Руководитель медицинской организации

Бикелік персоналдың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі

20 сентября 2019
1469
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, к. м. н, доцент, г. Караганда

Бикелік персоналдың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі

Бикелік персоналдың халық арасында жүргізетін алдын алушылық іс-шаралары

Халықтың СӨС мәселелері бойынша хабардарлық деңгейінің көтерілуі халықтың өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына қатысты мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді, сондай-ақ тұтастай алғанда халық денсаулығынан оңды көрінісін табады.
Бұл мәселеде орта буындағы медициналық персоналдың рөлі зор және жер-жерде іске асырылуы тиіс.
СӨС-н енгізу әртүрлі мамандықтардағы медициналық қызметкерлердің кәсіптік дайындығының интегралды құрамдасы болып табылады.
Денсаулық сақтау жүйесі арқылы іске асырылатын, СӨС-н қалыптастыру жөніндегі алдын алушылық шаралар кешенін медициналық профилактика деп атайды.

Халыққа қатысты медициналық профилактика жеке, топтық және популяциялық (жаппай) болуы мүмкін.
  • Жеке профилактика – бұл жекелеген пациенттермен профилактикалық іс-шаралар өткізу.
  • Топтық профилактика тәуекелдің ұқсас факторлары бар адамдар топтарымен жүзеге асырылады.
  • Популяциялық профилактика халықтың (популяцияның) үлкен топтарын қамтиды.
Бұдан бөлек, біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактика ажыратылады.

Біріншілік профилактика

Біріншілік профилактика – бұл денсаулықтың жай-күйі мен аурулардағы қандай да бір ауытқушылықтардың пайда болуынан сақтандыруға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені. Нақ осы жерде жеткіншек ұрпақта СӨС-на оңды көзқарасты қалыптастыру мақсатқа лайық және өз уақытында  жасалған болады.
Біріншілік профилактика:
  • қоршаған ортаның зиянды факторларының адам ағзасына әсер етуін төмендету жөніндегі шараларды (атмосфералық ауаның, ауызсудың, топырақтың, тамақтанудың құрылымы мен сапасын, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайлары сапасын жақсарту; психологиялық-әлеуметтік қажу мен өмір сапасына кері әсер ететін басқа да факторлар деңгейін төмендету);
  • салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі шараларды;
  • кәсіп жағдай жасайтын аурулар мен жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы өлімге ұшырау оқиғаларынан сақтандыру жөніндегі іс-шараларды;
  • халықтың әртүрлі топтарының ішінде иммундық профилактика жүргізуді қамтиды.

Назар аударыңыз!

Скринингтік бағдарламаларды іске асыру. Денсаулық мектептері

Бикелік персоналдың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі
К. М. Акылбаева «Денсаулық сақтау үздігі»,
Денсаулық сақтау басқармасы Үйлестіру кеңесінің мүшесі,
ШЖҚ «№ 24 қалалық емхана» МКК бас медициналық бикесі,
Алматы қ.
  • Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары бағыттарының бірі скринингтік бағдарламалар арқылы іс-шараларды күшейту болып табылады
  • Халықтың мақсатты топтарын скринингтік қарап-тексеруден өз уақытында өткізуді қамтамасыз ету қарап-тексеруден өтуге арналған, әзірленген маршрут бойынша жүргізіледі.
  • БМСК ұйымдарындағы денсаулық мектептері
  • Денсаулық мектептері жұмысындағы медициналық бикенің рөлі

Екіншілік профилактика 

Екіншілік профилактика ауруларды ертерек айқындауға, сондай-ақ олардың шиеленісуінен, асқынулары мен созылуынан сақтандыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, санитарлық-гигиеналық, психологиялық және өзге де іс-шаралар кешенін білдіреді.
Екіншілік профилактика:
  • пациенттер мен олардың отбасы мүшелерін нақты аурумен байланысты білім мен дағдыларға мақсатты санитарлық-гигиеналық оқытуды (бронхалық демікпеден, қант диабетінен, гипертониялық аурудан және басқалардан зардап шегетін науқастар үшін денсаулық мектептерін ұйымдастыру);
  • ауруларды дамуының ерте сатыларында айқындау мақсатымен медициналық тексеріп-қараулар өткізуді;
  • алдын алушылық (рецидивке қарсы) емдеу курстарын өткізуді қамтиды.

Үшіншілік профилактика, немесе оңалту 

Үшіншілік профилактика, немесе оңалту – бұл науқастың әлеуметтік және кәсіптік мәртебесін мүмкіндігінше толық қалпына келтіру мақсатымен айырылған тфункцияларды, тіршілік қарекетіндегі шектеулерді жоюға немесе өтемдеуге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік шаралар кешені.
Біріншілік профилактиканың аса маңызды құрамдастарының біріне салауатты өмір салтын қалыптастыру жатады, ол адамның тіршілік қарекетінің қолайлы жағдайларын жасауды, денсаулығын сақтау мен нығайтуға, өмірдің оңтайлы сапасын ұстап тұруға мүмкіндік беретін оның мәдениеті мен гигиеналық дағдыларының деңгейін арттыруды қамтиды.
СӨС-н қалыптастыруда маңызды рөл оны насихаттауға тиісті, оның мақсаты – денсаулықты сақтау мен нығайтуға, еңбек қабілеттілігінің жоғары деңгейін, белсенді ұзақ жасауға қол жеткізуге бағытталған, ғылыми негізделген санитарлық-гигиеналық нормативтердің негізінде халықтың гигиеналық мінез-құлқын қалыптастыру.

СӨС-н насихаттаудың аса маңызды бағыттары:
• денсаулықтьы сақтауға септігін тигізетін факторларды насихаттау:
  1. жеке гигиена,
  2. еңбек, демалыс, тамақтану гигиенасы,
  3. дене тәрбиесі,
  4. жыныстық өмір гигиенасы,
  5. медициналық-әлеуметтік белсенділік,
  6. қоршаған орта гигиенасы және басқалар;
• денсаулыққа зиянды әсер ететін тәуекел факторларының алдын алу жөніндегі шараларды насихаттау:
  1. жеткіліксіз дене жүктемесі кезінде тамақты шамадан тыс тұтыну,
  2. спиртті ішімдіктерді шамадан тыс тұтыну,
  3. есірткілер тұтыну,
  4. темекі тарту және т. б.

Салауатты өмір салтын насихаттау үшін әртүрлі формаларды пайдалануға болады:
  • ауызша – дәрістер, әңгімелесулер, радио мен теледидардан сөз сөйлеулер;
  • БАҚ, баспасөз формалары – ұрандар, санитарлық бюллетеньдер, газеттер мен журналдардағы жарияланымдар;
  • ұрандар, санитарлық бюллетеньдер, газеттер мен журналдардағы жарияланымдар, кітапшалар, үнқағаздар, күнтізбелер және басқалар басып шығару, әлеуметтік жарнама, плакаттар, суреттер, сұлбалар және өзгелер шығару;
  • көрнекті – бейнефильмдер, фотографиялар, слайдтар, микро- и макропрепараттар, муляждар мен макеттер.
Қазақстан аумағында құрылған, СӨС-н қалыптастыру қызметінің бастауыш бөлімшелеріне алдын алу бөлімшелері (кабинеттері) жатады. Олар БМСК құрамында, аудандық (қалалық) орталық ауруханалардың, диспансерлердің профилактика бөлімшелерінің құрамында ұйымдастырылады.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×