главный редактор ЭС «ACTUALIS: Медицина» и журналов «Руководитель медицинской организации», «Старшая медицинская сестра»
Пломбалау материалдары – бұл тістің бұзылған тіндерін қалпына келтіруге арналған негізгі аспап. Берілген мақалада олардың сыныптамасын, құрамдарын қарастырамыз, сондай-ақ бүгінгі таңда стоматологияда қандай жаңа пломбалау материалдары қолданылатынын қарастырамыз.
Стоматологиялық композиттер – бұл тістерді емдеу және реставрациялау үшін қолданылатын тұтқырлық дәрежесі әртүрлі полимерлік көпфазалы құрамдар.
Композиттерді қолданғанда стоматология аталған материалдың беріктігіне, иілімділігіне және полмерлеу кезінде барынша аз отыруына назар аударады. Оларды алдыңғы күрек тістермен де, азу тістермен де жұмыс істегенде қолдана беруге болады. Басқа пломбалау материалдарымен салыстырғанда композиттердің эстетикалық сипаттамалары пломбаның қажетті түсін дәл таңдау мүмкіндігін береді.
Стоматологиядағы композиттер органикалық және органикалық емес компоненттердің қоспасы болып табылады. Бұл көбіне аморфты кремнезем, кварц, барий және стронций шынысы, цирконий және титан силикаттары, полимерлік бөлшектер. Композиттер толтырғыш бөлшектерінің өлшемдеріне және толықтық дәрежесіне қарай әртүрлі болады.
Композиттердің полимерленуі (қатаюы) әдетте екі тәсілмен өтеді:
химиямен (өздігінен қатаятын түрі);
жарық сәулесімен (нәтижесінде жарық композиттері алынады).
Назар аударыңыз!
СОР: Биологиялық материалдармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасы
Жарық композиттерінің ерекшелігі – олардың кейін араластыруды қажет етпейтін біртекті құрылымы. Олар галогенді лампалардың көмегімен қатаяды.
Композиттердің химиялық жолмен қатаюы аминнің және бензоил асқын тотығының өзара әрекеттесуінің арқасында жүзеге асады. Мұндай тәсілмен алынған материалдың басты артықшылығы – ол пломбаның өлшеміне қарамастан біркелкі полимерленеді. Дегенмен материалдың технологиялылығына қарамастан, бірнеше кемшіліктері де бар:
тіс тініне қарағанда жұмсақтау;
жылулық ұлғаю коэффициенті жоғары, бұл саңылаулардың пайда болуына, тісжегінің қайта дамуына және тіпті пломбаның түсіп қалуына әкелуі мүмкін.
Аталған кемшіліктерді жою үшін стоматологияда адгезивтерді – материалдарды беттік ұстасу жолымен жабыстыра алатын заттарды қолданады. Олар тіс тіні мен композиттің берік ұстасуын қамтамасыз етеді.
Пломбалау материалдарын өндірудің заманауи технологияларының бірқатар артықшылықтары барын айта кету керек:
бөлшектерді үгіту технологиясын жақсартады;
материалды арнайы талшықтармен мықтайды;
отыру кернеуін азайтады (үшөлшемді құрылымды енгізу арқылы).
Бұған қоса, олар пломбаның коррозияға қарсы қасиеттерін қамтамасыз ететін фторлы толтырғыштарды енгізеді.
Стоматологиялық аспаптарды қалай стерильдендіру керек
Маргарита Чистякова«Актуалис Медицина» ЭЖ және МЦФЭР-Казахстан «Медицина» редакциясының «Медицина ұйымының басшысы», «Аға медбике» журналдарының бас редакторы
Бұл аспаптарды (қысқаштар, іскектер, инелер) егер олар мұндай өңдеуге шыдаса, физикалық тәсілдермен (автоклавтандырыру, ыстық ауамен өңдеу) де, сондай-ақ...
Бүгінгі таңда стоматологияда ең көп қолданылатын жаңа пломбалау материалы – ол нанокомпозиттер (гибридті микрофильді материалдар). Олардың толтырғышы – 0,1 мкм (100 нм) дейінгі наноөлшемді бөлшектер. Ішінде нанокластерлер мен наномерлер біріктірілуінің арқасында бұл материалдың беріктігі жоғары.
Уақыт өте композиттер қажалады (бұзылады). Бұл ретте гибридті материалдарда берік бөлшектер беттен толықтай кетеді, нәтижесінде материалдың жылтыры кетіп, «кратерлер» пайда болады. Нанокомпозиттерде уақыт өте нанокластерлерінің ең ұсақ бөлшектері ғана жойылады, соның арқасында жылтыры жақсы сақталады.
Қазіргі стоматологияда «гибридті» реставрациялық материалдар – композиттердің және басқа да танымал пломбалаушы заттардың – шыныиономерлік цементтердің барлық артықшылықтары біріктірілген компомерлер жетерліктей жиі қолданылатындығын білу керек: