Руководитель медицинской организации

Машинаға салынатын дәрі қобдишасы: құрамына қойылатын жаңа талаптар

28 октября 2019
13
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
Mашинаға салынатын дәрі қобдишасы

Машинаға салынатын дәрі қобдишасы – бұл әр автомобилшіде болуға тиіс бірінші қажеттілік құралы. Қазақстанда оның жаңартылған жаңа нұсқасын бекітті. Бұл мақалада біз автомобиль дәрі қобдишасының жаңа құрамын, оны қолдану қағидаларын қараймыз және оның жарамдылық мерзімі болатындығын-болмайтындығын білеміз.

Автомобилшінің дәрі қобдишасына қойылатын талаптар

Машинаға салынатын дәрі қобдишасы зардап шеккендерге жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрілер мен құралдардан тұрады.

Қазақстанда еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жаңартылған құрамын бекітті.

Бекітілген құрамы Ресей мен Беларустың дәрі қобдишаларының құрамына ұқсас.

Автомобиль дәрі қобдишасы 5 жолаушыға есептелген. Әрбір автомобилист автомобиль дәрі қобдишасының құрамы жаңа талаптарға сәйкес келе ме, тексеруі керек және қажет болғанда оны жетпейтін таңу материалдарымен және антисептикалық құралдармен толықтыруы керек. 

Дайын дәрі қобдишасын автомобиль салондарынан және дәріханалардан сатып алуға немесе өз бетінше жинақтауға болады. Өз бетінше жинақтаған ыңғайлы, өйткені дәрі қобдишасына, бекітілген тізбеден бөлек, қажетті қосымша заттарды салуға болады және автомобилшілердің көбі осылай жасайды. Жол-көлік оқиғасы болған жерде жедел жәрдем бригадасын көбіне ұзақ күтуге тура келетінін ескеру керек, сондықтан ауыруды басатын препараттар жайлы алдын ала ойлаған дұрыс.

Машинаға салынатын дәрі қобдишасы: құрамына қойылатын жаңа талаптар
Оксана Иванова «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК хирургия бөлімшесінің жоғары санатты аға медициналық бикесі, Петропавл қ.
Анафилактикалық есеңгіреу кезіндегі ораманың құрамы көрсетілетін медициналық көмек түрінің деңгейіне байланысты болады. Сіздердің медициналық ұйымдарыңызда орама құрамына қандай дәрілік заттар мен ММБ болуы тиіс екендігін анықтау үшін

Дәрі қобдишасы болмағаны үшін жауапкершілік

Дәрі қобдишасының болмауы – әкімшілік құқық бұзушылық. Сондықтан автомобиль иесіне 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуы мүмкін. Оның көлік құралы «белгіленген жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес келмейді» деп бағаланады.

Автомобиль дәрі қобдишасының жаңа құрамы

Жаңартылған автомобиль дәрі қобдишасында не болу керек:

  • сутегінің асқын тотығы – 1 бірліктен;

  • стерилді дәке бинті;

  • стерилді емес дәке бинті;

  • медициналық стерилді дәке салфеткалар;

  • стерилді таңу пакеті;

  • медициналық гигроскопиялық стерилді мақта – 50 г;

  • қан тоқтататын бұрау;

  • бактерицидті лейкопластыр – 5 дана;

  • медициналық лейкопластыр (1 дана);

  • №№ 1,3,6 иілімді түтікті бинт (бірден);

  • медициналық стерилді емес қоғаптар (бір жұп);

  • мұқал басты қайшы (1 дана).

Дәрі қобдишасына қойылған жаңартылған талаптар оны кеңейтілген таңу пакетіне ұқсатып жіберді.

Оның негізгі кемшілігі – қызметінің аз болуы, себебі оның көмегімен енді тек бұрау салып, таңғыш қоюға болады.

Сондай-ақ бұрын оны дәрілік заттармен толықтыру керек деп шешілген болатын, алайда фармацевттердің табанды талап етуінен бұл шешім бекітілген жоқ.

Машинаға салынатын дәрі қобдишасы: құрамына қойылатын жаңа талаптар

Алғашқы көмек дәрі қобдишасының жарамдылық мерзімі

Алғашқы көмек дәрі қобдишасының жарамдылық мерзімі шектелген – 4,5 жыл құрайды. Автомобиль дәрі қобдишасындағы дәрілердің тізімін қысқартудың арқасында жарамдылық мерзімі бұрынғымен салыстырғанда ұзағырақ болып қалды.

Автомобилшілерге мерзімі дәрі қобдишасын сатып алған күннен емес, бетінде көрсетілген өндіру күнінен бастап есептелетінін ұмытпау керек.

Автомобиль дәрі қобдишасының жаңа құрамында препараттар болмағандықтан, автомобиль иелеріне олардың кейбіреуін: анальгетиктердің бір түрін («Нимесил», «Налгезин»), белсендірілген көмір, валидол, құрысуға қарсы дәрі, аллергияға қарсы препаратты сатып алу артық болмайды.

Дәрі қобдишасының жарамдылық мерзімін әр жарты жыл сайын тексеріп тұру маңызды. Оларды сақтау қағидаларын барлығы сақтамайтындықтан, препараттарды қыс кезеңінен кейін жылына 1 рет жаңартып отырған дұрыс.

Таңу құралдарын жарамдылық мерзімі өткенге дейін сақтайды.

«

ACTUALIS: Медицина

» электрондық жүйесінен басқа да пайдалы ұсынымдарды оқыңыздар 

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×