Руководитель медицинской организации

Хирургияның деонтологиялық міндетті ережелерін сақтау

7 октября 2019
219
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Руководитель медицинской организации”, д. м. н., доцент, г. Алматы

Бірінші қадам жетуге оң нәтижелерін күнделікті қызметінде болуы тиіс дұрыс жұмысты ұйымдастыру, хирургиялық бөлімшенің

Талаптарын сақтау медициналық деонтология

Хирургиялық ауруларды танып-білу мен емдеу, сондай-ақ оларға күтім жасау медицинаның қандай да бір басқа саласына қарағанда, міндетті деонтологиялық ережелердің сақталуын көбірек талап етеді.
Өз мәніне қарай хирургия әрқашан пациент тарапынан саналуан рухани кұйзелістердің (мазасыздану немесе рухтың күштілігі, сенім немесе сенімсіздік, шыдамдылық немесе шыдамсыздық, алғыс білдіру немесе ызалану) күрделі жиынтығын туындатады, бұл кезде медициналық қызметкердің әртүрлі белсенді әрекеті мен тіпті сөзі де   пациент үшін өзінде көптеген физикалық және психикалық тәуекелдерді жасырып тұрады.

Өкінішке орай, науқастарды емдеу үдерісінде хирургтардың басты назарында оталар мен таңулар, антисептикалық, антибиотиктік, ортопедиялық және басқа іс-шаралар тұрады, бұл ретте пациенттердің психогенді жарақаттануының алдын алуға жеткіліксіз көңіл бөлінеді.

Орта медициналық қызметкер мен пациент арасындағы коммуникациялық процестің тәсілдері мен мәселелері

Хирургияның  деонтологиялық  міндетті ережелерін сақтау
Владимир Огарков .,м.ғ.к., ҚММУ медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасының доценті, Қарағанды қ.
Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынас әрқашанда мінсіз өте бермейді.

Хирургиялық деонтологияның аса маңызды аспектілері

  • өздерінің функциялық міндеттерін үйлесімді орындауды қамтамасыз етуге арналған, хирургиялық бөлімшелер қызметкерлерінің өзара қатынастарының ережелері;
  • оларда жағымсыз психикалық реакциялардың дамуынан сақтандыру үшін медициналық персоналдың хирургиялық науқастармен қарым-қатынас мәселелері;
  • хирургиялық патологияның және қатаң дербестендіру қағидатын сақтаумен емдеудің неғұрлым ұтымды әдістерін қолдануға көрсетілімдерді анықтаудың ойластырылған диагностикасын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
  • олардың қайталануын болдырмау мақсатымен жіберілген  диагностикалық, емдеу және деонтологиялық қателіктерді айқындау мен талқылау.
Хирургиялық деонтология міндеттерін табысты шешу анатомиялық және клиникалық білімдерге, арнайы жабдықтау мен мінсіз хирургиялық техникаға ғана емес, сондай-ақ бірқатар қағидаттық нұсқаулар мен мінез-құлықтың практикалық ережелерін бұлжытпай сақтауға негізделеді, оларды орындаусыз хирургиялық қызметтің оңды нәтижелері төмендейді.

Дәрігерлік практикадағы әдеп пен деонтологияның мәні

Хирургияның  деонтологиялық  міндетті ережелерін сақтау
Владимир Огарков «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «ХҚЭДО-Қазақстан» Цифрлық баспасының бірқатар басылымдарының авторы, м. ғ. к., доцент, Қарағанды қ.
Емдеу-профилактикалық іс-шараларда табысқа қол жеткізу көбінесе дәрігер мен пациенттің арасындағы оң коммуникацияның дәрежесіне байланысты болады.

Медперсоналдың корпоративтік этикасы

Әрбір медициналық қызметкер, оның ішінде дәрігер-хирург пациентке қатысты жан аямаушылық пен риясыздық көрсету қажет екендігін есте сақтауы тиіс, сол кезде өз жұмысынан моральдық қанағаттанушылық игіліктердің ішіндегі ең жоғарғы игілік болып табылады.
Күнделікті қызметте оңды нәтижелерге қол жеткізудің бірінші қадамы хирургиялық бөлімше жұмысын дұрыс ұйымдастыру болуы тиіс, ол субординацияны, яғни лауазымы кішінің лауазымы үлкенге қызметтік бағынуын сақтаумен қатаң тәртіпке бағындырылуы қажет.

Мұнымен бірге медицинаның басқа салаларынан айырмашылығы, хирургия неғұрлым алқалы болып табылады, сондықтан ізгі ниетті жұмыс жағдайын жасауда әріптестер арасындағы өзара қатынастардың белгілі бір нормалары үлкен маңызға ие болады.
Атап айтқанда, науқастың қатысуында әріптестің іс-әрекеттеріне баға беруге немесе сынауға, осылайша дәрігер беделіне нұсқан келтіруге болмайды.

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология

Хирургияның  деонтологиялық  міндетті ережелерін сақтау
Зиновия Карабанова "Республикалық ғылыми нейрохирургия орталығы" АҚ трансфузиология бөлімшесінің аға медициналық бикесі, Астана қ.
Медицинада диагностикалық және емдеу үдерісінің мүмкіндіктерін шұғыл кеңейткен қарқынды ғылыми-техникалық прогресс жағдайларында медициналық бикеден жоғары кәсіпқойлық қана емес, сондай-ақ әріптестерімен және пациенттермен этикалық-деонтологиялық қарым-қатынас нормаларын сақтай білу, оларға сергектік, көңіл қоюшылық пен шын ниеттілік таныту да талап етіледі.

Медперсоналдың медициналық этикасы

Хирургиялық жұмыстың толықтай жолға қойылуы мен үйлесімділігі бүкіл медициналық персоналдың өз міндеттері мен өзара және пациенттермен қатынастары қағидаттарын айқын және терең түсінуіне негізделеді. Хирургтерден кәсіптік қырағылық пен адал ниеттіліктің жоғары деңгейі, өз қызметін кәсіптік борыш пен адамгершілікке сәйкес құруы талап етіледі.
Ауру адамдардың психологиясын, олардың дүниеге көзқарасын өзгертеді. Мұндай минуттарда тіпті күшті адамдардың өздері қорыққан, қызба, ызақор, қыңыр немесе керісінше, басыңқы және немқұрайды болатын жағдайлар кездеседі.
Бұған қоса, заманауи пациенттерде медициналық әдебиетке кең қолжетімділік бар, бұл оларға өз ауруы туралы өз түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұндай жағдаятта дәрігер пациентпен кәсіпқойлықпен және сыпайы қарым-қатынас жасау үшін ұстамдылық, өзін-өзі меңгеруді, жан-жақты сауаттылық пен жоғары біліктілікті танытуы тиіс, пациент дәрігер өзін дұрыс түсінетіндігін және өзіне шынайы қызығушылық білдіретіндігін сезінуі тиіс.
Хирург жұмыстың тығыз графигі мен қауырт еңбекке қарамастан пациенттермен жан-жақты әңгімелесуге уақыт табуы тиіс, пациентке барынша көңіл аудару мен шыдамдылық көрсету, оны сабырына түсіру, хирургиялық емдеу қажеттігін түсіндіру, жай-күйінің жақсаруы мен жазылып кетуіне сендіру өте маңызды.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×