Руководитель медицинской организации

Пациентті санитариялық өңдеу

2 октября 2019
114
Средний балл: 0 из 5
главная медицинская сестра Стоматологической клиники КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова, член Координационного совета МЗ РК, высшая категория, г.Алматы
Пациентті санитариялық өңдеу

Пациентті санитариялық өңдеу деп медициналық қызметкерлердің медмекемені инфекциялық және паразиттік аурулардан қорғау мақсатындағы әрекеттерін айтады. Материалда пациентті толық және ішінара санитариялық өңдеудің сипаттамасы және педикулез анықталған кездегі санитариялық өңдеу ережелері қамтылған.

Адамдарды санитариялық өңдеуді ауруханаға түскенде қабылдау бөлмесінде, сондай-ақ ота алдында өткізеді.

Санитариялық өңдеудің мақсаттары – пациенттерді теріде және киімде жүретін ауру тудырушы қоздырғыштардан қауіпсіздендіру, инфекцияның таралуына жол бермеу.

Санитариялық-гигиеналық өңдеу ішінара және толық өңдеу болып бөлінеді.

Пациент стационарға келіп түскен кезде оны санитарлық өңдеуді қалай жүргізу керек

Пациентті санитариялық өңдеу
Надиля Шильтерханова «Актуалис Медицина» ЭЖ сарапшы редакторы
Пациентті санитариялық-гигиеналық өңдеуді медициналық бике басқарады. Қабылдау бөлімшесінің санитарлық өткізгішінде дезинсекция – егер олар пациентті қарап-тексеру кезінде айқындалса, зиянды жәндіктерді (биттерді) жою; гигиеналық ванна (душ немесе пациентті сүрту); таза ауруханалық киім кигізу (қажет болған жағдайда) жүргізіледі.

Пациентпен жұмыс науқастың терісін қараудан басталады, сонан соң медкартаға жазылады. Санитариялық өңдеуді өткізудің қисындылығы бағаланып, өңдеудің түрі таңдалады.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Пациентті ішінара санитариялық өңдеуді өткізу қағидалары

Пациентті ішінара санитариялық өңдеуді жүзеге асырудың белгілі бір қағидалары бар:

  1. Пациенттің тырнақтарын алу, алдын ала буға ұстап жұмсартып алуға болады. Терінің тұтастығын зақымдаған жағдайда жараны дезинфекциялау керек.

  2. Науқастың іш киімін үстін жауып тұрған жайманы көтермей шешу.

  3. Мата қолғапты жанында тұрған шылапшындағы жылы сумен сулап, сабынды көпіртіп, пациенттің бетін, мойнын, қолы мен кеудесін ысқылап, құрғатып сүрту. 

  4. Суды ауыстырып, пациентті тағы бір рет сүртіп шығу. Құрғақ таза сүлгімен сүрту.

Толық санитариялық өңдеуді жүзеге асыру қағидалары

Пациентті ішінара санитариялық-гигиеналық өңдеу уландыратын заттектермен зақымданудан және инфекцияларды жұқтырудан қорғамайды, сондықтан толық санитариялық өңдеуді мүмкіндігінше тезірек өткізу керек.

Пациентті санитариялық өңдеу

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Пациент мекеменің ваннасын немесе ванна бөлмесінде не душ кабинасында душ қабылдайды. Шешіну бөлмесінде киімін шешіп, әрі қарай дезинфекциялау мақсатында таңбаланған қапқа салады.

Инфекциялық ауруға күдік болған жағдайда денесінің температурасын өлшейді. Жуу бөлмесіне кіретін кезде пациенттің шырышты қабықтарын ас содасының ерітіндісімен өңдеп, жөке мен сабын береді.

Ота жасау өрісін және донорлардан қан алу учаскесін өңдеу кезінде теріні нұсқаулығы бойынша тері антисептигімен шыланған мақта дискілерімен екі рет сүрту керек. 2-3 минут ұстап, стерилді тампонмен антисептік қалдықтарын сүртіп алу керек.

Дене түктерінің болуы ота жасауға кедергі жасайтын жағдайда, оларды міндетті түрде көбік немесе басқа құралдарды пайдаланып алып тастайды, қыру санитариялық талаптарға қайшы келеді.

Анестезияның алдында ота медбикесі бастапқы өңдеуді өткізеді, түктерді алып тастайды, ота жасау өрісін шектеп, теріні қайта антисептикпен өңдейді. Басқа жағдайларда ота жасау өрісін дайындау деп жуу мен тазалауды, ал оны өңдеу деп стерилді дәке майлықтарымен және тері антисептигімен ысқылап сүртуді айтады.

Мұны білу керек!

Инфекциялық емес бейіндегі стационардың қабылдау бөлімшесінде инфекциялардың енуі мен таралуының алдын алу

Пациентті санитариялық өңдеу
Д. С. Мақажанова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы,
«Аға медбике» журналының сарапшысы,
эпидемиолог дәрігері, Алматы қ.
Қабылдау бөлімшесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері пациенттің бөлімшеге қандай ретпен келіп түскендігіне байланысты болады.
1. Жоспарлы келіп түсу кезінде профилактикалық зерттеп-тексерутуралы құжаттардың бар екендігін тексеру керек:
  • туберкулезге;
  • B және C гепатиттерінің таңбалағыштарына – ұйғарылған дереу емдеу жағдайында;
  • ішек инфекцияларына – балалар стационарларының екі жасқа дейінгі пациенттері мен оларды алып жүрушілерде.

Педикулез анықталған кездегі санитариялық өңдеу 

Педикулез – бұл адам терісінде оның қанымен қоректенетін биттердің болуы. Биттер – бөртпе сүзекті таратушылар. Паразиттерді жұқтырудың ең көп таралған тәсілі – жұққан адамдармен қоғамдық жерлерде байланысу және ортақ төсектерді, жеке гигиена заттарын пайдалану. Қасағалық педикулезды жыныстық қатынастар арқылы жұқтырады.

Педикулез анықталған кездегі санитариялық өңдеу деп пациенттің шашын сірке мен биттерден босату үшін келесі схема бойынша қолмен өңдеуді айтады:

1. Қорғану киімін кию.

2. Ерітіндінің көзге тиюінен сақтана отырып, зақымдалған бетке дәрілік затты біркелкі етіп жағу, басты полиэтилен үлдірімен жауып, сүлгімен орап қою.

3. Ерітіндіні нұсқаулығына сәйкес шашта қалдыру.

4. Препаратты сусабын мен жылы сумен жуу, кептіру.

5. Пациенттің шашын асханалық сіркесудың 6%-дық жылы ерітіндісімен өңдеп, 15 минутқа полиэтиленмен жауып, сүлгімен орап қою.

6. Шашты жуып, сүлгімен кептіру.

7. Таза тарақ алып, пациенттің басын шылапшынның үстінен еңкейтіп өлген биттер мен сіркелерден тазалау.

8. Ауру тарихының титулдық бетіне және қарау журналында анықталған педикулез жөнінде белгі жасау («Р»). Аумақтық санэпидемстансаға хабарлама жіберу, педикулездың анықталу фактісін пациенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеу (058/е нысаны).


Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

 


logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×