Руководитель медицинской организации

2019 жылғы еңбекке қабілетсіздік парағы: беру ережелері, парақтың мерзімі, төленуі

18 октября 2019
305
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Руководитель медицинской организации”, юрист, г. Алматы
Еңбекке қабілетсіздік парағы

Еңбекке қабілетсіздік парақтары қандай жағдайларда беріледі? Медициналық-әлеуметтік сараптама қалай өткізіледі және еңбекке қабілетсіздік парағы қалай дұрыс толтырылуы тиіс?

Қазақстанда енгізіліп жатқан медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) мен мобилді денсаулық сақтаудың элементтері денсаулық сақтау ұйымдарына денсаулық сақтауды басқару органдарына ұсынатын есептіліктерді жасау жылдамдығы мен дәлдігін арттыруға, құжаттармен өнімсіз жұмыс істеу уақытын қысқартуға, медициналық қызметті ақпараттық қолдау есебінен медициналық көмек көрсету сапасын көтеруге және, соның нәтижесінде дәрігерлік қателіктердің санын азайтуға көмектеседі.

Электронды құжат айналымының арқасында деректерді бір базада жүргізудің және оларға кез келген уақытта қол жеткізе алу мүмкіндігінің арқасында пациенттің ауру тарихын жүргізу жеңіл болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің санатында емханаға тіркеу рәсімі толықтай автоматтандырылады, бұл адамның бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымында міндетті түрде болу қажеттілігін жояды.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру ережелері

ҚР ЕК 133 - бабының номаларында жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндеттілігі бекітілген.

Еңбекке уақытша жарамсыздық – адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді.

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың төленуіне негіз болып табылады.

Еңбекке қабілетсіздік парағы
Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын қандай жағдайларда береді?
Сырқаттық парақты мынадай жағдайларда ресімдейді:
  • жіті созылмалы ауруларда

    , олар асқынғанда;
  • еңбекке қабілетсіздікті уақытша жоғалтумен байланысты жарақат алғанда және уланғанда;
  • жүктілікті жасанды жолмен тоқтатқанда;
  • науқас балаға күтім жасағанда;
  • жүктілік кезінде және босанғанда

    ;
  • жаңа туған баланы асырап алғанда;
  • шипажайлық-курорттық ұйымдарда емделгенде;
  • карантин кезінде;
  • ортопедиялық протездеу кезінде.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ұғымының анықтамасы 2-тармақтың 3) тармақшасында берілген.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын сақтау және беру журналының бекітілген нысаны бар ма?

2019 жылғы еңбекке қабілетсіздік парағы: беру ережелері, парақтың мерзімі, төленуі
Майя Абабкова Эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина», автор журнала «Старшая медицинская сестра», преподаватель сестринского дела высшей категории, главный внештатный специалист по СД Управления здравоохранения г. Алматы.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын сақтау, толтыру мен беру ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 31 наурыздағы " Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" № 183 бұйрығымен регламенттеледі.

Ереженің 2 - тармағының  3) тармақшасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығы бұйрығымен бекітілген, Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалардың 2 - тармағына сәйкес, Халық денсаулығы туралы кодекстің 59 - бабының 2 - тармағына сәйкес Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, ал ол жоғалған кезде – телнұсқасы жәрдемақыны тағайындау және төлеу үшін негіздеме болып табылады.

Жәрдемақы төлеу үшін ұсынылған еңбекке жарамсыздық парақтары мен басқа да құжаттар ақша қаражаттарының құжаттарымен теңдей ұйымның бухгалтериясында сақталады, сондықтан жұмыс берушіге басқа актіні ресімдеудің қажеті жоқ.

Назар аударыңыз!

ҚР ЕК 133-бабының 1-тармағына 

сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
Бұл ретте, ҚР ЕК 133-бабының 4-тармағына сәйкес, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда, өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған

өндірістік жарақаттарының салдарынан

еңбекке уақытша қабілетсіздігі туындаған жұмыскерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша жұмыскерді

мәжбүрлеп емдеген 

 (психикалық науқастардан басқа) уақыт үшін және тағы бірқатар жағдайларда төленбейді.
Еңбекке қабілетсіздік парағы
Маңызды!
Жұмыс беруші жұмыскердің жалақы сақталмайтын демалыс кезеңінде сырқаттық парақта болған уақытының ақысын төлеуге міндетті емес, өйткені ол жұмыскерге оның жеке мақсаттарына ақы төленбей берілетін әлеуметтік демалыс.

Еңбекке жарамсыздық парағының мерзімі

Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

Қандай жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы, қандай жағдайларда еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы анықтама беріледі?

2019 жылғы еңбекке қабілетсіздік парағы: беру ережелері, парақтың мерзімі, төленуі
Надиля Шильтерханова «Актуалис Медицина» ЭЖ сарапшы редакторы
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ пен анықтама беру қағидалары 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрықпен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттеледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы — адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.

Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады.
Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге береді. Үш күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.

Назар аударыңыз!

Егер жұмыс істейтін анасы стационарлық емделуде болса, бала күтіміне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын әкесіне (баланың дені сау, мектепке дейінгі ұйымға барады, 1,5 жаста) беруге бола ма және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ауруханадан шығарылған кезде жұмыс істейтін анасына беріле ме?

2019 жылғы еңбекке қабілетсіздік парағы: беру ережелері, парақтың мерзімі, төленуі
Жанна Татимова эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, юрист, г. Алматы
Бұл жағдайда жұмыс берушілер баланың әкесі мен анасы жұмыс істейтін жері бойынша төлем жасайтын еңбекке уақытша жарамсыздықтың екі парағы берілмейтінін есте ұстау қажет.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын төлеу

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 32) тармақшасына және 133-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Қағидаларда жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау және төлеу тәртібі белгіленген.
Жәрдемақыны тағайындауға және төлеуге еңбекке қабілетсіздіктің сырқаттық парағы, ал ол жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес берілетін дубликаты негіз болады.
Жәрдемақы жұмыс орны бойынша еңбекке қабілетсіздік парағында көрсетілген мерзімге төленеді. 
Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы бойынша жәрдемақы әрбір жұмыс орны бойынша тағайындалып, төленеді.
Еңбекке уақытша қабілетсіздік жұмыскер жұмыстан шеттетілген кезеңде басталған жағдайда Кодекстің 48-бабының 4-тармағына сәйкес жәрдемақы төленбейді.
Егер еңбекке уақытша қабілетсіздік жұмысқа жіберілгеннен кейін де жалғасатын болса, еңбекке уақытша қабілетсіздік парағының ақысы жұмыскерді жұмысқа жіберген күннен бастап төленеді. Жұмыс беруші жұмыскерді жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайды оның жалақысы сақталады.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×