Руководитель медицинской организации

Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы

1 октября 2019
4
Средний балл: 0 из 5
главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
қазақстанда дәрігерлердің жалақысы

Бүгінгі таңда Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы қандай, дәрігерлердің жалақысын көтеру үшін қандай да бір қадамдар жасалып жатыр ма, мақаладан оқыңыздар

Дәрігер кәсібі – әлемдегі ең танымал кәсіптердің бірі. Әйтсе де, дәрігердің жалақысы, кәсібінің маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде жоғары емес.

Кез келген кәсіптің адам өмірінде алатын өзінің ерекше орны бар. Қазіргі талапкерлер мамандық таңдағанда тек абыройлы (дәрігер кәсібі ежелден абыройлы кәсіп деп саналып келеді) емес, сондай-ақ сұранысқа ие, еңбекақысы жақсы мамандықты іздейді.

Дәрігер жалақысын басқа мамандықтардың табыстарымен салыстыру

Танымал қазақстандық блогер медицинада жетіспейтін кадрлар тақырыбына талдау жасады. Ол бірнеше жұмыс мамандықтарының табыстарын: дәрігердің, такси жүргізушісінің және сұлулық саласындағы маманның орташа жалақыларын салыстырып көрді.

Бақылау нәтижесінде ол соңғыларының ай сайынғы табысы айтарлықтай жоғары деген қорытындыға келді.

Атап айтқанда: дәрігер жылына шамамен 770 000 теңге төлейтін оқуды кемінде 6 жыл оқиды. Бұл ретте Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 65 000 теңге. 

Таксистің бір айға созылатын оқу курсы шамамен 25 000 теңге тұрады. Оның ай сайынғы табысы, кешке жұмыс істеу жағдайында, 150 000 - 250 000 теңгенің арасында. 

50 000 теңге тұратын үш күндік оқу курсын оқып шыққан кірпік жабыстырушы маманның ай сайынғы табысы – 600 000 теңге.

Қазақстандағы дәрігердің жалақысы

Медицинада кадрдың жетіспеушілігі – бұл Денсаулық сақтау министрлігінде ұдайы талқыланатын жалпыға белгілі факт. Алайда, медициналық институттардың бірінің ректорының 2017 жылы бұл мәселе бітірушілердің ағынымен шешіледі деген уәдесіне қарамастан, әзірге бұл мәселе сол күрделі күйінде қалып отыр.

Негізгі себеп – елде дәрігерлердің орташа жалақылары төмен. Блогер «адамдар өздеріне әдемі кірпік пен жету орнына тез жету жағдайын» қамтамасыз еткенімен, емдейтін адам табылмайтын белгісіз аурудан көз жұмып кетуі мүмкін дейді. 

Дәрігерлердің жалақыларын көтерсе, оларда ынта пайда болып, сәйкесінше, емдеу сапасы да жақсарады.

Жылда мыңдаған жас медқызметкерлер медициналық жоғары оқу орнынан кетіп жатыр. Бітіруші студент қыз оның медицина жолына түсуіне өзінің ісімен адамдарға көмектесуге шабыттандырған жақын туысы түрткі болғанын айтты. Бойжеткен оқу бітіргенде жалақысы лайықты жұмысты міндетті түрде табатынынан үмітін үзбеуде, сондықтан қызмет саласын мүлдем ауыстырғысы келмейді.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Дәрігердің жалақысы неден құралады

Дәрігердің жалақысы мемлекеттік бюджеттен төленеді, ал сұлулық саласындағы маманның табысы көрсеткен қызметі үшін алған ақшадан құралады.

Сақтандыру бағдарламасы дәрігерлердің осы мәселесін шешуге көмектеседі, себебі бұл жағдайда дәрігердің жалақысы мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер теңдей қатысу жолымен қалыптасады. Бұл ретте айлықақы жылдан жылға өсе береді, бұл мамандықты ақысы жоғары мамандыққа айналдырады, ал күшейетін бәсеке көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына ықпал етеді.

Жалпы практика дәрігері жедел жәрдем дәрігері болып жұмыс істей ала ма?

Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы
Жанна Татимова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы , заңгер, Алматы қ.
Көрсетілген бұйрыққа сәйкес, «Терапия» (жасөспірімдер терапиясы, жедел және шұғыл медициналық жәрдем, диетология) мамандығына мынадай біліктілік талаптары қойылады: «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім/базалық медициналық білімнің; клиникалық ординатура\ резидентура, бастапқы мамандандырудың бар болуы.
Осыған орай, жедел медициналық жәрдем дәрігерінің жұмысы үшін жоғарыда баяндалған талаптардың бар болуы мен сақталуы қажет.

Қазақстандағы дәрігерлердің орташа жалақысы

2018 жылы медициналық қызметкердің базалық лауазымдық айлықақысы (БЛА) 17 697 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш күнкөріс минимумы мөлшеріне де жетпейді.

Жедел жәрдемнің тәжірибелі дәрігері шамамен 70 000 теңге алады, ал Қазақстанның қызметін енді ғана бастап жатқан дәрігерлерінің орташа жалақысы – 60 000 теңге.

2019 жылы жеке практикамен айналысатын дәрігерлердің ай сайынғы жалақысы 90 000 – 250 000 теңгені құрайды. Көп маманның көбіне стационарлармен және жеке жедел жәрдем автомобилдерімен жасақталған жекеменшік клиникаларға кетуінің себебі осы.

Дәрігерлерге жалақы көтеру

Дегенмен жеке дәрігерлер де қейбір қиыншылықтарға кезігіп жатады. Олар негізінен көрсетілген қызметтердің немесе сатылған препараттардың пайыздарында жұмыс істейді. Кейде бұл жағдай пациенттер қажетсіз қымбат талдауларды тапсыратын немесе пайдасыз препараттарды сатып алуға мәжбүр болатын жағдайларды арандатады. Дәрігерлердің жалақысын көтеру елдегі жағдайды дұрыстауға және пациенттерді осындай жағдайлардан сақтауға көмектеседі.

Үкіметтің уәделеріне сәйкес, дәрігерлердің жалақысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңмен көтерілетін болады. Бұл, өз кезегінде, халыққа тегін білікті көмек көрсетілуін қамтамасыз етеді және көптеген жаңа кадрлардың пайда болуына түрткі болады.

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×