Руководитель медицинской организации

Медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулық

10 сентября 2019
503
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы

Мақалада медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулықтың рөлі заңгер көзқарасы тұрғысынан қарастырылған, оны әзірлеу ережелері ұсынылған.

Медицина ұйымының қызметінің тиімді болуы

Медицина ұйымының (бұдан әрі - МҰ) қызметінің тиімді болуы еңбекті ұйымдастыру, персоналды басқару және осы процестерді регламенттеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Кез келген кәсіпорынның басшысы жоғары білікті мүдделес адамдардан ұйымдасқан ұжым құруды қалайды, ұжымның жетістікке жетуі құрамындағы әрбір жұмыскердің жұмысымен тікелей байланысты.
Ұйым штатының әр бірлігіне арнап лауазымдық нұсқаулықты дұрыс, заң тұрғысынан сауатты жасау өте маңызды, өйткені ол жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек қатынастарын реттеудің тетігі болып табылады.

Лауазымдық нұсқаулықты жасау рәсімі 

Лауазымдық нұсқаулық жұмыскер атқаратын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын, маман ретінде оның міндеттерін, оның құзіреті, құқықтары мен жауапкершілік саласын бейнелейді.
Сапалы дайындалған лауазымдық нұсқаулық жаңа жұмыскердің ұжымдағы бейімделу процесін жеңілдетеді, оған қызметтік міндеттерін орындауға айқын бағдарлануға, өкілеттіліктер шеңберін белгілеуге көмектеседі, өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылау мүмкіндігін береді.

Бұл құжат жұмыс беруші үшін-де маңызды, өйткені кадрлар тиімділігін бақылау, қызметкерлердің еңбек қызметі нәтижелерін бағалау, оларды атқаратын лауазымына сәйкестігіне аттестаттауды өткізу, оларды қайта дайындау және қызмет бабында алға жылжыту мәселесін шешу үшін негіз болып табылады.
Еңбек даулары туындаған кезде жұмыскердің лауазымдық нұсқаулығы қақтығыстық жағдаятты негіздеп шешуге, еңбек тәртібін бұзушыға тәртіптік жазалау шараларын қолдануға, ал жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген жағдайда – бұл үшін белгіленген көтермелеу жүйесін пайдалана отырып, көтермелеуге мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары еңбек бөлінісін ұтымды жүргізуге, кадрларды дұрыс іріктеуді, оларды орналастыру мен пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, еңбек тәртібінің нығаюына жағдай жасайды.

Назар аударыңыз!

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулық
Н. Покудин Заңгер, Алматы қ.
Лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер енгізуге байланысты соттан қалай сақтануға болады Қызметкердің лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізу қажет болған күрделі жағдайларда басшы не істеу керек? Еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіппен қалай шешеді?

Лауазымдық нұсқаулық – бұл жұмыс берушінің жергілікті нормативтік актілеріне жататын құжат.
Медициналық қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын жасау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының Біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» № 791 бұйрығының нормаларын басшылыққа алған жөн.

Лауазымдық нұсқаулықтарды жасау рәсімі заңнамамен регламенттелмегендіктен, бұл мәселе әрбір МҰ-да дербес шешіледі.

Лауазымдық нұсқаулықты әзірлеудің жалпы жағдайлары

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 4-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
  • адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
  • еңбек бостандығы;
  • еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
  • қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
  • жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
  • еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
  • тынығу құқығын қамтамасыз ету;
  • жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
  • жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады (ҚР Еңбек кодексінің 3-бабы, 2-тармағы).
Әрбір кәсіпорынның жұмысында сақталуы міндетті, жоғарыда көрсетілген міндеттер мен қағидаттарға орай, әрбір жеке алынған МҰ-дағы еңбек қатынастары қоғамдық қатынастардың бір бөлігі болып табылады.
МҰ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әкімшілік өкілдерінің (бас дәрігер), құрылымдық бөлімшелер басшыларының, бас медбикенің, инфекциялық бақылау дәрігерінің, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі маманның, кәсіподақ ұйымы мүшесінің, заңгердің қатысуымен жасау ұсынылады. Лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамы жұмыс берушінің актісімен (бұйрығымен) бекітіледі.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×