Руководитель медицинской организации

Емделуден және емдеуге жатудан бас тарту

31 октября 2019
1
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
емдеуден бас тарту

Емделуден бас тарту – бұл кез келген кәмелетке толған азаматтың құқығы. Мақаладан емдеуге жатудан бас тарту қалай жазылатындығын, емдеуден қандай жағдайларда бас тартуға болмайтындығын білеміз, сондай-ақ баланы емдеуден бас тартқан жағдайды салдары қандай болатындығын анықтаймыз.

Емдеуден бас тарту: құжатты жасаудың ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, емделуден бас тартуды кез келген пациент немесе оның қамқоршысы жаза алады. Ол үшін емдеуге жатудан бас тарту бланкісін толтыру керек.

Пациентке бас тартудың салдары және құжатқа қол қойғаннан кейін олар үшін өзі жауапты болатындығын алдын ала айту керек.

Стационарда әрі қарай емделуден бас тартуды комада немесе шок күйінде тұрған, әлеуметтік қауіпті сырқаттармен ауыратын және психикасы ауыр бұзылған пациент немесе пациенттің өкілі жаза алмайды.

Бас тартуды жазу үшін пациентке емдеуге жатудан бас тарту арызының үлгісін береді, оны науқастың өзі не оның заңды қамқоршысы толтыруы, сонан соң бланкке дәрігер қол қоюы керек.

Ерекше жағдайларда, мысалы, кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамның өміріне қауіп төнгенде медмекеме мәселені сот тәртібімен шешуге құқылы.

Емделуден және емдеуге жатудан бас тарту

Емдеуге жатудан бас тарту бланкісі

Емдеуге жатудан бас тартуды қалай жазады? Медициналық араласудың қажеті жоқ деген қорытындыға келген пациент келесі деректерден тұратын арызды толтыруы керек:

  • арыз берушінің немесе бас тартуды берушінің аты-жөні;

  • бас тартудың мәтіні;

  • арыз берушінің және дәрігердің қолдары;

  • қосымша құжаттардың тізімі.

Бас тарту нысаны еркін түрде жасалады және дәрігерлерге науқастың өмірі үшін жауапкершілікті мойындарынан алуға жететіндей мәліметті қамтуы керек.

Алайда ауруханада емделуден бас тартудың күші болмайтын жағдайлар да болады. Мысалы, пациенттің азаматтық әрекетке қабілеттілігі болмағанда және сонымен қатар оған оның жағдайын тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қажет болғанда.

Бұған қоса, сот-медициналық сараптама жүргізу шеңберінде, адам құқыққа қайшы әрекет жасағанда және айналадағы адамдар үшін қауіпті болып саналатын ауру болғанда бас тартудың күші болмайды.

Емделуден және емдеуге жатудан бас тарту
Н. ПокудинЗаңгер, Алматы қ.
  • Арыздану түрлері
  • Пациенттер шағымдарымен жұмыс істеу әдістері

Стационарда әрі қарай емделуден бас тарту

Стационарда емделуден бас тартуды қарап-зерттеудің кез келген кезеңінде жазуға болады. Жүктілік те ерекше жағдайға жатпайды. Тек ерік білдіру бұзылған жағдайда және алдында айтылған ерекше жағдайларда ғана кәмелетке толған азаматқа мәжбүрлеп емдеу қолданылуы мүмкін.

Баланы емдеуге жатқызудан бас тарту

Кәмелетке толмаған бала емделуге өз бетінше келісімін бере алмайды және өз бетінше емделуден бас тарта алмайды, себебі ол үшін ата-ана немесе басқа заңды өкілі жауапты болады. Алайда денсаулық үшін қауіпті жағдайларда аурухана ата-ананы ата-ана құқығынан айыру немесе оларға қылмыстық жаза қолдану мақсатында сотқа немесе қамқоршылық органдарына жүгіне алады (өте елеулі жағдайларда). Мұндай жағдайда балаға уақытша қамқоршыны тағайындайды.

«Медицина ұйымы басшысы » және «Аға медбике» журналдарынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×