзеге асырылатын әдістеме. Мақалада балалар мен ересектердің несеп талдауын жинау алгоритмі және нәтижелердің мәнін ашу қаралады.
Қазіргі диагностикада Нечипоренко бойынша несеп талдау әдісі жиі қолданылады. Бұл рәсім несеп шығару жүйесі мүшелеріндегі қабыну процестерін (соның ішінде жасырын процестерді де) диагноздаудың қарапайым және ақпаратты әдісі болып табылады. Әдістеменің негізін кеңестік көрнекті ғалым және уролог дәрігер Александр Зиновьевич Нечипоренко қалады.
Нечипоренко бойынша несеп талдауын тапсыруға көрсетімдер
Келесі патологиялардың біреуінің болуының өзі Нечипоренко бойынша несеп талдауына көрсетім болады:
Бұдан бөлек, жүргізілген емнен кейін бақылау қажеттігі Нечипоренко әдісін қолдануға көрсетім болады. Сонымен бірге несеп шығару жүйесінің ауруларымен байланысты болуы мүмкін науқастың кез келген шағымы талдауға негіз болады.
Несепті Нечипоренко бойынша талдау кезіндегі норма – уринада ақуыз түйіршіктерінің болмауы.
Урина талдауын жинау
Несепті Нечипоренко бойынша талдау кезінде оны қалай дұрыс жинау керектігін есте сақтау маңызды. Әдістемені дәл сақтаған жағдайда ғана нәтижелер шынайы болады.
Талдауға дейін бір тәулік бойы түсті өзгертетін шырыны ашық түсті жемістер мен көгөністерді, ет өнімдерін, спирттік, газдалған сусындарды, кондитерлік өнімдерді, антибиотиктік және несеп айдайтын препараттарды ішіп жемеу керек.
Әйелдер үшін Нечипоренко бойынша урина талдауын етеккір кезінде өткізбеу керек, себебі бұл кезеңде шынайы деректер алу қиындайды.
Балалардан Нечипоренко бойынша несеп талдауын келесі бірнеше қағидаларды сақтай отырып алу керек:
Баланың жыныс мүшелерін ата-ананың бірі жуады.
Емшектегі балалардан жинау кезінде жабысқақ бекіткіштері бар несеп қабылдағышты пайдаланады. Бұндай құрал дәріханаларда сатылады. Несеп қабылдағыш болмаған жағдайда несептің астына стерилді ыдыс қоюға болады.
Нәрестелердің несебін олардың арқаларынан сипау арқылы келтіруге болады.
Балалардың Нечипоренко бойынша несеп талдауына несептің бүкіл порциясы алынады.
Несепті Нечипоренко бойынша кешенді талдау кезіндегі көрсеткіштер
Нечипоренко бойынша несеп талдауы кезінде несептегі эритроциттердің нормасы – бір миллилитрге мың жасушадан аспауы керек. Материал дұрыс жиналғанда эритроциттердің нормативтен тыс мөлшері келесі ықтимал себептерді білдіреді:
шырышты қабық бүйрек тасы, қатерлі ісік және тағы басқалардан зақымданған;
гломерулонефрит, нефроптоз немесе қанның ұйығыштығы бұзылған.
Уринадағы лейкоциттердің нормасы – бір миллилитрге екі мың жасушадан аспауы керек. Айқын немесе жасырын қабыну кезінде лейкоциттер несепте көп мөлшерде болады. Жүйелі аурулар да болуы мүмкін:
цистит;
пиелонефрит;
уретрит;
простатит.
Несепте гиалинді цилиндрлердің болуы ЖНТ-дағы протеинурия салдары, бүйрек жолдарында патологиялық бұзылыстар, түрлі себептер нәтижесіндегі бүйрек жетіспеушілігі болып табылады. Алайда цилиндрлер аз мөлшерде қарқынды дене қимылынан кейін де пайда болуы мүмкін. Нечипоренко бойынша несеп талдауын жинау кезінде қарқынды дене қимылын шектеу қағидасы сақталса, қалыпты несепте цилиндрлер болмайды.
Нечипоренко бойынша несеп талдауы: мәнін ашу
Нечипоренко бойынша несеп талдауының нәтижелері алынғанда ересектер мен балалардың несеп талдауының мәнін уролог дәрігер ашады. Балалар мен ересектердің несеп талдауының мәндері несеп шығару жүйесі мүшелерінің қалыпты жағдайында да, патологияларында да бірдей. Негізгі патологиялық көрсеткіштер бойынша деректер кестеде келтірілген:
несеп шығару жолдарына шабуыл жасаушы ауыр вирустық инфекциялар
Гиалинді цилиндрлер
гломерулонефрит;
жіті нефрит;
интерстициалды нефрит;
артериялық гипертензия;
несеп айдайтын дәрілерді жүйелі қабылдау
Түйіршікті цилиндрлер
диабеттік нефропатия;
жіті вирустық инфекция;
жіті немесе созылмалы гломерулонефрит;
пиелонефрит;
бүйрек амилоидозы
Балауыз тәрізді цилиндрлер
қатерлі жітілеу гломерулонефрит;
ауыр бүйрек амилоидозы;
ауыр бүйрек жетіспеушілігі
Лейкоциттік цилиндрлер
пиелонефрит (лейкоциттердің көп болуы зақымданған мүшеде патогендер белсенді көбейіп жатқандығын білдіреді)
Эпителий цилиндрлері
жіті жол некрозы;
жіті нефрит;
фенолдармен, литиймен, пестицидтермен және т.б. жіті улану
Әйелдердің Нечипоренко бойынша несеп талдауы
Жүкті әйелдердің Нечипоренко бойынша несеп талдауы әдетте норма шегіне жақын мәндерді көрсетеді.
Қаперіңізге алыңыз
«Медицина ұйымының басшысы» журналынан «Жүкті әйелдердің несеп шығару жолдары инфекциялары жағдайында несепті бактериологиялық зерттеудің өзектілігі» тақырыбына қызықты мақаланы оқып шығуларыңызға болады
Көрсеткіштердің жоғары болуының себебі – тәуіліктік диурез жоғары болады. Алайда бұл талдау бала көтеру процесін қиындататын пиелонефритті, гломерулонефритті, тағы басқа ауруларды анықтай алады. Әдетте жүкті әйелдердің Нечипоренко бойынша несеп талдауы жалпы талдаулары нашар болғанда тағайындалады.