Руководитель медицинской организации

Медициналық бикелер үшін кәсіптік зияндылық факторлары

15 октября 2019
2427
Средний балл: 0 из 5
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, медицинская сестра, г. Алматы

Аурулардың диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістерін меңгеру медбикелердің денсаулығы мен олардың жұмысының тиімділігіне қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Медициналық бикелер үшін кәсіптік зияндылық факторлары

Кәсіптік зияндылықтар – өндіріс жағдайларында жұмыс істеушілерге әсер ететін әртүрлі факторлар, олар сипатына және айқындылық дәрежесіне қарай жұмысқа қабілеттілікті төмендетуге, кәсіптік аурулар мен уланулардың туындауына, еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен ауруға шалдығушылықтың өсуіне, сондай-ақ жұмыс істеушілердің өздерін немесе олардың ұрпақтарын кейінгі мерзімдерде кері салдарларға әкелуі мүмкін.

Кәсіптік зияндылық факторларының медициналық персоналға әсер етуін зерделеу қазіргі уақытта жаңа технологиялық үдерістердің, заманауи жабдықтардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың (бұдан әрі – ММБ) енгізілуімен, неғұрлым жетілдірілген дәрілік заттардың қолданылуымен өзекті бола түсті. Аурулардың диагностикасы мен емдеудің жаңа әдістерін меңгеру медбикелердің денсаулығы мен олардың жұмысының тиімділігіне қолайсыз әсер етуі мүмкін.

Өз қызметінің тегіне қарай медициналық бикелер өндірістік орта мен еңбек процесінің мынадай әртүрлі қолайсыз факторларының әсеріне ұшыраулары мүмкін:
  • жоғары жүйкелік-эмоциялық қауырттылық;
  • мәжбүрлі жұмыстық кейіп;
  • ағзаның талдаушылық жүйелерінің (қабылданған тітіркенулерді талдауды және осы негізде ағзаның жауап қызметін құру үшін сигналдар жасап шығаруды қамтамасыз ететін) аса қауырттылығы;
  • зиянды химиялық заттар мен биологиялық агенттер, иондаушы және иондамайтын сәулеленулер, канцерогендер мен басқалар.
Кәсіптік зияндылықтар – өндіріс жағдайларында жұмыс істеушілерге әсер ететін әртүрлі факторлар, олар сипатына және айқындылық дәрежесіне қарай жұмысқа қабілеттілікті төмендетуге, кәсіптік аурулар мен уланулардың туындауына, еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтумен ауруға шалдығушылықтың өсуіне, сондай-ақ жұмыс істеушілердің өздерін немесе олардың ұрпақтарын кейінгі мерзімдерде кері салдарларға әкелуі мүмкін.

Медициналық бикелер үшін кәсіптік зияндылық факторлары
Жанна Татимова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы , заңгер, Алматы қ.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 28 бабына сәйкес, еңбек шартында (басқа да міндетті тармақтармен қатар) жұмыс орны, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де талаптар, еңбек жағдайларының сипаттамасы, егер жұмыс ауыр жұмысқа жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе) қауіпті жағдайларда орындалатын болса, кепілдіктер мен жеңілдіктер, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс.

Кәсіптік зияндылық факторлары:

Ауыр науқасқа әжет ыдысын беру, төсек-орнын қайта салу, пациентті зембілге, тасу арбасына ауыстырып салу және медбикенің өзге де  іс-әрекеттері  омыртқаға, тірек-қозғалыс аппаратына түсетін елеулі физикалық жүктемелерге байланысты, бұл омыртқа, тізе буындарының жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Дене биомеханикасын білу жарақатты болғызбауға мүмкіндік береді. Омыртқа, тірек-қозғалыс аппаратының жарақаттануынан сақтану мақсатында белгілі бір ережелерді сақтаумен отыруға, тұруға және ауырлықтарды көтеруге болады.

Химиялық заттардың зиянды әсері

Химиялық заттар (дәрілік препараттар, дезинфектанттар) ағзаға шаң немесе булар түрінде тыныс алу кезінде түсуі, теріге сіңірілуі, көздерге немесе ауызға өтуі мүмкін. Олардың әсер етуі тері реакцияларымен, бас айналулармен, бастың ауыруымен және алқынумен көрініс беруі мүмкін. Химиялық заттардың төмен мөлшерлерінің тұрақты әсер етуінің шалғай нәтижелері түсіктер, бедеулік пен балалар дамуындағы туа біткен кемістіктер, жүрек, өкпе және бауыр аурулары, бүйректердің зақымдануы, қатерлі жаңа түзілімдер болуы мүмкін.

Сәулеленудің зиянды әсерін

Сәулеленудің зиянды әсерін адамның сезім мүшелері қабылдамайды, оны көруге, естуге, иіскеп сезуге, дәмін татып көруге болмайды. Сәулеленудің талқандаушы әлеуеті туралы біле отырып, медициналық бикелер оның әсер етуін бастан өткізуі мүмкін. Рентген сәулелері сәулеленудің ең айқын көздері болып табылады. Сәулеленудің жоғары мөлшерлері өлімге әкеледі.
Медициналық бикелер жұмыс процесінде сондай-ақ биологиялық материалмен және жаралармен жанасады, демек, жұқтырудың үлкен тәуекеліне ұшырайды.

Микробиологиялық қауіп

Патологиялық микроағзалар әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Мысалы, қызылша кезінде вирус жұқтырып және ұрықты зақымдай отырып, ұрпақжолдасқа өтеді, ал эпидемиялық паротит еркектердің бедеулігіне әкелуі мүмкін.
Инелермен және басқа өткір ММБ-мен жұмыс істейтін медициналық  персонал тері жабындары бүтіндігінің кездейсоқ бұзылуларының жоғары тәуекеліне ұшырайды, олар қан арқылы берілетін патогенді қоздырғыштармен, оның ішінде В гепатитінің вирустарымен (НВV), С гепатитінің вирустарымен (НСV) және адамның иммундық тапшылық вирусымен берілетін қоздырғыштармен ауыр және тіпті өлімге әкелетін зақымданумен қатар жүрулері мүмкін.

Психологиялық-эмоциялық қобалжушылық

Медициналық бикенің жұмысы ауырсынумен, азап шегулермен, өліммен тығыз байланысты, бұл психологиялық-эмоциялық қобалжушылық туындатуы мүмкін. Басқа адамдардың өмірі мен есендігі үшін жауапкершілік жұмыстан қанағаттану алудың көптеген мүмкіндіктерін беретіндігіне қарамастан, бике көбінде өзінде физикалық және эмоциялық асқан қобалжушылықты сезінеді және салдары ретінде – ширығу симптомдары пайда болады:
  • ас қорытудың, ұйқының бұзылуы;
  • гипертензия;
  • ашуланшақтық;
  • ұйқысыздық;
  • шаршап-шалдығушылық.
Үнемі ширығу жүйкелік титықтауға (қызығушылықтың жоғалуы мен пациенттер мен әріптестеріне көңіл бөлудің жоқтығы) және эмоциялық титықтауға (бұл кезде күтім жасауды жүзеге асыратын тұлға пациентке ешқандай оңды сезімдер, көңіл қою немесе құрмет көрсетуді танытпайды) әкелуі мүмкін.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

  

  

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×