Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Медициналық құжаттаманы жүргізуді қалай дұрыс ұйымдастырады, Қазақстан медқызметкерлері есептілік үшін медициналық құжаттаманың қандай нысандарын қолданады, сонымен бірге ҚР заңнамасында медициналық құжаттама туралы қандай бұйрық қарастырылған. Мақалада осы тақырыптар қозғалады.
Қазақстан Республикасында медициналық құжаттаманың жүргізілуі «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен регламенттелген. 2018 жылдың аяғында медициналық құжаттама туралы бұйрыққа жаңа өзгерістер қабылданды.
Цифрлау барысында бекітілген жаңа енгізілімдерге сәйкес, 2019 жылдың басынан 62 (бастапқы) медициналық құжаттама нысаны жойылып, 221 нысан электронды форматта жүргізілуде. Қолданымдағы нысандардың он екісі 3 нысанға құрылымдалды.
Мұны білу керек!
«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-гекіруге рұқсатты ресімдеңіз және ҚР денсаулық сақтау саласындағы, 2018 жылы жарияланған және қолданысқа енгізілген негізгі НҚА тізімімен танысыңыздар
Медициналық құжаттама «Электронды денсаулық сақтау» жобасының элементі ретінде
«Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Е-денсаулық сақтау» жобасын дамыту кезеңдерінің бірі – электронды деректер базасын әзірлеу және енгізу. Медициналық ұйымның бүкіл компьютерлік құжаттамасы келесі құжаттардың ережелеріне сәйкес келеді:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы заңы;
«Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 қарашадағы № 174 жарлығы.
Владимир Огарков «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «МЦФЭР-Казахстан» цифрлық баспасының бірқатар басылымдарының авторы, м. ғ. к., доцент, Қарағанды қ.
Ақпараттандырудың құпия мәліметтерді рұқсат етілмеген қатынаудан (пациенттердің дербес деректерін қорғау бөлігі бойынша) қорғауды қамтамасыз етуі сөзсіз жекелеген назар аударуды қажет етеді
2018 жылы «Қағазсыз аурухана» пилоттық жобасы іске қосылды, нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымының 94%-ның және амбулаториялық-емханалық ұйымның 98%-ның электронды құжат айналымын жүргізу тәжірибесі бар. ТМККК шеңберінде қызмет көрсететін жекеменшік клиникалар пациенттердің деректер базасына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін алдын ала ақпараттық қауіпсіздік аттестатын алады. Бүгінгі таңда елдегі 694 жоспарланған денсаулық сақтау ұйымдарының 689-ы медициналық құжаттаманы жүргізуді 127 бастапқы есепке алу медқұжаттамасы нысандарының 103-ін электронды түрде жүзеге асыруда.
Дәрігердің медициналық құжаттаманы жүргізу бойынша талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілігі
Ольга Тесля құқық магистрі, «Тесля» заң орталығы» ЖШС-нің басшысы, Нұр-Сұлтан қ.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі өз қызметін жүзеге асыру кезінде дәрігер (және медициналық ұйым) қандай құжаттаманы жүргізуге міндетті екендігін белгілейтін бірқатар нормаларды көздейді. Мемлекеттік органдар тексерулер кезінде бұл ережелердің сақталуын тексереді және олар сақталмаған кезде медициналық ұйымды жауапкершілікке тартады. Біздің заңнамамен көзделген бүкіл жауапкершілікті үш түрге бөлуге болады
Қазақстандағы электронды медициналық құжаттамаға «Емдеуге жатқызу бюросы» АЖ, «Емхана» ААЖ, «Тіркелген халықтың ақпараттық тіркелімі» АЖ, «Ресурстарды басқару жүйесі» АЖ, «Жүкті және фертилді жастағы әйелдердің тіркелімі» АЖ, «Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі» АЖ және тағы басқалар кіреді.
Қазақстандықтар egov.kz порталы арқылы дәрігерді үйге шақыра алады немесе қабылдауына жазыла алады.
Қолданымдағы медициналық құжаттама нысандарының артықшылықтары
Қазақстанда электронды медициналық құжаттаманы енгізудің айқын артықшылықтары – пациенттердің денсаулықтары туралы ақпараттың бірлігі және сақталушылығы, медмекемелер жұмыстарының ашықтығы, дәрігердің қателік жасау қаупін азайту, жылына шамамен 3200 т қағазды үнемдеу қамтамасыз етіледі. Аурулар туралы деректерді статистикалық өңдеу жұмысы жеңілдейді, бұл, өз кезегінде, алдағы кезеңге арналған бюджет шығындарын болжауды және есептеуді оңайлатады.
Пациентке алда жасалатын манипуляция мен оталық емнің көлемі жайында барынша көп ақпарат беріңіз. Отаның барлық кезеңдері жайында асықпай толық айтып беріңіз.
Бүгінгі таңда дәрігерді күту уақыты 30-дан 15 минутқа дейін қысқарды, талдау және зерттеу нәтижелерін алу уақыты (нәтижелерін смартфонға алу есебінен 5-тен 2 сағатқа дейін) жеделдетілді.
Жекелеген пациенттер тобы үшін әзірленіп жатқан мобилді қосымшалар жағдайды алыстан бақылау мүмкіндігін береді, бұл көмекті тез көрсетуге және емнің нәтижесін көтеруге, сол сияқты дәрігерге түсетін жүктемені азайтуға (келушілердің саны 12-ден 6-ға дейін азайды) мүмкіндік туғызады.