Руководитель медицинской организации

Медициналық көмек түрлері

1 октября 2019
0
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Медициналық көмек түрлері

Мақалада қазақстандықтарға көрсетілетін медициналық көмек түрлері, медициналық көмек түрлері мен нысандарын сыныптау және осы көрсетілетін қызмет түрлерін қаржыландыру көздері қаралады.

Медициналық көмектің негізгі түрлері

Қазақстанда көрсетілетін медициналық көмек түрлері мен нысандары медициналық көмектің тегін және ақылы негізде алынуын бағамдайды.

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (КДК), сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде көрсетілетін денсаулық сақтау қызметтері медициналық көмектің негізгі түрлері болып табылады. 

МСАК-қа жіті аурулар пайда болғанда және созылмалы аурулары асқынғанда шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету, төтенше жағдайларда көмек көрсету, санитариялық авиация жатады.

Медициналық көмек түрлері

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Тегін медициналық көмек

Пациенттер мына базалық медициналық қызметтерді тегін ала алады:

  • жүкті әйелдерді және бір жасқа дейінгі балаларды бақылау;

  • негізгі талдаулар (жалпы несеп және қан талдауы, ЭКГ, флюроография және т.б.);

  • профилактикалық қараулар мен скринингтер;

  • жарақаттарды емдеу;

  • тісі қатты ауырып тұрған адамдарға, жүкті әйелдерге және халықтың басқа да әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көрсетілетін стоматология қызметтері.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Әлеуметтік маңызы бар ауруларды (туберкулез, АИТВ инфекциясы, онкологиялық және психикалық аурулар, есірткіге тәуелділік) емдеу де бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Көшіп келушілерге медициналық көмек қандай құжаттардың негізінде көрсетіледі?

Медициналық көмек түрлері
Жанна Татимова эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, юрист, г. Алматы
Қазақстан Республикасына: отбасымен қосылу; білім алу; еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келушілерде – Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 28, 31 және 35 баптарына сәйкес медициналық сақтандыру бар болуы қажет. Медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек медициналық сақтандыруда айтылған көлемде және баға бойынша көрсетіледі (Ереженің 11 тармағы).

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдің аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТМККК алуға құқығы бар.

Бұл ретте Қазақстанда уақытша тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмекті таралуы айнала үшін қауіпті жіті аурулар жағдайында алады.

Сол сияқты жақында мәртебесін ауыстырған (ЖОО бітірген, жұмыссыз қалған, азаматтығын ауыстырған) азаматтар да шұғыл медициналық көмектен тыс қалмайды.

Қажет болғанда МСАК дәрігері науқасты сирек ауруларды анықтауды, күрделі диагнозды нақтылауды және емдеу әдістемесін таңдауды, шетелде ем алуға арналған көрсетімдерді белгілеуді тұспалдайтын консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету үшін жоғары тұрған инстанцияға жібереді («Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі бұйрығының 12-тармағы).

Сипатталған алғашқы медициналық көмек түрлері барлық азаматты қажетті денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуы тиіс.

МӘМС жүйесі жұмыс беруші ұйымның ай сайын жұмыскерлерінің пайдасына жалақының 1 - 5%-ы мөлшерінде жарна аударуын талап етеді. Осы аударымдардың арқасында МӘМС қатысушысына келесі медициналық көмек көрсету түрлері қолжетімді болады:

  • күрделі зерттеулер (магниттік-резонанстық томография, компьютелік томография, ангиография);

  • зертханалық талдаулар (гормондарды, биохимияны анықтайтын қан талдауы, ИФТ, ПТР) және т.б.

Стационарлық және амбулаториялық пациенттер үшін, оның ішінде ТМККК бағдарламасы бойынша қосымша ақылы қызметтер көрсетуге қосымша келісім стандарты бар ма?

Медициналық көмек түрлері
Жанна Татимова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы , заңгер, Алматы қ.
Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалған шарттың негізінде көрсетіледі.
КОДЕКСТІҢ 35 БАБЫ 3 ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС, АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ШАРТ МЫНАДАЙ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАРДЫ:
  1. медициналық көмектің түрлері мен көлемін;
  2. медициналық көмек көрсету мерзімдерін;
  3. медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;
  4. тараптардың құқықтары мен міндеттерін;

ҚР-да барлық медициналық көмек түрін тиісті медициналық білімі бар мамандар көрсетеді.

Осылайша, негізгі медициналық көмек түрлері пациент үшін ақылы және тегін көмектер болып бөлінеді (соңғылары республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылады).

 


Медициналық көмектің түрлері мен нысандары – сыныптамасы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексінің 11-тарауына сәйкес, медициналық көмек көрсету түрлері мыналарға бөлінеді:

  • алғашқы көмек (өзіндік немесе оқиға куәларының тарапынан);

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек (орта медициналық білімі бар қызметкерлер жүзеге асырады);

  • білікті медициналық көмек (базалық дәрігер консультациялары және манипуляциялар);

  • мамандандырылған медициналық көмек (ерекше диагностика әдістері, емдеу және қалыпқа келтіру тәсілдері қолданылатын бейінді мамандар көрсететін қызметтер); 

  • жоғары технологиялы медициналық қызметтер (кардио- және нейрохирургия, трансплантология);

  • медициналық-әлеуметтік көмек (әлеуметтік маңызы бар ауруларды тасығыштарға медициналық және психологиялық консультациялар, созылмалы аурулардың терминалдық сатыларында тұрған науқастарға мейіргерлік күтім және көмек).

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙТИ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                  
заберите Ваш подарок!             

Доступ к журналу                  
«Руководитель медицинской организации»