БХТ мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде бірнеше маңызды міндеттер атқарады. Бұл мақалада жергілікті халықты тіркеу дегеннің не екенін біліп, сонымен қатар, денсаулық сақтау біртұтас ақпараттық жүйесі не үшін керек, ол қандай қызметтер атқарады деген сауалдарға жауап табамыз.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі дегеніміз не?
БХТ— бірыңғай ақпараттық деректер базасын қалыптастыруда көмегі тиетін маңызды жүйе. Ол әрбір бекітілген азамат туралы ақпаратты қамтиды. БХТ – бір уақытта бірнеше қызмет атқаратын тіркелім: бекіту, туу және қайтыс болу жағдайларын тіркеу, әрбір учаске, халық саны, халықтың жыныстық-жастық құрамыбойынша деректерді сақтау, ЖНЫК есебінде көмектесу.
Электрондық денсаулық паспорты
Қазақстан Республикасы азаматының денсаулық паспорты медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін, пациент туралы автоматтандырылған өзекті, толық ақпарат жинауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін денсаулық сақтауды ақпараттандыру бағдарламасына кіреді.
Бекітілген халық тіркелімі әр түрлі жүйешелерден тұрады.
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі 2010 жылы қабылданды. Оның негізгі мақсаты – қолжетімді медициналық көмекті қалыптастыру, медициналық қызмет алуда азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету және оның сапасын арттыру.
ДСБАЖ-дың негізі міндеттері:
-
деректерді жинау, сақтау және сараптауға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйе құру;
-
әрбір азаматтың/азаматшаның деректерін дербестендіру;
-
деректерді беру схемаларын және мерзімін оңтайландыру.
Айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлермен қамтамасыз етіп, ақпараттық жүйелердіенгізу керек (оларды әрі қарай бағыттаумен), қызметкерлерді онымен жұмыс істеуге үйрету қажет.
Пациентті туберкулез диспансеріне жатқызғанда оған ТХТ-ға тіркеу қажет пе

Жүкті және бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерді тіркеу
Жүкті және бала көтеруге қабілетті жастағы әйелдерді тіркеу тұрғындардың аталған тобының денсаулығын бақылауда ұстау мақсатында құрылған. Жүйені амбулаториялық ұжым мамандары – терапевтер мен гинекологтар қолданады.
Оның көмегімен жүкті және репродуктивті жастағы әйелдер тіркеледі, олар туралы барлық мәліметтер сақталады, керекті құжаттар жасақталады.
Диспансерлік ауруларды тіркеу
Туберкулозбен ауыратындардың ұлттық тіркеуі диспансерлік сырқатқа шалдыққандар туралы мәліметтерді жинақтау және өңдеу үрдісін жылдамдатты.
Диспансерлік аурулар тізімі тек қана тіркеуде тұрғандар ғана емес, одан шығарылғандар жайлы да ақпараттарды қамтиды. Жүйе екі бөлімнен тұрады: бас бостандығынан айрылғандар және азаматтық. Аталған бөлім бірнеше жүйелермен өзара қатынаста — РБЖ, БХТ және ЖНҚҚ.
БХТ бекіту
Қазақстанда денсаулық сақтау бірыңғай ақпараттық жүйесі медициналық көмектің тиімділігін басқаруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау тиімділігі қамтитын мәселелердің бірі - жергілікті халықты емханаларға тіркеу.
БХТ-бекіту ҚР-ның әрбір азаматына және мекен жай анықтамасына ие азаматтарға тегін жүзеге асады. Бір емханаға бекітіліп, бекітілген орынды жылына бір рет ауыстыруға болады.
Оның бірнеше жолы бар.
Біріншісі — өтініш пен жеке басын дәлелдейтін құжат арқылы мекен- жай бойынша медициналық орталыққа бару.
Екіншісі — «Электронды басқрау порталында» (алдын ала электронды-сандық қолтаңба алынуы тиіс) өтініш беру. Өтініш берілгеннен кейін тіркелгені туралы анықтаманы жеке кабинетте алуға болады.
Үшінші жолы — «Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін басқару»КЕ АҚ тіркеліп (ХҚКО), өзіне өзі қызмет көрсету орталығында жасау.
Тіркелу барысында есте сақталуы тиіс жайт, медициналық көмекті үйге шақырту арқылы алу үшін тұрғылықты немесе жұмыс жасайтын ауданындағы емханаға тіркелген болуы шарт.
Орталықты ауыстыру көшу барысында, әскери қызметті өтеу және тіркелген жұмыс орнына байланысты жүзеге асады.
Ол жыл сайын 15.09— 15.11 аралығында өтеді. Белгілі мекемеге тіркелген емделуші көмекті сол орталықта ала алады.
"Медицина ұйымының басшысы" журналынан басқа да пайдалы мақалаларды оқыңыздар
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 7 Бұйрығы. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
- "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V Заңы
- "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тіркелімі" порталының "Жүкті және фертильдік жастағы әйелдердің тіркелімі" кіші жүйесін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 674 бұйрығы
- "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы
- "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 27 шілдедегі № 461 бұйрығы