Руководитель медицинской организации

Ультракүлгін: медицинадағы ультракүлгін сәулелер

26 ноября 2019
1454
Средний балл: 0 из 5
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра физиоотделения ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 11», г. Алматы

Ультракүлгін деген не, ультракүлгінмен сәулеленуді қай жерде қолданады және медицинада ультракүлгін сәулелерді не үшін қолданады, осы мақаладан біліңіз.

Ультракүлгін деген не 

НКүн – бұл өмірлік күшті қоса отырып, адамды энергиямен толықтыруға қабілетті табиғи антидепрессант. Алайда қала жағдайларында немесе қысқы кезеңде ультракүлгін (бұдан әрі – УК) сәулелену жеткілікті болмайды, және де УК терапиясын қосымша қолдану қажет. Жақсы таңдап алынған жеке мөлшер мен айқын бақылау жасау кезінде ультракүлгін сәулелерді емдеу мақсаттарында қолдану көптеген аурулар кезінде жоғары терапевтикалық әсер береді.
Применение ультрафиолетового излучения в медицине
Ультракүлгін сәулелену (ультракүлгін сәулелер, УК-сәулелену) – лат. ultra – асқын, шектерден тыс және күлгін деген сөз. Көзге көрінетін және рентгендік сәулеленулер арасындағы спектрлік диапазонды иеленетін электрмагнитті сәулелену. УК-сәулелену толқындарының ұзындықтары 10-нан 400 нм-ге (7,5 х 1014 Гц – 3,0 х 1016 Гц) дейінгі аралықта жатады. Ультракүлгін сәулеленуде тінге енудің ең аз – 1 мм-ге дейінгі тереңдігі болады.

Күн сәулелерінің әсер етуінен адам табиғи күнқақтылық алып қана қоймайды, сондай-ақ шаршаушылық пен қажушылықтан да құтылады. Күннің табиғи ультракүлгін сәулеленуінің әсер етуінен адам тіндерінде өзіндік алмасу үдерістері болып өтеді. Күңгірт пигмент қалыптасуымен күнқақтылық және УК толқындардың әсер етуі есебінен мөлшерлі күндік сәулелену денсаулыққа оңды әсер береді.

Ультракүлгінмен сәулелену: адам ағзасына пайдасы 

Ультракүлгін сәулеленудің әсер етуімен:

  • адам ағзасы қорғаныс тетіктерінің белсенділігі артады;
  • сезімталдыққа әсер етеді;
  • қан ұю үдерістері қалыпқа келтіріледі;
  •  липидтік (майлық) алмасу көрсеткіштері жақсарады;
  • сыртқы тыныс алу функциялары жақсарады;
  • бүйрек үсті бездері қабығының белсенділігі артады;
  • миокардты оттекпен жабдықтау күшейеді, оның жиырылу қабілеттілігі артады.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



Медицинадағы ультракүлгін: қолдануға қарсы көрсетімдер 

Эритемалық шамдар өткен ғасырдың 60-жылдары табиғи сәулеленудің УК жеткіліксіздігінің орнын толтыру, атап айтқанда, адам терісіндегі D3 дәруменінің фотохимиялық синтезі үдерісін қарқындату  («мешелдікке қарсы әрекет») үшін ойланып табылған болатын.

МАҢЫЗДЫ!!! Ультракүлгін сәулелермен сәулелену ағзаның жұқпаларға орнықтылығын арттыру, заттар алмасуын реттеудің, жүйкелік және қан жасау жүйелерінің қызметін ынталандырудың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Ультракүлгін сәулелердің әсер етуімен терінің мүйізді қабаты қалыңдайды, оның созылымдылығы артады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі қорғаудың артуы терінің қауіпті іріңдік жұқпаларынан, әсіресе ана мен баланы босану және босанғаннан кейінгі кезеңде сақтандырады.

Жергілікті әсерінен бөлек, сәулелену үдерісінде жүйкелік-гуморальды жол бойынша жалпы иммуногенез артады, антиденелердің түзілуін ынталандырудың арқасында лейкоциттердің белсенділігі артады. Сәулелену сондай-ақ өкпеге, жүктілік кезінде кездесетін гипохромды қаназдыққа оңды әсер етеді, бұған қоса эритроциттер саны мен гемоглобин деңгейі артады.

Теріде эргостерол кальциферолға (D дәрумені) айналады, ол жүкті әйелді тістері мен қаңқасының зақымдануынан сақтандырады.

МАҢЫЗДЫ!!! Ананы ультракүлгін сәулелермен сәулелендіру баладағы ерте мешелдіктің алдын алудағы тамаша құрал болып табылады. Олар сүт секрециясын ынталандырады және сүтті D3 дәруменімен байытады.

Емдеу-профилактикалық ұйымдардың персоналы мен пациенттерін радиациялық (иондандырушы) сәулеленуден қорғауды ұйымдастыру

Ультракүлгін: медицинадағы ультракүлгін сәулелер
Александр Хан«ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы, «Медицина ұйымының басшысы» журналының авторы, м.ғ.к., Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің доценті
Бүгінгі күні медицинада радиацияны пайдалану адам ауруларының диагностикасы мен емдеуінің айтарлықтай жақсаруына әкелгені көпшілікке мәлім және күдіктер туындатпайды. Пациенттер үшін бұл әдістемелердің ақпараттық маңыздылығы мен емдеу әсерінің мойындалуына қарай медицинада радиацияны қолдану өсіп келеді.

Екінші жағынан, қандағы кальцийдің жеткілікті жоғары деңгейі тіндердегі калий иондарының қалыпты арақатынасының болуы үшін жағдайлар жасайды. Иондардың мұндай тепе-теңдігі жасушалық жарғақшалардың өткізгіштігін төмендету мен су-тұздық алмасуды жақсартудың шарты болып табылады.
Тікелей әсер ету нәтижесінде жарақат, шырышты қабықша бетіндегі микроағзалар ақуыздарының коагуляциясы мен денатурациясы болып өтеді, бұл бактериялық жасушаның өлуіне әкеледі. 
Ультракүлгін сәулеленудің жанама әсер етуі ағзаның иммунобиологиялық реактивтілігінің өзгеруімен байланысты.
Терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығы көптеген себептерге байланысты болады, олардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары:
  • әсер етудің оқшаулануы;
  • тері түсі;
  • жыл мезгілі;
  • жас;
  • пациент денсаулығының бастапқы жай-күйі.

Адам зардап шегіп жүрген аурулар да елеулі рөл атқарады. Фотодерматоздар, қышыма, тұз байлану, бауыр аурулары, гипертиреоз және басқалары кезінде терінің ультракүлгін сәулелерге сезімталдығы артады. 
Басқа патологиялар (жамбас ойықтары, үсітіп алулар, трофикалық жарақаттар, газдық ганргрена, мүйізгекті қабыну, шеткергі жүйкелер мен жұлынның зақымдану деңгейінен төменгі аурулары және басқалар) кезінде – керісінше, артады.

Бұдан бөлек, ультракүлгін сәулелермен емдеуге қарсы көрсетілімдердің білуіміз қажет үлкен тізбесі де бар.

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×