Руководитель медицинской организации

Қарқынды терапия: ауыр жағдайларда емшараның маңыздылығы

31 октября 2019
4
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
қарқынды терапия

Қарқынды терапия – ағзаның ауыр жағдайларында қажетті шара. Мақаладан мұндай араласу қандай көрсетімдерде қажет, оған қандай рәсімдер кіретіндігін білеміз, сондай-ақ қарқынды терапия палатасы деген не екендігін анықтаймыз.

Қарқынды терапия деген не

Қарқынды терапия адам ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларының жұмысының бұзылуын жою немесе алдын алу қажет болған жағдайларда қолданылады. Ол қолдау көрсетуші немесе оның өз жүйелерін алмастырушы әдістерді қолдануды қамтиды.

Оларға инотропиялық қолдау көрсету, эфференттік терапия, өкпені жасанды желдету, ЭКМО (қанды оттекпен қанықтыру әдісі) жатады.

Жіті немесе өте ауыр халдегі пациенттерді қарқынды терапия палатасына жатқызады. Терапияның негізгі міндеті – ағзаның қорғаныш функцияларына қолдау көрсету және оларға патологиялық халге өтуге жол бермеу. Ағзаның негізгі функциялары тұрақталғанда пациентті әрі қарай емдеу мақсатында бейінді бөлімшеге ауыстырады.

Қарқынды терапияға көрсетімдер

Мұндай араласуды қай кезде қолданатындығын білу үшін, қарқынды терапия деген не екендігін ажыратып алайық. Бұл – тұрақты бақылау қажет кезде пациенттің өміріне қолдау көрсету және оған қарқынды күтім жасау амалдары. Мұндай шұғыл жағдайларға жүрек қызметінің және тыныс алу жүйесінің тоқтап қалуын, қанның тапшылығын жатқызады.

Мұндай жағдайда жүрек-өкпе реанимациясын, инфузиялық терапияны қолданады, осындай жағдайлардың пайда болу себептерін талдайды, оларды жою жолдарын іздейді. Сонымен бірге қарқынды терапия миы өлген донор адамның ағзасының жүйелерінің жұмысына қолдау көрсету жағдайында қажет.

Қарқынды терапия: ауыр жағдайларда емшараның маңыздылығы

Қарқынды терапия өткізу қажеттілігі стационарда дәрігердің қабылдауында, пациенттің үйіне барғанда, ауылдық жерде пайда болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда мамандар үшін ең бастысы – патология ошағын анықтау және, мүмкіндігінше, барлық қолжетімді әдістерді қолданып, оны жою.

Бұған қоса, науқасты оған көмекті толық көлемде көрсете алатын медмекемеге мүмкіндігінше тезірек және қауіпсіз жолмен тасымалдау керек.

Қарқынды терапия: ауыр жағдайларда емшараның маңыздылығы
Даутова A. А. «Нейрохирургия Ұлттық орталығы» АҚ анестезиология, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің аға медициналық бикесі
Пациентке күтім жасау – бұл пациенттің күшін қалпына келтіруге және қолдауға, ол үшін жылдам сауығуына, аурудың асқынуларынан сақтандыру мен профилактикасына септігін тигізетін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешені. Медицинада науқастарға күтім жасау дербес пән болып бөлінген және өзіне әртүрлі емдік тағайындауларды дұрыс және өз уақытында орындауды қамтитын іс-шаралардың біртұтас жүйесін білдіреді.

Қарқынды терапия бөлімшесі

Қарқынды терапия – бұл ауыр дерттер кезінде көрсетілетін шұғыл көмек. Қарқынды терапияның мамандандырылған және мамандандырылмаған бөлімшелері болады. Әдетте олар ірі медициналық мекемелерде және медициналық мекемелердің жанында орналастырылады, алайда кейде қарқынды терапия палатасы – бұл әлдебір бөлімшенің құрамына кіретін шағын стационарлардың құрамдас бөлігі.

Қарқынды терапия палатасы бөлімшеде ауыр дерттері немесе жарақаттары бар науқастарға қысқа уақыт қолдау көрсету мақсатында қолданылады. Мұндай бөлмелерде ультразаманауи және функционалдық кереуеттер, арнайы аппаратура – гемодинамикалық мониторинг жүйесі, наркоздық тыныс алу жүйелері, дәрілік трансфузиялық құралдардың қажетті қоры емнің нәтижелі өтуіне ықпал етеді.

Қарқынды терапия бөлімшесінде сонымен бірге дамуында ақауы бар, дене салмағы аз және өзге де жіті халдегі жаңа туған балаларға көмек көрсетіледі.

Осы мақсатта бөлімшелер барлық қажеттімен: тиісті біліктіліктегі персоналмен, арнайы инкубаторлармен, ӨЖЖ аппараттарымен, жылжымалы қондырғылармен жабдықталады. Ондағы іс-шаралардың барлығы ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес өткізіледі.

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ден оқыңыздар

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×