Руководитель медицинской организации

Қайтыс болу эпикризі: ресімдеу тәртібі және жазу үлгісі

29 октября 2019
4
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
қайтыс болу эпикризі

Қайтыс болу эпикризі – бұл қайтыс болған пациенттің тірі кезіндегі денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат. Амбулаториялық картадағы кезеңдік эпикриз деген не, ол не үшін қажет, бұл деректерді кім енгізеді – әрі қарай мақаладан білеміз.

Қайтыс болу эпикризі және оның қажеттілігі

Қайтыс болу эпикризі – бұл пациент ауруханада қайтыс болғаннан кейін жасалатын медициналық құжаттың ерекше түрі. Онда науқас ауырған аурулардың барлығын толық жазады. Сонымен қатар симптоматиканы, ауру ағымын, тағайындалған емді сипаттап, оны қайда және қашан алғандығы туралы деректерді жазады. Сонымен бірге пациентті жүргізген дәрігерлердің тектерін жазып, тағайындалған терапияның негізділігін белгілейді.

Егер қайтыс болуына негізгі ауруы себеп болмаған болса және дәрігер басқа аурулар туғызған ілеспе асқынулар болды немесе пациент қауіпті өмір салтын жүргізді деп есептесе, эпикризде гипотезалар және соның ішінде мамандардың пікірлері де жазылуы керек.

Қайтыс болу эпикризінің нысанын 2014 жылы Денсаулық сақтау министрлігі бекітті. Ол мына деректерді қамтитын бағандардан тұрады:

  • қайтыс болған адамның аты-жөні;

  • жасы;

  • оның қайтыс болған ауруханаға келіп түскен күні;

  • диагнозы;

  • қайтыс болуға әкелген себептер.

Қайтыс болу эпикризі: ресімдеу тәртібі және жазу үлгісі
Владимир Огарков «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «ХҚЭДО-Қазақстан» Цифрлық баспасының бірқатар басылымдарының авторы, м. ғ. к., доцент, Қарағанды қ.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап бастапқы медициналық көмек көрсететін барлық медициналық мекемелерге жаңа электрондық құжатайналымға көшу тәртібі қолданылады.

Кезеңдік эпикриз (үлгісі)

Үлгісін Интернеттен қиындықсыз табуға болатын кезеңдік эпикриз талдаулардың нәтижелерін, сондай-ақ пациентті жүргізген барлық клиникалардағы мамандардың қорытындыларын қамтуы керек. МКБ 10 тиісті нозологиялық нысанда қайтыс болған пациенттің негізгі диагнозы жазылады. Бұл ретте оның қайтыс болудың негізгі себебі не асқынудың салдары болған-болмағандығы маңызды емес. Әрі қарай барлық асқынуларды, зерттеп-қарау және талдау нәтижелерін толық баяндайды, қайтыс болудың тікелей себебі не болғандығының болжамын жасайды.

Амбулаториялық картадағы қайтыс болу эпикризі пациенттің алғаш рет жүгінген негізгі ауруын сипаттайды. Әрі қарай зерттеп-қарау барысында анықталған диагноздарды, дәрігерлердің барлық қорытындыларын және емдеу динамикасын көрсетеді.

Қайтыс болу эпикризі: ресімдеу тәртібі және жазу үлгісі

Кезеңдік эпикризде сонымен бірге қайтыс болу себебі болуы мүмкін негізгі аурумен ілесетін өзгерістер мен мүшелердің ауруларын көрсетеді. Мысалы, адам қатерлі ісікпен ауырды, соның салдарынан қайтыс болуына себеп болған инфаркт болды.

Амбулаториялық картадағы қайтыс болу эпикризі (үлгісі):

Кезеңдік эпикризді емдеуші дәрігер стационарлық емнің нәтижесі бойынша әр 10 күн сайын толтырады. Амбулаториялық картадағы қайтыс болу эпикризіне деректерді патологоанатом енгізеді.

Қайтыс болу эпикризі: ресімдеу тәртібі және жазу үлгісі
Жанат Табаева«ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы,
«Медицина ұйымының басшысы» журналының авторы,
заңгер, Алматы қ.
Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылық түрі болып табылады, қоғам үшін аса жоғары қатер болып табылатын құқық бұзушылықтар, – қылмыстар жасағандығы үшін көзделеді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамдық қауіптілік және жазаланатындық дәрежесіне қарай қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтарға бөлінеді.

Амбулаториялық картадағы жылдық эпикриз

Амбулаториялық картада жылдық эпикризді күнтізбелік жыл аяқталғанда жасайды. Оны әдетте 2 данада жасайды. Науқастың қайтыс болу себептерін ресімдеу кезінде шаблонын сақтайтын қайтыс болу эпикризіне қайтыс болған адамның туыстары немесе олардың заңды өкілдері сұрау сала алады.

Алайда медициналық құжаттардың медициналық құпияны жарияламау туралы заңмен қорғалатындығын және оларды тек соттың шешімімен ғана алуға болатындығын білу маңызды.

Кей жағдайда амбулаториялық картадағы кезеңдік эпикризді сот сұрауы мүмкін. Туыстары науқастың табиғи қайтыс болу себебіне сенбейтін, сөйтіп медицина мекемесімен дауласатын жағдайлар да орын алып жатады. Онда заңнама бойынша судья сұрау салып, қайтыс болған адамның амбулаториялық картасындағы кезеңдік эпикризді ала алады.

«ACTUALIS Медицина» электрондық жүйесінен басқа да пайдалы ұсынымдарды оқыңыздар

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×