Руководитель медицинской организации

СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

21 октября 2019
389
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы
СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

Стандартты операциялық рәсімдер - СОР – бұл құжатпен ресімделген нұсқаулықтар мен медициналық персоналдың жұмыстық рәсімдерді орындауы бойынша алгоритмдер.

Медициналық көмек сапасын басқарудағы СОРлардың маңызы

Қазіргі заманда медицина ұйымының кез келген

басшысы тиімділікті

арттырудың ең соңғы әдістемелерін білуі, медициналық көмек сапасын арттыруға ерекше бөлуі керек, бұл өз кезегінде  даярлығына байланысты. МҰ-да оқу процесінің ұдайы негізі болуы керек және ол белгіленген стандарттарға сүйенуі керек.
Медицинадағы стандарт – онсыз әрі қарай

жетілдіруді жүзеге асыруға болмайтын

Бірнеше жұмыскер өздерінің тәжірибесі мен біліміне қарай бір операцияны әртүрлі орындайтын жағдай көбіне белгілі шығар. Бұл ретте олардың әрқайсысы дәл соның әдісі ең дұрыс әдіс деп есептейді.
Осылай ұйымдастыру кезінде процестің варианттылығы әлдеқайда кеңдеу болады, соған сәйкес, сәйкессіздіктердің де саны артады. Демек, сәйкессіздіктің себебін анықтап, оны жою да айтарлықтай қиындайды. Бұған қоса, мұндай проблемалар көбеюге және қайталануға бейім келеді. 
СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

Медициналық манипуляцияларды стандарттау процесі

 - медперсонал қателерінің алдын алудың негізі, олай болса пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттану дәрежесі артады. Медициналық манипуляцияларды орындау процесі барлығына ортақ стандарт бойынша жүргізілгенде, қателерді сәйкестендіру, табу және пайда болу себептерін жою жеңілдеу.

СОР – стандартты операциялық рәсімдер

СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

Стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі – СОРлар) – бұл медициналық персоналдың жұмыс рәсімдерін орындау бойынша құжат жүзінде ресімделген нұсқаулықтары мен алгоритмдері. Әрбір медициналық ұйым СОРларды түріне, қуатына, құрылымына, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, кадрлармен жабдықталуына және т.б. байланысты өз бетімен әзірлейді. Әрбір медицина ұйымы медициналық көмек сапасын басқару үшін, персонал жұмысын бақылау, өзгерістерге уақытылы жауап қату үшін, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіптерді азайту үшін СОРларды – стандартты операциялық рәсімдерді, регламенттер мен алгоритмдерді әзірлеуі керек. 

ҚР-да стандарттауға қандай құжаттарды пайдаланады

МҰ сапа менеджменті жүйесінде құжаттардың екі негізгі түрін ажырату қабылданған:
Медұйымдағы процестерді осы құжаттар стандарттайды.
Процесс регламенті –

басқарушылық құжат

. Ол процесс кезеңдерін, жауапкершілікті, нәтижелілік өлшемшарттарын, аралық және қорытынды бақылауды және т.с.с. суреттейді.
СОР – стандартты операциялық рәсім процестің нақты кезеңінің орындалуын регламенттейді. Медицинада СОРды бір қызметкер орындаса өте жақсы.

СОРлар

тек рәсімдерді ғана емес, сонымен бірге медқызметкерлердің дағдылары мен білімдерін де стандарттайды.

Стандартты операциялық рәсімдер медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде

СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде
Динара Макажанова «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «Аға медбике» журналының сарапшысы, эпидемиолог дәрігер, Алматы қ.
Стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі - СОР) – бұл құжатпен ресімделген нұсқаулықтар мен медициналық персоналдың жұмыстық рәсімдерді орындауы бойынша алгоритмдер.

Медицинада стандарттарды қалай әзірлейді

Медициналық көмек сапасына ықпал ететін регламенттер мен СОРларды жасағанда және енгізгенде екі тәсілді: «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» тәсілдерін қолданады. Олардың айырмашылықтарын қарауды ұсынамыз.

Медұйымдағы процестерді стандарттауға арналған құжаттарды жасаудың және енгізудің екі тәсілі

Параметрлер

«Жоғарыдан төмен», императивті

«Төменнен жоғары», персонал қатысады

Қалай жасайды

Құжаттарды бір-екі адам жасайды. Олар халықаралық және отандық тәжірибені, басқа ұйымдар құжаттарының үлгілерін, ДДСҰ және кәсіптік қауымдастықтардың ұсынымдарын зерттейді және құжаттар жасайды.

Құжаттар медұйым ерекшелігін ескере отырып, жұмыстың «қалай болу керек» бойынша орындалуын регламенттейді.

Көбіне «тиісті түрде» жазу үшін сырттан сарапшыларды тартады.

Бизнес-ортада бұл тәсіл бизнес-процестерді моделдеу ретінде белгілі.

Құжаттар жасалғанда талдау, келісу, егжей-тегжейін жетілдіру үшін оларды біліктілігі жоғарылау қызметкерлерге өткізеді

Құжатты жасауды орындаушыларға тапсырады. Персонал жұмысты «қалай бар» солай суреттейді.

Сонан соң басшылық рәсімді немесе процесті бастапқы күйінде қалдыру керек пе әлде бірнәрсе өзгерту керек пе шешім қабылдайды.

Әдетте құжаттарды ішкі аудиттермен қатар жасайды. Қорытынды құжаттар үшінші не төртінші келісу циклінде құралады.

Қалай енгізеді

Персоналды келісілген және бекітілген құжаттар бойынша оқытады. Персоналды жаңа ережелермен жұмыс істету үшін, сендіру, сыйлық беру және жазалау шараларын қолданады. Алғашқы кезеңдерде медқызметкерлердің қарсылықтарын жеңуге тура келеді

Құжаттарды әзірлеумен қатар енгізеді. Персонал СОРларды жасауға о бастан қатысатындықтан, жаңа енгізілімдерге қарсылық аздау болады. Негізгі қиындық – персоналға СОРларды жаздыру.

Жауапкершілік қалай бөлінген

Басшылар құжаттар жасайды. Ең білікті сызықты орындаушылар жетілдіреді

Тікелей орындаушылар құжаттар жасайды. Басшылар жетілдіреді және келіседі

Қашан қолданады

Процестер регламенттерін әзірлегенде:

сызықты персоналдың әлдебір бағыт бойынша біліктілігі талап етілген деңгейден айтарлықтай төмен болғанда;

- персонал елеулі қарсылық көрсетіп жатқанда;

- персоналды арнайы оқытуға уақыт болмағанда.

СОРларды, нұсқаулықтарды және т.б. әзірлегенде:

- орындаушылардың біліктілігі жеткілікті болғанда;

- оқытуға уақытша ресурс бөлу мүмкіндігі бар болғанда.

Бұл жағдайда СОР персонал біліктілігін көтеру құралы болады.

Практикада екі тәсілді де бір уақытта қолдану керек. 

Процестер регламенттерін 

әдетте басшылық жасайды, себебі бұл құжаттар ең бірінші кезекте басшыларға қажет. Медициналық қызметкерлерге арналған СОРлар сол жерде жасалады.
Алайда егер персоналдың біліктілігі не уақыт жеткіліксіз болса немесе персонал құжаттар жасауға елеулі қарсылық көрсетіп жатса, екі жағдайда да императивті әдісті қолдануға болады. Процестер регламенттерін және медицинада

СОРларды

кезең-кезеңмен әзірлеп енгізеді. Барлық кезеңдер кестеде көрсетілген.

Регламентті немесе СОРды әзірлеу және енгізу кезеңдері

Кезең

Не істеу керек

1. Жағдайды талдау

Бар құжаттарды: бұйрықтарды, өкімдерді, бөлімшелер бойынша ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды және т.б. зерттеу.

 Ішкі аудит жүргізіп, бұл құжаттарды қайда қолданады және оларды орындап жатыр ма, анықтау. Бірін бірі қайталайтын, өте күрделі, практикада қолданылмайтын құжаттарды қолданыстан алып, жойған жөн.

2. Құжаттарды жасайтын персоналды таңдау және оқыту

Процестер регламенттері мен СОРларды әзірлеуге жауапты қызметкерлерді таңдап, оларды оқыту керек.

3. Регламенттер мен СОРлардың бірінші нұсқасын әзірлеу

Қызметкерлерге ағымдағы уақытқа жұмыстың орындалуын сипаттауды, жұмыс күнінің фотосуреттерін және жұмыс уақытының хронометражын жасауды тапсыру.

4. Процестер мен рәсімдерді оңтайландыру

Өзгерту, жақсарту, оңтайландыру және стандарттауды қажет ететін процестер мен рәсімдерді анықтау. Үнемді технологияларды қолдану

5. Регламенттер мен СОРлардың екінші нұсқасын жасау

МҰ-да регламенттер мен СОРларды жасау рәсімін әзірлеу. Қызметкерлерге құжат жасау, ортақ тізілімге регламент пен СОРларды енгізуді тапсыру.

6. СОРлар мен регламенттер негізінде алгоритмдер әзірлеу

Алгоритмдер – персоналға арналған қысқа, нақтылы, схемалы анықтамалар жасау. Ламинаттап, персоналдың бәріне көрінетін жерге ілу.

7. Білімді бағалау

Әрбір СОР үшін білімді бағалау парағын әзірлеу. Бұл сұрақтар мен тестік тапсырмалар тізімі болуы мүмкін.

8. СОРлар мен регламенттерді бекіту

СОРлар мен процестер регламенттерін келісу және бекіту.

9. СОРларды лауазымдық нұсқаулықтарға қосу

Жауапты тұлғаларға әрбір лауазымдық нұсқаулық үшін қызметкер сол лауазымда меңгеруге тіис СОРлардың тізімін жасауды тапсыру.

10. СОРлар мен регламенттерді енгізу

Персоналды оқыту және білімін бағалауды өткізу. Ішкі аудиттерді ұдайы өткізу, сондай-ақ СОРларды орындауын тексеру.

11. Өзектендіру

СОРларды ұдайы жаңартып тұру керек, оларды жаңарту кезеңін белгілеңіздер (регламенттер мен СОРларды үш жылда кемінде бір рет өзектендіріп тұру керек).

Процесс регламентін қалай әзірлейді

Процесс регламентін барлық МҰ процестері үшін әзірлейді.
Регламент көмегімен мыналарды жасауға болады:
  • процесті суреттеу барысында оны егжей-тегжейлі талдау;
  • процесс басқа процестермен өзара әрекеттескен кездегі қауіп аймақтарын анықтау;
  • процеске қатысушылардың жауапкершілігі мен өкілеттіктерін дәл бөлу; 
  • процесс жұмыс істеуге қажетті ресурстарды бағалау;
  • процесс сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігі индикаторларын белгілеу;
  • процеске жауапты адамдар үшін КРІ белгілеу.
Регламентті қолданатындар:
  • жоғары басшылық;
  • экономикалық қызмет;
  • персонал жөніндегі бөлім;
  • бөлімшелердің басшылары;
  • процестердің иелері немесе оларға жауапты адамдар.
Процесс регламенттерін ұйымдастыруға МҰ басшылығы жауапты. Регламентті кез келген басшы, сол сияқты ол тағайындаған адамдар әзірлей алады. Ол үшін олар медициналық ұйымның сапа қызметіне жүгінеді.

Процесс регламентін практикаға қалай енгізеді

СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде
Медициналық қызметке жататын персоналдың барлығы МҰ-да белгіленген регламент бойынша оқытылуы керек. Бұны әрбір бөлімшенің қызметкері білуі, түсінуі керек. Оқытылғандығын ішкі оқыту журналында тіркеу керек. Оқудан кейін мини-емтихан өткізеді, кейін персоналды аттестаттау кезінде жыл сайын өткізеді.

БМСК деңгейіндегі медициналық көмек сапасын басқаруға заманауи тәсілдер

СОР медициналық көмек сапасын басқару элементі ретінде
Нейля Усебаева автор журнала «Руководитель медицинской организации», заведующая кафедрой менеджмента здравоохранения КазМУНО, к. м. н., ассоциированный профессор, г.Алматы
БДҰ медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметтің міндеттері мен мазмұнын анықтау кезінде төрт құрамдасты бөліп көрсетеді:

Практикаға СОРларды енгізу

СОРларды жазып, келісіп, бекіткеннен кейін персоналды арнайы оқыту сабақтарын өткізу керек. СОРды қызметкерге қолын қойдырып, жай ғана оқуға бере салмау керек. Бұл персонал СОРды шынымен оқып, дұрыс түсінетіндігіне кепілдік бермейді.
Сондықтан персоналды оқыту жүйесін әзірлеу керек.
Оқу сабақтары дәрістер, тренинг, дербес түсіндіру және т.с.с. түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Оқыту фактісі құжатқа тіркеледі. Персоналға әзірленген (жаңа) және өзектендірілген СОРларды құжаттарды тексеріп бекіткеннен кейін ғана үйрету керек. 
Оқу сабақтарын СОРды әзірлеуші, сапа қызметінің басшысы немесе МҰ бөлімшесінің басшысы өткізеді. Оқу кезеңі СОРдың күрделілігіне байланысты, бірақ тестілеу мен қайта тапсыруды қоса алғанда, бес жұмыс күнінен аспау керек.
СОРды орындауға тиіс қызметкерлердің барлығы оқудан кейін мини-емтихан тапсырады: теориялық сұрақтарға жауап береді, тестілік тапсырмаларды орындайды.
СОР қызметкерлердің білімін бағалауға қажетті емтихан парағын қамтуға тиіс. Бақылау сұрақтары СОРдың соңғы бетінде ұсынылады. СОРдың сұрақтар жазылған соңғы бетінің көшірмесін және жеке оқу парақтарын қызметкерлерге жалпы жиналыста алдын ала беруге болады.
СОР бойынша білімді тексерген кезде дұрыс жауаптардың ≥ 80 пайызы оң нәтиже болып есептеледі. Егер қызметкер жауап беруге қиналса немесе дұрыс емес жауап берсе, онда ол қайта оқытылып, тестті қайта тапсырады.  
Персоналды оқыту бойынша деректерді қызметкерлерге нұсқау беру және оқыту журналына жазады, онда оқытылған күнді, оқытуды жүргізген СОРдың сәйкестендіргішін көрсетеді. Әрбір қызметкер оқу қорытындысы бойынша журналға қолын қояды.
Олар жұмысты жеке орындауға рұқсат болады. Әрі қарай СОРларды білу және орындай алу персоналды жыл сайын ішкі аттестаттау жүйесінің бір бөлігіне айналады.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×