Руководитель медицинской организации

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге күтім жасау

29 октября 2019
11
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
ауыр науқастарға күтім жасау

Ауыр науқастарға күтім жасау – күрделі де жауапты процесс. Пациенттердің өмірінің сапасы мен ұзақтығы оның жүзеге асырылу сапасына тәуелді. Мақалада жатқан науқастарға күтім жасау түсінігін, оның қағидалары мен ерекшеліктерін, сондай-ақ ауыр науқастардың тамақтарын ұйымдастыруды қарастырамыз.

Жатқан науқастарға күтім жасау

Ауыр науқастарға күтім жасау – бұл өмірлік маңызы бар жүйелері мен ағзаларының қызметі едәуір бұзылған адамдарға қамқорлық жасау. Науқастарға күтім жасауды сауатты ұйымдастыру қолайлы ахуал мен жағдайларды жасау, гигиена сақтау, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсету шараларының кешені болып табылады.

Жатқан науқастарға күтім жасау, сонымен бірге, оңалту іс-шараларының құрамдас бөлігі ретінде қимыл белсенділігі режимін сақтауды қамтуы керек. Күтім жасаушы қызметкер пациентке тиісті көңіл бөліп, мейірбандық танытуы керек.

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге күтім жасау
Динара Макажанова«ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «Аға медбике» журналының сарапшысы, эпидемиолог дәрігер, Алматы қ.
Пациенттің стационарда болу ережелері, күн тәртіптемесі, науқасқа туыстарының, әсіресе жан сақтау мен қарқынды терапия бөлімшелеріне келу ережелері – бұл стационарлық үлгідегі әрбір медициналық ұйымға арналған талаптардың стандартты жиыны. Проблема мұндай жергілікті құжаттарды жасау бойынша қолданыстағы заңнамада айқын нұсқаулардың жоқтығында, және де әрбір емдеу-профилактикалық ұйым (бұдан әрі – ЕПҰ) оларды өздігінше жасауға мәжбүр болады.

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге мейіргерлік күтім жасау

Ауыр және қозғалмайтын пациентке күтім жасаудың өз ерекшеліктері бар. Мұндай адамдардың қимылдау, тыныс алу, тамақтану, сұйықтық ішу және тағы басқа функциялары бұзылған.

Ауыр науқастарға күтім жасаудың негізгі ерекшеліктері:

  • физиологиялық және психологиялық тыныштықты қамтамасыз ету;

  • физиологиялық көрсеткіштерді бақылау;

  • жатқан қалыптан туындаған асқынулардың алдын алу;

  • гигиеналық іс-шаралар;

  • тамақтануды ұйымдастыру;

  • оптимизм мен уәждеме ахуалын қалыптастыру;

  • оңалту іс-шаралары.

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге күтім жасау
О.З. ИвановаПетропавл қаласы әкімдігі ДСБ КММ «Облыстық онкологиялық диспансер» ШЖҚ КМК хирургиялық бөлімшесінің жоғары санатты аға медициналық бикесі
Сонымен қатар, ота қаншалықты кәсіби орындалса да, отадан кейінгі кезеңде орта медициналық персонал жүзеге асыратын сапалы күтім өте маңызды. Осы кезеңнің алғашқы күндері асқынулардың алдын алу үшін – аяқ тамырларында тромбтар түзілмес үшін немесе пневмония дамып кетпес үшін (көбіне жасы үлкен адамдарда асқынады) – пациент барынша ерте отырып, сонан соң кереуеттен тұрып, жүруге тырысуы керек.

Ойылуларды өңдеу

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге мейіргерлік күтім жасау науқастардың өмірін едәуір жеңілдете алатын бірқатар манипуляцияны қамтиды. Олардың бірі – ойылуларды өңдеу  және олардың алдын алу. Жұмсақ тіндерге ұзақ уақыт бойы салмақ түсіп тұратындықтан адамның денесі ойыла бастайды. Сонымен қатар ауыр науқастардың денелері оларға күтім мұқият орындалмағаннан да ойылады (қыртыстанған және тамақ ұсақтары жатқан ылғалды төсек).

Келесі манипуляциялармен ойылудың алдын алуға болады: теріні таза және құрғақ күйде ұстау керек, ойылуы мүмкін жерлерді бриллиант жасылдың немесе марганцовканың спирт ерітіндісімен сүртіп тұру керек. Кептірілген жұқа теріні антисептигі бар арнайы креммен ақырын уқалайды. Ойылуларды өңдеуді медбикеге немесе дәрігерге тапсыру керек.

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге күтім жасау

Ауыр және қозғалмайтын пациенттерге күтім жасау

Жатқан науқастарға арналған гигиена құралдары

Жатқан науқастарға күтім жасау қағидалары бойынша күтім жасаушы персоналда арнайы гигиена құралдары болуы керек. Бұл орайда науқастарға күтім стационарда жасалып жатыр ма, әлде үйде ме маңызды емес – барынша жайлы ахуалды және тері гигиенасын қамтамасыз ету маңызды.

Стационарда және үйде жатқан науқасқа күтім күтім жасау технологияларының, манипуляциялардың стандарттары және деонтологиялық қағидаттар сақталумен жасалады.

Жатқан науқастарға арналған негізгі гигиена құралдары: тиісті өлшемдегі жөргектер немесе жаялықтар, тальк сеппесі, антисептигі бар кремдер, таза мақта киім-кешек, төсек жаймалары (іш киім және төсек жаймалары).

Ауыр науқастардың тамақтары

Ауыр науқастардың көбінде тәбет болмайды. Сондықтан жатқан егде адамға қандай тамақ беру керектігін білу маңызды. Кейде ол тамақ жей алмай, тіпті бұрынғы сүйікті тамақтарын да жақтырмай қалуы мүмкін.

Жатқан егде адамға қандай тамақ беру керек

Ауыр науқастардың тамақтары суық (салқын), майлы емес және жеңіл жұмсақ тағамдардан құралғаны дұрыс. Сондай-ақ тамақты аз мөлшерде беру керек. Науқасты жеуге, ішуге мәжбүрлеуге болмайды, кейде еріндерін сумен суласа да жетеді.

Туыстарға науқасқа күтім жасауды үйрету

Науқасқа туыстар қараған жағдайда оларға күтім жасаудың қыр-сыры егжей-тегжейлі түсіндірілуі керек.

Туыстарға науқасқы күтім жасауды үйрететін арнайы курстар болады, онда негізгі қағидаларды, оңалту іс-шараларын үйретеді, өмірді жеңілдете алатын жаңа технологиялар жайлы ақпарат береді.

Сонымен қатар, егде науқастарға күтім жасаудың ерекшеліктері жайлы айтады, өзін-өзі күту амалдарын, тамақтану және гигиена қағидаларын үйретеді.

«Аға медбике» журналынан басқа да пайдалы ұсынымдарды оқыңыздар

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×