ЕПҰ үй-жайларын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

158
ЕПҰ үй-жайларын күтіп ұстауға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Макажанова Динара Сейфулгазиевна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы
Мақалада гигиеналық жұмыстарды орындау кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмдері көрсетілген

Бүгінгі күні санитарлық-гигиеналық режим талаптарын сақтау мақсатымен ҚР Ұлттық экономика министрі м.а-ның 24.02.2015 жылғы «Денсаулық сақтау объекітілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № 127 бұйрығына сәйкес гигиеналық жұмыстарды орындау кезінде іс-әрекеттердің қысқаша және түсінікті алгоритмдерін қалыптастыру қажеттігі туындайды.

Төменде көрсетілген алгоритмдердің мүмкін болатын алгоритмдері келтіріледі.

Емдеу-профилактикалық ұйымдарда жиыстырып-тазалауды өткізу жөніндегі Нұсқаулық

1. Мақсаты

Жиыстырып-тазалау профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұқпалардың таралуынан сақтандыруды, санитарлық-гигиеналық режимді сақтауды қамтамасыз ету үшін өткізіледі.

2. Анықтамасы

Емдеу-профилактикалық ұйымдардың (бұдан әрі – ЕПҰ) үй-жайларындағы жиыстырып-тазалау — ауруханаішілік жұқпадан сақтандыруға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар тізбегіндегі буындардың бірі. Бұл ретте ластықтан, шаңнан, биологиялық текті субстраттардан тазарту мен залалсыздандыру, яғни беттердегі микроағзаларды — жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою жүргізіледі.

Жиыстырып-тазартудың мынадай түрлері бар:

  • ағымдық ылғалды жиыстырып-тазарту;
  • басты жиыстырып-тазалау;
  • қорытынды залалсыздандыру үлгісіндегі жиыстырып-тазарту.

3. Қолданылу саласы

Ережелер клиникалық бөлімшелердің орта және кіші медициналық персоналына қолданылады. Жиыстырып-тазалауды жүзеге асыратын персонал білікті тренингтен өте отырып, оның барлық түрлерін білуі тиіс.

Жиыстырып-тазалауға бақылауды аға медициналық бикелер мен бөлімшелердің шаруашылық жүргізу бикелері жүргізеді. ЕПҰ-да жиыстырып-тазалауларды жүргізу мониторингін жұқпалық бақылау қызметі жүзеге асырады.

4. Жабдықтар тізбесі:

  1. Арнаулы таңбаланған киім (халат, телпек, бетперде, қолғаптар).
  2. Жиыстырып-тазарту мүлкінің жинақталымы  (шүберектер, қылшақтар, еден жуғыштар, ысқылар, бүріккіштер).
  3. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуушы және залалсыздандырушы  заттар.
  4. Жиыстырып-тазартуды жүргізуге арналған сыйымдылықтар таңбаланған болуы, тағайындалуы бойынша пайдаланылуы тиіс.
  5. : Оталық, таңу, босану залдарында, жан сақтау палаталарында, жаңа туған нәрестелер, шала туған балалар мен бір жасқа дейінгі балалар палаталарында, рәсімдік, жұқпалық бокстерде, асептикалық режимі бар үй-жайларда әрбір ағымдық жиыстырып-тазалаудан кейін — на 30 минутқа, басты жиыстырып-тазалаудан кейін екі сағатқа ультракүлгін сәулелендіргіштер іске қосылады. Ауаны зарарсыздандыру үшін басқа қондырғылар қолданылған кезде есептеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Бактерицидті сәулелендіргіштердің жұмыс істеген уақытын есепке алу осы ережелердің № 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркеледі.
  6. Құжаттама
  1. Жүргізілген жиыстырып-тазартулар мен кварцтеу жазылатын журнал.
  2.  Залалсыздандыру затын қолдану жөніндегі нұсқаулық.
  3. Үй-жайлардың ауалық ортасын зарарсыздандыру тәртібі (график).

                I. Ағымдық ылғалды жиыстырып-тазалауды өткізу алгоритмі

  1. Анықтамасы

Еденді, жиһазды, жабдықтарды, терезе алдыларын, есіктерді ылғалды жиыстырып-тазалау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуушы және залалсыздандырушы заттарды пайдаланумен, сондай-ақ ластану дәрежесіне қарай, тәулігіне кем дегенде екі рет (оталық бөлмелерде – оталар арасында) өткізіледі.

2. Рәсім

  1. Жуушы залалсыздандыру заты бар шүберекпен жиһаз, керуеттер, тұғырықшалар, шкафтар, терезе алдылары, басқа да жабдықтар сүртіледі;
  2. Науқастар тамақтандырылғаннан кейін тамақ таратушы тұғырықшаларды, үстелдерді сүртеді;
  3. Ұсталған экспозициядан кейін (залалсыздандырушы затты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) беттер таза ылғалды шүберекпен, таза сумен жуылады;
  4. Одан кейін ауаны бактерицидті шаммен үй-жайлардың көлеміне қарай кварцтеу уақытын есепке алумен, зарарсыздандыру жүргізіледі, бұдан кейін желдету жасалады;
  5. Тазалаудан кейін шүберектер залалсыздандырушы заттарды араластыру нұсқаулығына сәйкес залалсыздандырушы ерітіндіде зарарсыздандырылады, залалсыздандырушы заттың иісі кеткенге дейін ағын сумен шайылады және кептіріледі;
  6. Жиыстырып-тазалау аяқталғаннан кейін медициналық бике нысан бойынша басты жиыстырып-тазалаулар  журналы мен ауаны зарарсыздандыру (кварцтеу) журналын толтырады.

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2016 жылғы 2-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль