Руководитель медицинской организации

Медициналық көмек сапасы: сапаны бақылау жүйесі, сапаны бағалау өлшемшарттары

30 октября 2019
308
Средний балл: 0 из 5
автор журнала “Руководитель медицинской организации”, заведующая кафедрой менеджмента здравоохранения КазМУНО, к. м. н., ассоциированный профессор

Медициналық көмектің сапасы және халықтың денсаулық жағдайы - мемлекеттің өзінің азаматтарының алдындағы жауаптылық деңгейін сипаттайтын қоғамның әлеуметтік бағдарлануының, әлеуметтік кепілдіктерінің негізгі көрсеткіштері

Медициналық көмек сапасы: сапа компоненттері

Медициналық көмек сапасы терминінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Медициналық көмек сапасы (quality of medical care) – көрсетілген медициналық көмектің пациенттің (халықтың) қажеттіліктеріне, оның күтулеріне, медицина ғылымы мен технологиясының заманауи деңгейіне сәйкестігін растайтын сипаттамалардың жиынтығы (Линденбратен А. Л., Григорьева Т. Н., 2007).

«Денсаулық сақтаудың кез келген реформасы медициналық көмек сапасын үздіксіз жақсартуды, оның тиімділігін арттыруды көздеуі және өзіне бұл мақсатқа қол жеткізудің айқын әзірленген стратегиясын қамтуы тиіс» (БДҰ-ның денсаулық сақтауды реформалау жөніндегі Любляна хартиясы, 1997).

БДҰ-ның анықтамасы бойынша, «Медициналық көмек сапасы – бұл көрсетілетін медициналық көмекті денсаулық сақтаудың өмір сүріп отырған жүйесі мен нақты емдеу мекемесінің өмірлік жағдайларында медициналық ғылым мен технологияның заманауи деңгейіне сәйкестендіру шарасы».

БДҰ медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметтің міндеттері мен мазмұнын анықтау кезінде төрт құрамдасты бөліп көрсетеді:

1) кәсіптік функцияларды орындау (технологиялық сапа);

2) ресурстарды пайдалану (техникалық сапа);

3) тәуекел дәрежесін (медициналық араласушылықтар нәтижесінде жарақаттану немесе ауру туындау қауіптілігі) бақылау;

4) пациенттің медициналық қызмет көрсетуге қанағаттанушылығы.

Медициналық көмек көрсету процесіне қатысушының әрқайсысында өз талаптары бар.

  • Пациент қайтадан дені сау, жас, әдемі болуды армандайды.
  • Докторлар мен медбикелер өздерінің ауыр еңбегі үшін лайықты жалақы, құрмет, мәртебе алғылары келеді; ресурстармен заманауи деңгейде қамтамасыз етілуді, жұмысты дұрыс ұйымдастыру мен өкілеттіліктерді бөлісуді қажетсінеді.
  • Менеджерлер, қаржыгерлер, медициналық қызмет көрсетуді бақылау қызметі медициналық ұйым жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттырғысы келеді.

Медициналық көмектің сапасы: ЕПМ медициналық көмегінің сапасын бағалау
А. Б. МолдагасимоваАлматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, PhD докторы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» магистрі, жоғары санатты дәрігер, «Денсаулық сақтау үздігі»
2017 жылдың бас кезінде Департаментке Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау департаментінің жекелеген функциялары берілді.
Бұл ретте тегін медициналық көмек көлемі елеулі өзгерістерге ұшырамайды, шұғыл медициналық көмек тегін болып қалады.

ЕПМ медициналық көмегінің сапасын бағалау

Қазіргі уақыттағы медициналық көмекке қанағаттанбаушылықтың негізгі себептері:

  • Дәрігерлер біліктілігінің  жоғары деңгейде болмауы (45,9 %).
  • Мемлекеттік қолдаудың жоқтығы (13,5 %).
  • Дәрігерлердің ықылассыздығы (5,3 %).
  • Ақшалай көп шығындарды қажетсіну (35,2 %).

Келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, медициналық көмек сапасының мәселелері екі: технологиялық және техникалық құрамдасқа тікелей байлагнысты болады (БДҰ анықтамасы бойынша).

Нарықтық экономикада ұйым сыртқы орта үшін ашық жүйе ретінде қарастырылады. Ол кіру кезінде сыртқы орта, капитал, энергия, жабдық, дәрілер, еңбек ресурстарының жай-күйі туралы ақпарат алады. Өндіріс процесінде бұл ресурстар көрсетілетін қызметтер болып қайта түрленеді.

Кез келген емдеу-профилактикалық ұйымның (бұдан әрі – ЕПҰ) операциялық жүйесі мыналарды қамтиды:

  • Қайта өңдеуші қосымша жүйе – өндірістік жұмысты клиникалық басшылықтарға және стандарттарға сәйкес орындайтын бөлімшелер (емдеу-диагностикалық бөлімшелер).
  • Қамтамасыз етудің қосымша жүйесі – өңдеуші жүйенің жұмысына қажетті функцияларды орындайтын бөлімшелер (шаруашылық қызметі).
  • Жоспарлау және бақылаудың қосымша жүйесі – қайта өңдеуші жүйенің жұмысы үшін иқажетті функцияларды орындайтын бөлімшелер (әкімшілік бөлімшелер).
Шығатын жерде – пациент денсаулығының жай-күйін жақсару жағына қарай, сондай-ақ нашарлау жағына қарай да өзгертуі мүмкін, көрсетілген медициналық қызметтер, оған пациенттердің қанағаттанушылық дәрежесі, сондай-ақ көрсетілген көмек көлемі, қосымша табыс байланысты болады.
Жүйелер теориясы басшыларға ұйымның жекелеген бөлімдерінің арасындағы және ұйым мен оны қоршаған ортаның арасындағы өзара тәуелділікті түсінуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58-бабына сәйкес медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама жүргізіледі. Сараптаманың нысаны олардың сапа деңгейін анықтайтын индикаторлардың негізінде көрсетілген медициналық қызметтердің нәтижелерін талдау мен бағалау болып табылады.
Медициналық қызметтер көрсету сапасының индикаторлары – медициналық қызметтер көрсетудің  денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі мен тиімділігі, толықтығы көрсеткішін бейнелейтін критерийлер, олар мынаны қамтиды:
  • Құрылым индикаторлары – адам, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік критерийлері.
  • Процесс индикаторлары – профилактика, диагностика, емдеу мен оңалту технологияларын сақтауды бағалаудың критерийлері.
  • Нәтиже индикаторлары – денсаулық сақтау ұйымы немесе жеке тұлғаның медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесінде денсаулықтың жай-күйін бағалаудың критерийлері.

Осыған байланысты индикаторда аты, өлшем бірлігі, ақпараттың мерзімділігі, ақпарат көзі, шекті мәні болуы тиіс. Индикаторлардың көрсетілген түрлері мониторинг пен бағалау жүйесінің белгілі бір кезеңдеріне сәйкес келеді.

Кіре берісте құрылымның шартты индикаторлары, өндірістің қосымша жүйесінде – процесс индикаторлары, шыға берісте – нәтиже индикаторлары.

  1. Құрылым индикаторларының мысалдары:
  2. Медициналық ұйымның техникамен және жабдықтармен жарақталуы.
  3. Соңғы 5 жылдың ішінде мамандардың санатталуы және медициналық қызметкерлердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі.
  4. Штаттық нормативтерге сәйкестік.
  5. Қарап-тексерілуге жататын халықтың нормативтерге сәйкес профилактикалық скринингпен қамтылуы.
  6. Орта медициналық персонал дәрігер арақатынасы.
  7. Қандай да бір мамандықтағы дәрігерлердің дәрігерлердің жалпы санындағы пайызы.
  8. Кәсіптік жетілдіруден өткен қызметкерлердің үлесі (%).
  9. Бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар қызметкерлердің үлесі (%).
  10. Кадрлардың тұрақтамаушылығы (%).

Нәтиже индикаторларының мысалдары:

  1. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың мүгедектікке бірінші шығуы.
  2. Жалпы өлімнің, оның ішінде есептік кезең ішінде бекітілген халықтың арасында еңбекке қабілетті жастағылар өлімінің көрсеткіші.
  3. Халықтың емхана жұмысы сағаттары кезінде жедел медициналық жәрдемді шақырулары.
  4. Мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда, есептік кезең ішіндегі негізделген шағымдардың жалпы саны.
  5. Бекітілген халықтан жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынулары бар науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі:
  • артериялық гипертензия;
  • миокард инфаркті;
  • инсульт.

Медициналық көмектің сапасын бағалау өлшемшарттары

Сапаның ішкі сараптамасында үш деңгей бар:

  – 1-деңгей – өзін-өзі бақылау (дәрігер, медбике);

  – 2-деңгей – басшылар деңгейіндегі (бөлімше меңгерушілері) бақылау;

  – 3-деңгей – пациентті қолдау мен ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі – ПҚжІБҚ).

Толығырақ «Медицина ұйымының басшысы» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×