text
MCFR.KZ Медицина

ҚР медициналық қызметті лицензиялау

  • 10 сентября 2018
  • 159
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Руководитель медицинской организации”, юрист, г. Алматы
Медициналық қызмет саласындағы лицензиялау ережелері туралы
Медициналық қызмет саласындағы лицензиялау ережелері туралы

Медициналық және фармацевтикалық қызмет ҚР лицензиялау туралы қаңнамасында белгіленген тәртіпте лицензиялауға жатады.

Лицензияны қайта ресімдеу қажет. Медициналық қызмет саласын лицензиялау туралы ережені және оған толықтыруларды қайдан алуға болады?

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыргүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 193-IV кодексінің (2018.24.05 өзгерістер және толықтыруларымен) (бұдан әрі – ҚР кодексі) 13-бабына сай медициналық және фармацевтикалық қызмет Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте лицензиялауға жатады. 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен (2018.01.03 өзгерістер және толықтыруларымен) медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) бекітілді.

Стандартқа сай қызметті облыстардың, республикалық деңгейдегі қалалар мен ҚР астанасының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші).

Медициналық қызметті лицензиялауға қызмет көрсетуге өтініш қабылдау және қорытындысын бері мыналар арқылы: 

1) «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Медициналық қызметті лицензиялау қызметін көрсету мерзімдері:

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
  • қағаз нысанда берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда оның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, сондай-ақ өтініш берушінің алдағы қызметін немесе лицензиялаған кезде қойылған талаптарға сәйкестігі әрекетін (операциясын) жүзеге асыратын орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игіліг саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аймақтық бөлімшелеріне өтінім жібереді.

Ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді

2) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

3) қызмет көрсетудің максималды ұзақтығы – 15 (он бес) минут.


Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметінің нәтижелері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша: 

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12134 болып тіркелген)көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтеранық емес екендігі және (немесе) сәйкес келмесе;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәлімделген мамандығы бойынша медициналық қызметке тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болса;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрату портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Медициналық қызметті лицензиялау үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

Лицензия алу үшін:

  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  • қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төлегенін растайтын құжат;
  • осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
  • үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
  • жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
  • қайта даярлаудан өту туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);
  • мәлімделген мамандық бойынша маман сертификатының көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат (түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған).

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсыну кезінде (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение