Руководитель медицинской организации

Тамырішілік катетерлер: күтім, асқынулардың алдын алу

22 ноября 2019
3488
Средний балл: 0 из 5
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, медсестра-анестезист отделения анестезиологии, реанимации и интенсивной терапии Городской клинической больницы № 7 г. Алматы

Веналарды катетерлендіру баяғыдан-ақ үйреншікті медициналық іс-әрекетке айналды. Стационарда орналасқан пациенттердің шамамен жартысына қандай да бір себептер бойынша тамырішілік катетерлер орнатылады

Веналық катетер арқылы венаішілік терапия

Веналық катетер арқылы венаішілік терапия асқынулар туындатпайды.

Заманауи іс-тәжірибе көрсеткендей, веналық катетер арқылы венаішілік терапия

асептика мен антисептика

ережелерін сақтау және катетерге бұлжытпас күтім жасауды қамтамасыз ету кезінде асқынулар туындатпайды.

Көпшілік жағдайларда тамырішілік катетерлер дәрілерді ауызбен қабылдай алмайтын, жағдайы ауыр пациенттерге; препаратты тиімді мөлшерінде жылдам және дәл енгізу қажет болған кезде, инфузоматтар пайдалану кезінде, сондай-ақ егер созылмалы пациенттерге венаішілік жиі енгізу талап етілетін, мысалы антибиотиктерді ағыншалық енгізу кезінде орнатылады.

Парентеральды тамақтандырудың негізгі ережелері

Тамырішілік катетерлер: күтім, асқынулардың алдын алу
О.З. Иванова Cтаршая медицинская сестра высшей категории
хирургического отделения КГП на ПХВ
«Областной онкологический диспансер» г. Петропавловск
  • Майлы эмульсияларды енгізу жылдамдығы: 10 % – 100 мл/сағатқа дейін, 20 % – 50 мл/сағаттан артық емес.
  • Глюкоза енгізу жылдамдығы – 0,5 г/кг/сағат.
  • Оңды азоттық теңгерімді ұстау ("ПП алтын ережесі").

Бұдан бөлек, катетердің көмегімен:

  • қан қысымының инвазивті мониторингі;
  • қан тоқтату

  • кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлер кезінде қан ағынына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • қан препараттарын ауыстырып құю;
  • толықтай немесе ішінара 

    парентеральды тамақтандыру;

  • су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіру жүзеге асырылады.

Веналық катетерді қоятын кезде венаны таңдау ерекшелігі

Уход за подключичным венозным катетеромКатетерлеу кезінде асқынуларды болғызбау үшін веналарды таңдап алу ережелерін білу маңызды. Мысалы, гемодинамикалық көрсетілімдерді инвазивтік тәсілмен өлшеу тек орталық катетер арқылы, ал дәрілік препараттар енгізуді шеткергі катетер арқылы бастау мүмкін болады.

Шеткергі веналарды таңдау кезінде алдымен дистальды веналарды пайдаланады. Егерде шеткергі веналарды катетерлеу кезінде негізінен ірі, оңай табылатын, беткі орналасқан веналар пайдаланылса, орталық веналарды катетерлеу іс жүзінде «соқырлықпен» жүргізіледі.

Назар аударыңыз!

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама – ауруханаішілік инфекция профилактикасына негізгі кілт

Тамырішілік катетерлер: күтім, асқынулардың алдын алу
Галина Зацепилова «Нейрохирургияның Ұлттық орталығы»
АҚ-ның санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау жөніндегі бас маманы, Астана қ.
  • Инфекциялардың профилактикасы мен бақылау бойынша Бағдарлама
  • Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мүшелерінің функциялары
  • Инфекциялық бақылау Бағдарламасы бойынша сауалнама

Веналық катетерді қойған кезде асқынудың туындау себептері

Бірде-бір дәрігер немесе медбике тамырішілік катетерлерді қою кезінде асептика мен антисептика ережелерін әдейілеп бұзбаған болар еді. Алайда асқынулар кездеседі, олардың үлесіне ауруханаішілік жұқпалар жалпы санының шамамен 16%-ы тиеді.

«Катетерлік» жұқпаның бірнеше себебі болуы мүмкін:

  • залалсыздандыру үшін сапасыз немесе заманауи талаптарға сәйкес келмейтін ерітінділерді пайдалану;
  • аутожұқтыру;
  • патогенді микрофлораның

     медперсонал қолдары арқылы берілуі.

Асептика ережелерінің негізгі бұзылулары

Орталық тамырішілік катетерді қою – бұл анестезиолог-реаниматолог дәрігер орындайтын хирургиялық іс-әрекет. Ол арнаулы жабдықталған үй-жайда, бетперде, тақия, стерильді халат пен қолғаптарды, кең стерильді жаймаларды қосқанда стерильді қорғаныс айлабұйымдарын барынша көп пайдаланумен жүргізілуі тиіс. Шеткергі венаны катетерлеуге палатада жол беріледі, алайда стерильділіктің барлық ережелері сақталуы қажет.

Медициналық бикеге үйде венаішілік тамшылық инъекцияны жасауға бола ма

Тамырішілік катетерлер: күтім, асқынулардың алдын алу
Марина Фалеева директор по развитию Профессорской клиники КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, г. Алматы
Үйде венаішілік тамшылық инъекциялар түріндегі медициналық көмек стационарды алмастыратын көмек шеңберінде үйдегі стационар нысанында ғана көрсетілуі мүмкін ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі 48 бабының 1 тармағы).

Шеткергі веналарды катетерлеу кезіндегі асқынулардың неғұрлым жиі кездесетін себептері – медициналық персоналда іс-тәжірибелік дағдылардың жоқтығы мен веналық катетерді қою мен оған күтім жасау әдістемесін бұзушылық. Жұқпаның алдын алу мақсатымен «Бұғана астылық катетерге күтім жасау» салалық стандартына сәйкес тамырішілік катетерлерге тұрақты күтім жасау жүзеге асырылады, жұқпаның өтуіне тосқауылдық қызмет атқаратын Tegaderm үлдірлік желімделгіштер пайдаланылады.

Жұқтыру себептері

Жұқтыруға мыналар әкелуі мүмкін:

  • катетерді пайдалану кезінде қолдарды дұрыс өңдемеу – стерильді 

    қолғаптарды

    киюдің алдында қолдарды өңдеуге салғырт қарауға болмайды, қолғаптарды оталық өрісті өңдеуден кейін алмастыру қажет, жуудың орнына бүркуге жол берілмейді;
  • іс-әрекеттер жасау үшін катетер канюлін пайдалану – катетер бұқтырмалары мен қосылысу жерлерінде, әсіресе ұзаққа созылған катетерлеу кезінде патогендердердің тұқымдары қалып қояды, сондықтан біз егер катетермен жасалатын кез келген әрекеттің алдында әр жолы 

    стерильді қолғаптар

    киіп отырсақ, онда пациенттің жұқтыру тәуекелі айтарлықтай төмендейді;
  • пункция орындарын өңдеуге арналған антибиотиктері бар жақпа майды пайдалану – антибиотигі бар жақпа майды катетер орнатылатын жерге жағу катетерге зеңдердің шоғырлану жиілігін арттырады, патогендердің қан ағысына түсуімен катетерлік жұқпалар жиілігін төмендетпейді,

    антибиотиктік

    -резистенттік бактериялардың белсенуіне жағдай жасайды;
  • катетерді орнықтырудың қате техникасы – бұл іс-әрекеттің жұғудың алдын алудағы маңызы зор;
  • желімделгіштерде сіңіруші қабат болуы және толықтай адгезивті болуы мүмкін; мөлдір адгезивті жапсырмаларды пайдалануда толып жатқан артықшылықтар бар (пункция орнын таңғышты алмастырмастанқарап шығу мүмкіндігі, таңғышты аптасына 1 рет алмастыру, таңғыш материалына аллергиялық реакциялардың болмауы).

Жұқтырудың алдын алу

Жұқтырудың алдын алу үшін:
  • пациент

     пен манипуляторды дайындау;
  • орнықтыруға арналған материалдарды пайдалану;
  • орнықтырушы таңғышты алмастыру;
  • окклюзиялық  таңғыштарды қолдану;
  • заманауи

    катетерлерді

    пайдалану;
  • катетерлер мен ұзартқыштардың барлық жанасу орындарын жабу үшін антисептикпен ылғалдалған майлықтарды қолдану;
  • катетермен жанасу жиілігін тағайындаулар мен қан алуларды сауатты үйлестіру жолымен  барынша азайту; көпжүрісті крандарды, ұзартқыштарды пайдалану;
  • катетерді

    оған қажеттілік жоқ болған кезде ғана алып тастау қажет.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×