Басшылардың іскерлік қатынастар этикасының мәселелері. 2-бөлім

302
Басшылардың іскерлік қатынастар этикасының мәселелері.  2-бөлім
Басшылардың іскерлік қатынастар этикасының мәселелері. 2-бөлім
Ригибаев Владимир Федорович
кандидат медицинских наук, доцент
Соңғы жылдары іскерлік қатынастардағы этикалық стандарттар корпоративтік этика деңгейіндегі дәстүрлі мораль маңыздылығының өзгеруі салдарынан төмендеді.

Биомедициналық этика аспектілері

Биологиялық және медициналық ғылымдағы орасан жетістіктерге және XXI ғасырдың бас кезінде жаңа медициналық технологияларды енгізуге байланысты медициналық қызметкерлер кейде классикалық медициналық этика нормаларына қарама-қайшы келетін шешімдер қабылдауға мәжбүр болды.

Жеке тұлғаның, оның ішінде пациенттің құқықтарына назар аударудың артуы медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы өзара қатынастар мәнін жаңаша түсінуге әкелді.

Мұның бәрі биомедициналық этиканың (биоэтиканың) пайда болуы мен дамуының алғышарттары қызметін атқарды. В. Поттердің анықтамасы бойынша, биоэтика – бұл биологиялық білімдер мен адам құндылықтарын біріктіру.

Биология мен медицинаның дамуына қарай туындайтын моральдық, философиялық, теологиялық, құқықтық және әлеуметтік проблемаларды зерделей отырып, биоэтика осылайша білімнің пәнаралық саласына айналады, ол медициналық этиканы қамтиды және оның шектерінен тыс жерлерге де таралады.

Биомедициналық этиканың негізгі проблемалары классикалық медициналық этика проблемаларымен үндес болады, кейде оларды толықтырады да, бұл:

• өмір сүру құқығы;

• аборт, контрацепция, стерильдендіру;

• ұрпақты болудың жаңа технологиялары;

• өлімге құқық, эвтаназия;

• адамға жасалатын медициналық-биологиялық эксперименттер;

• генетика, гендік технологиялар;

• мүшелерді транспланттау;

• психиатрия мен адам құқықтары;

• АИТВ-жұқпаның моральдық проблемалары;

медицинадағы кәсіпаралық қатынастар;

• медицинадағы әлеуметтік әділеттілік проблемалары.

Әйелдерге медициналық көмек көрсететін ұйымдарда жұмыс істейтін дәрігер, медициналық бике адамның ұрпақты болу функциясына медициналық араласудың заманауи формалары болып табылатын жүктілікті жасанды үзудің этикалық аспектілері, контрацепция мен стерильдендіру туралы ойланбай тұра алмайды.

Мысалы, аборт медициналық этиканың негізгі – «зиян келтірме» қағидатын бұзушылық болып табылмай ма? Оны жүргізуге этикалық көзқарас тұрғысынан жол беріле ме (ал оның заңдық тұрғыда сәйкес келуі мүлдем міндетті емес)? Егер жол берілсе, қандай жағдайларда?

Бұл сұрақтарға жауаптар медициналық қызметкердің ойлау салтына, тәрбиесі мен конфессиялық қатыстылығына байланысты болады.

Жаңа биотехнологияларға байланысты аса маңызды проблемалардың бірі, – жасанды ұрықтандыру, ол бедеулікті жою мүмкіндігін ұсынады. Бұл  технологияны пайдалану  некенің өз табиғаты, жұбайлардың өзара қатынастары, болашақ баланың тағдыры сияқты адам құндылықтарын қозғайды. Мораль тұрғысынан алып қарағанда, бұл жерде араласу терапевтикалық көмек сипатына ие болып, іс-әрекет, эксперимент түріне айналмайтын шектен өтіп кетпеу маңызды. Бүгінгі күні жасанды ұрықтандыру қоғамда моральдық жазғыруға ұшырамайды және тіпті заңнамалық рұқсатқа ие болған. Шын мәнінде, әрбір әйелде ана болу құқығы бар және де медицинаның борышы – оған бұл мәселеде көмектесу. Алайда моральдық проблема бұдан ешқайда кете алмайды.

Биоэтика тұрғысынан алып қарағанда, осал және даулы сәт – суррогатты ана болу, бұл кезде ұрықтандырылған аналық жасуша суррогатты ананың жатырына енгізіледі, ол бала көтеріп, оны туады, оны кейіннен биологиялық ата-аналарына береді.

Бұл жағдайда белгілі бір екі тұлғадан генетикалық мұра мен суррогатты анасынан – жатырішілік қамтамасыз етуді алатын баланың денелік табиғатының іс-әрекеті айқын көрінеді. Мұның бәрі некеге ғана емес, сондай-ақ балаға да қатысты бірқатар асыра пайдалануларға септігін тигізеді, ол өз ата-аналарын білуге және өзін олармен сәйкестендіру құқығы бар жеке тұлға ретінде қарастырылмайды.

Адамды клондау проблемасының төңірегінде қиян-кескі таластар жүргізілді және жүргізіліп келеді. Клондаудың моральдық аспектісін талқылауға биологтар, дәрігерлер, философтар, діни қызметкерлер қатысуда. Бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас білдірілуде.

Толығырақ  «Медицина ұйымының басшысы» журналының 2016 жылғы 5-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль