Руководитель медицинской организации

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі

4 ноября 2019
5
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі денсаулық сақтау саласының мамандарына ғана емес, сонымен бірге фармацевтикалық өнімдердің айналу процесін бақылайтын және реттейтін мемлекеттік органдарға да керек. Бұл мақаладан дәрілік заттардың тізілімін қайдан алуға болатындығын, оны қалыптастырудағы мақсатты және оларды тіркеу қағидаларын білеміз.

Дәрілік заттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінің түрі қандай

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі – бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми басылымы.

Оны енгізу жұмысымен дәрілік өнімдердің айналысы саласындағы меморган айналысады. Ол ел аумағында тіркелген дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдардың және жабдықтардың тізбесін қамтиды.

Келтірілген дерекқор – бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен және оның бөлімшелерімен бірге өткізген дәрілерді және медициналық бұйымдарды тіркеу бойынша ауқымды жұмысының нәтижесі.

Дәрілік заттарды тіркеу жұмысы бірыңғай есепке алуды және барлық рұқсат етілген препараттар және медицина саласының өнімдері енгізілетін ортақ базаны жасау мақсатында жүргізіледі.

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі

Осылайша, препараттарды тіркеудің нәтижесінде дәрігерлерге, провизорларға, мемлекеттік қызметшілерге және кәдімгі тұтынушыларға қолдануға ыңғайлы дәрілер тізбесі қалыптасады. Тіркеу рәсімі келесі кезеңдерден тұрады:

1. Дәрілерді сараптау, яғни өндірістік жағдайларды бағалау, фармацевтикалық субстанциялардың үлгілерін зерделеу.

2. Сараптау комиссиясынан қорытынды шешімді алу.

3. Әзірлеушінің атынан өтініш беру, алымды төлеу.

4. Препаратты немесе медициналық бұйымды белгілі бір мерзімге тізілімге енгізу. Елдің аумағына өнім әкелетін адам оны тіркеу куәлігін алғаннан кейін ғана сата алады.

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі
Д. С. Мақажанова «Хирургия институты» ЖШС, «Медитерра» медициналық орталығының 1-санатты дәрігер-эпидемиологі
  • Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жұмыс істеу ережелері.
  • ДЗ мен ММБ, реагенттерді сақтау және таңбалау.
  • Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен ДЗ-ды алып тастау тәртібі.
  • ДЗ мен ММБ-дың ұйғарымы және беру.
  • Этил спиртін есепке алу

Дәрілік заттардың тізілімі

Дәрілердің тізбесін «мемлекеттік тізілім – препараттарды іздеу» бөлімін пайдаланып, дерекқордан көруге болады. Қажет өнімді оңай табуға болады, дәрілік препараттың тіркеу куәлігінің нөмірін енгізсе жеткілікті.

Бұл бөлімде қолдану нұсқаулықтарын, орамалардың макеттерін және тіркеу бұйрықтарын жүктеп алуға болады. Дәрілік заттардың құрылымдалған тізімдері – қазіргі заманғы фармацевтикалық алуан түрлілікте керемет бағдар.

ҚР-да қолдануға рұқсат етілген жабдықтардың тізілімі

Дәрілік заттардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне, фармацевтика өнімдерінен басқа, жабдықтардың тізілімі енгізілген. Онда елімізде қолдануға және жүзеге асыруға болатын медициналық техника қамтылған. 

Елдің аумағында қолдануға рұқсат етілген және кері шақырылған техникалық құрылғылар мен технологиялар жайлы ақпараттың барлығын www.emer.gov.kz сайтынан алуға болады.

Сондай-ақ жабдықтардың тізімінен қызықтырған медициналық техниканың өндірушісімен танысуға, техникалық сипаттамаларын, қолдану аясын және басқа да көптеген деректерін көруге болады.

Назар аударыңыз!
Тапсырыс беруші Дәрілік заттарды, медбұйымдарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бойынша өткізетін сатып алулардағы негізгі өзгерістер

Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі
А. А. Боган Заңгер, Алматы қ.
Қағидалардағы негізгі өзгерістер 2019 жылғы 30 мамырдағы өзгерістер күшіне енген сәттен бастап Қағидалар қолданысының аясына профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сатып алу түспейтініне қатысты болмақ.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің тізілімі

Медициналық көрсетілетін қызметтердің тізілімі – бұл әр мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы ең қажетті құжаттардың бірі.

Оның ортақ қолданыста болуының және оған кез келген азамат қол жеткізе алатындығының арқасында кез келген мүдделі адам әлдебір препараттың қолдануға рұқсат етілгендігіне көз жеткізе алады және оның тіркелген-тіркелмегендігін тексере алады. Ал бұл, өз кезегінде, тиісті ресімдеуден және тексеруден өтпеген өнімдер келтіруі мүмкін зияннан сақтандыра алады.

«ACTUALIS Медицина» электрондық жүйесінен басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыздар 

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×