Дуоденальды шолғылау – бауыр мен өт шығару жолдарының аурулары кезінде диагностикалық және емдік мақсаттармен қолданылатын әдіс.
Оны өт қабының қабынуы, өт бөліп шығару жолдары мен бауырдың аурулары кезінде тағайындайды. Бұл рәсімді орындау техникасы медициналық қызметкерден мұқият дайындық пен жауапкершілікті талап етеді.
Дуоденальды шолғылау – бұл ұлтабар құрамын – өттің ішектік, асқазандық және панкреатикалық шырынның қоспасын зерттеуге арналған диагностикалық рәсім.
Мұндай зерттеу өт бөліп шығару жүйесінің, ұйқы безі секреттік функциясының жай-күйін бағалау мүмкіндігін береді.
Оны өт қабында тұрып қалған қақырық, ауызда күйік дәмін сезіну, жүрек айну, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, несептің молаюы сияқты симптоматикамен өтетін аурулар кезінде тағайындайды.
Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау тәртібі
Майя Абабкова "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ сарапшысы, "Аға медбике" журналының авторы, мейіргер ісінің жоғары санатты оқытушысы, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының МІ жөніндегі штаттан тыс бас маманы
Білікті бикелік көмек бәрінен бұрын медициналық бикелердің ұсынылатын қызмет түрлерінің сапасы мен жауапкершілігін көздейді. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін әрбір медициналық ұйымда бикелік іс-әрекеттердің стандарттары немесе басқаша айтқанда, медициналық бике іс-әрекеттерінің алгоритмдері және әртүрлі қағидалар әзірленуі және енгізілуі тиіс.
ұшында зәйтүні бар, стерильді біржолғы дуоденальды шолғы;
сыйымдылығы 20 мл стерильді шприц;
жұмсақ білікше;
жылы жылытқыш;
сүлгі;
науашық;
+40...+42 °С-қа дейін жылытылған 50 мл магний сульфатының 25 %-дық ерітіндісі немесе голюкозаның 40 %-дық ерітіндісі, немесе минералды су;
зертханалық сынауықтары бар штатив (үш сынауықтан кем емес, әрбір сынауықта өт мөлшерін А, В, С-мен көрсетеді);
зертханаға жолдама;
таза құрғақ құтыша;
қайнаған суы бар стакан (қызғылт түсті калий перманганатының ерітіндісімен, натрий гидрокарбонатының 2 %-дық ерітіндісімен немесе әлсіз тұзды ерітіндімен);
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген залалсыздандырушы ерітіндісі бар екі контейнер (тиісті таңбалануымен).
Машиналық өңдеу үшін медициналық аспаптар мен керек-жарақтарды салу ережелері
М. П. ГаппаровааMiele өнеркәсіптік жабдық бағытының жетекшісі, «Миле» ЖШС, Алматы қ.
Стерильдендірудің алдындағы тазарту стерильдендіру іс-шаралары кешенінің аса маңызды және міндетті кезеңі болып табылады. Оның сапасына стерильдендірудің тиімділігі көп байланысты болады. Стерильдендірудің алдында медициналық аспапты дайындау процесінің неғұрлым маңызды сатысы оны жуу автоматына салудың дұрыстығы болып табылады.
Он екі елі ішекті зондпен тексеру: орындау техникасы
1. Өзіңізді жылы шыраймен және құрмет көрсете таныстырыңыз. Алда тұрған рәсімнің мақсатын және оның кезектілігін түсіндіріңіз, ұсынылатын рәсімнің тәуекелдері мен тиімділігін сипаттаңыз.
Кез келген тексеріп-зерттеу пациентпен сенімгерлік қатынастар орнатудан басталады!
Ақпараттандырылған келісім – бұл емдеу мен диагностиканың барлық аспектілері жан-жақты келісілген құжат, оған пациент қол қояды және пациенттің емдеу мен диагностиканың нақты әдісін алуға ерікті келісімін берудің кепілдігі болады.
Инвазивті рәсім – бұл адам ағзасының ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын оталар мен іс-әрекеттердің көмегімен ауруларды емдеу мен диагностикалау әдісі.
3. Рәсімді өткізудің қарсаңында пациентке жеңіл-желпі кешкі ас және 22.00-де – бір стакан тәтті шай беріңіз. Зерттеу таңертең ашқарынға жүргізіледі.
Назар аударыңыз!
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін қажетті зерттеп-тексерулер тізбесі қандай бұйрықпен белгіленген?
Галина ПаськоС.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Стоматологиялық клиникасының бас медбикесі, ҚР ДСМ Үйлестіру кеңесінің мүшесі, жоғары санатты, Алматы қ.
Стационарлық көмек көрсету қағидалары мен жоспарлы емделуге жатқызуды ұйымдастыру тәртібі ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі.
Шолғыда тік тұрған кездегі пациенттің кіндігінен алдыңғы тістеріне дейінгі арақашықтықты белгілеңіз. Пациентке отыруды, жағасын ағытуды, белбеуін шешуді ұсыныңыз.
Пациенттің мойны мен кеудесіне сүлгі салыңыз, агер олар бар болса, онда тіс протездерін алып тастауды өтініңіз. Қолдарына сілекейге арналған науашықты беріңіз.
Стерильді іскекпен стерильді шолғыны алыңыз, шолғының зәйтүні бар ұшын қайнаған сумен ылғалдаңыз. Оны оң қолмен зәйтүннен 10–15 см қашықтықтан ұстаңыз, ал сол қолмен бос шетін ұстаңыз.
Пациенттің оң жағына тұрып, оған ауызын ашуды ұсыныңыз. Зәйтүнді тіл түбіріне салыңыз және пациенттен жұту қозғалысын жасауды өтініңіз, онымен бір мезгілде шолғыны 5-белгіге дейін енгізіңіз.
Ескерту. Медбике шолғыны тек демеп тұрады, күшпен енгізуге тыйым салынады. Егер пациент жөтелсе, цианоз пайда болса, онда шолғыны дереу шығарып алыңыз. Пациентке тыныс алуын қалпына келтіруге уақыт беріңіз және рәсімді жалғастырыңыз.