Руководитель медицинской организации

Қазақстан Республикасындағы медициналық құқық

12 августа 2019
1870
Средний балл: 0 из 5
автор журнала “Руководитель медицинской организации”, преподаватель модуля «Медицинское право и основы законодательства в здравоохранении» КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, г. Алматы
Қазақстан Республикасындағы медициналық құқық.

Мақалада Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау мен медицина саласындағы қатынастарды реттейтін медициналық құқықтың орнығу және даму проблемалары ашылады.

Денсаулық сақтау және медицина жүйесіндегі реформалау

Құқық жүйесінде әртүрлі салалар бар, мысалға, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, кәсіпкерлік құқық және басқалары, және де бұл иерархияда құқықтың жаңа саласы пайда болады, «туады». Бұл сала қатынастарды реттеуге және құқықтық «коллизияларға» (дауларға) әкелмеуге арналған. Әрбір салада өзінің зерттеу нысаны, әдістері мен тәсілдері, сондай-ақ өз субъектілері мен объектілері болады. Саланың өзі – медициналық құқық субъектілеріне елдің барлық азаматтары жатады.

«ACTUALIS Медицина» ЭЖ-ге кіруге берілген рұқсатты алыңыз және қажетті құжаттарды жүктеңіз

Біздің жағдайда барлық азаматтар субъектілерге айналады, өйткені олар медициналық қызметтер көрсетудің айқын (нақты) және әлеуетті «тапсырыс берушілері» болып табылады, қызметтер көрсетуге медициналық тағайындауды, талдамалар мен басқаларын тапсыруды (аурулар кезінде) ғана емес, сондай-ақ тұрақты медициналық (профилактикалық) қарап-тексерілулерден өту, жүргізуші куәлігін беру үшін, ататын қару ұстауға әртүрлі медициналық анықтамалар алуды, сондай-ақ мәнді жаңалық – жұмысқа орналасу кезінде медициналық анықтамалар (наркологиялық, психиатриялық және туберкулездік диспансерлердегі есепте тұрған-тұрмағандығы туралы анықтама) алуды да жатқызуға болады. Медициналық қызметкерлердің жеке міндетіне өз уақытында өткізу мен медициналық кітапшаны толтыру жатады. Мұның бәрі біз мұны қалайтынымыз, қаламайтынымызға қарамастан, медициналық құқық субъектілері болып табылатынымызды білдіреді және мемлекет пен қоғам халық шаруашылығының бұл саласына ерекше көңіл аударуы тиіс.

Медициналық-құқықтық қатынастар медициналық ұйым, медициналық қызметкерлер мен науқастардың арасындағы қатынастарды ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда денсаулық сақтау мен медицина саласында қалыптасқан қатынастарды, яғни денсаулық сақтау және медицина жүйесін реттейді.

Назар аударыңыз!

Медицина қызметкерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау кепілдіктері

Қазақстан Республикасындағы медициналық құқық.
Нурлан Ильясов, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті «Медициналық құқық және денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері» модулінің оқытушысы, Алматы қ.
Дүниеде көптеген қызықты, адамдарға пайдалы және қажетті кәсіптер мен мамандықтар көп, алайда медициналық қызметкер кәсібінің маңыздылығы дау тудырмайды; оған қоғам ерекше назар аударады.

Денсаулық сақтау мен медицина жүйесіндегі реформалау – біздің елдегі, сондай-ақ шетелдегі сирек құбылыс емес. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әртүрлі реформалар өткізілуде. Алайда барлық бастамалар сияқты, реформалардың бәрі бірдей табысты қорытындыға дейін жеткізілмейді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі топ-менеджерлерінің кәсіпқойлығы мен тәжірибесінің жоқтығы бұған ашық әрі бұлтартпас дәлел болады. Мысалға, енгізілуі салауатты тұрғыда 2018 жылға көшірілген, айғай-шу туындатқан, Қазақстан Республикасындағы медициналық сақтандыру проблемасын алайық. Іс-әрекеттер тетіктері мен тірек нүктелерінің жоқтығы, транспаренттілік (ашықтық) проблемасы, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру Қорының сәтсіз тәжірибесі бұл проблемаға шетелдік елдердің тәжірибесін есепке ала отырып, қарау керек екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы медициналық құқық.

Егер денсаулық сақтаудың Бірыңғай ұлттық жүйесі медициналық қызметкерлердің еңбегіне жіктемелі ақы төлеу ісінде «тығыла» бастаса, нені айтуға болады. Төмен әлеуметтік топтама, еңбектің әлсіз қорғалғандығы, еңбекке ақы төлеуге кепілдіктердің аздығы көптеген медициналық қызметкерлердің табыс табу үшін бір мезгілде бірнеше жерде жұмыс істеуге мәжбүр болуына әкелді. Нәтижесі медициналық қызметкерлердің бір бөлігінде нормаланбаған еңбек күні болып шықты. Бұл барлық жабырқау «жүк» халық шаруашылығының ұлттық саласы  – медицина мен денсаулық сақтауда барлығы бірдей ойлағандағыдай тәуір еместігін дәлелдейді. Денсаулық сақтау саласындағы реформалау ісінде әртүрлі оңды мысалдардың бар екендігіне дауымыз жоқ. Емделуге квота, халыққа тегін медициналық көмек көрсетудің бірыңғай порталын енгізу, медициналық ұйымдарда құжаттар беру үшін жауапкершілікті қатаңдандыру – бұл  жақын шетелдерде армандалмайтын да жайттар.

Көптеген шетелдік дамыған елдерде денсаулық сақтау және медицина саласындағы қатынастарды реттейтін -  медициналық құқықтың Ұлттық институттары (бұдан әрі – МҚҰИ) құрылған. Олардың қызмет етуінің мақсаты денсаулық сақтау саласындағы басымдықтардан, мемлекеттік бағдарламалардан, негізгі бағыттар мен реформалардан шыға отырып, медициналық қызметтің әртүрлі салаларындағы құқықтық мәселелерді кешенді зерттеу болып табылады. Бұл түпмәтінде құқықтық көзқарас тұрғысынан медициналық құқық мәселелері қарастырылады.

МҚҰИ міндеттері:

  • медициналық көмек ұйымында құқық нормаларына басшылық жасау дағдыларын қалыптастыру;
  • қолжетімді және сапалы медициналық қызметтер көрсету мәселелерінде қажетті заңдық құралдарды қолдануға үйрету;
  • медициналық ұйымды басқару шеберлігін дамыту;
  • заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық қызметі туралы білім негіздерін қалыптастыру;
  • медициналық ұйымның шаруашылық мәселелерін шешу дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру;
  • денсаулық сақтау саласында құжаттар жүргізу жүйелерімен таныстыру;
  • Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілерін, стандарттары мен бағдарламаларын түсіндіру;
  • медициналық ұйымдардың қызметін реттейтін азаматтық құқық нормаларын түсіндіру;
  • басқарушылық қызметті реттейтін әкімшілік құқық нормаларын түсіндіру;
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс нормаларын түсіндіру;
  • медициналық персонал мен жұмыс берушінің қызметін реттейтін еңбек құқығы нормаларын түсіндіру;
  • қаржылық, бюджеттік, кәсіпкерлік құқық нормаларын; халықаралық конвенциялар мен орталық, мамандандырылған, жергілікті атқарушы органдардың басқа да нормаларын түсіндіру;
  • медициналық қызмет саласында мемлекеттік-құқықтық реттеу рәсімдерін  – аттестаттау, аккредиттеуді қолдану мен маңыздылығын түсіндіру;
  • Қазақстан Республикасында ақылы, сондай-ақ тегін медициналық қызметтер көрсету түрлерін тағайындау мен көрсету және т.б.

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте знакомиться!
        Пользователи, которые прошли регистрацию на сайте, имеют право:

  • Читать закрытые материалы;
  • Первыми узнавать последние новости;
  • Пользоваться всеми возможностями сервисов.

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙДИТЕ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться
Внимание!

Для скачивания файла необходимо войти или зарегистрироваться

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ ВОЙДИТЕ ЧЕРЕЗ СОЦСЕТИ
Зарегистрироваться

Дорогой коллега,                  
заберите Ваш подарок!             

Доступ к журналу                  
«Руководитель медицинской организации»