Руководитель медицинской организации

Зертханалық ыдысты дайындау әдістері

18 сентября 2019
323
Средний балл: 0 из 5
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы
Зертханалық ыдысты дайындау әдістері

Зертханаларда жүргізілетін талдамалардың сапасы зертханалық ыдыстың тазалығымен тікелей байланысты, зертханалық шынының стерильділігі – салақ қарауға болмайтын нәрсе.

Химиялық ыдыс: зертханалық шыны

Зертханалық ыдыстардың көп бөлігі боросиликатты шыныдан әзірленеді. Басқа шыны материалдармен (кварцты шыныны қоспағанда) салыстырғанда боросиликатты шыны жақсы физикалық қасиеттер мен химиялық заттардың әсер етуіне тамаша төзімділікті иеленген. Тек қышқыл мен күшті сілті ғана жоғары концентрациясы, ұзақ уақыт әсер етуі мен температура кезінде бұл шынының беті мен қасиеттеріне әсер етуі мүмкін.

Шыны құрылымының өзгеруі себебінен болатын залалды бағалау кезінде қолданылатын зертханалық ыдыстың тағайындалуын есепке алу керек. Кәдімгі химиялық стакандарды шынының өзгерістерінен сақтауға болады. Алайда тамшуыр сияқты ыдыс үшін шыны құрылымының өзгеруі өлшеудегі қателіктерге әкелуі мүмкін. Шыныны зертханалық зерттеулерге дайындаудың қолдық процесінің кемшіліктері төменгі температуралық режимдер; уақыт, химикаттар мен судың жоғары шығындары; персонал үшін әлеуетті тәуекел мен жуудың стандартталмаған нәтижелері болып табылады.

Көптеген зертханалар шыныдан жасалған зертханалық жабдықтар, мысалы, зертханалық стакандар, тамшуырлар, өлшемдік цилиндрлер мен колбалар, түбі домалақ колбалар мен Эрленмейер колбалары, Петри тостағаншалары, сынауықтар және т. б. үшін тек қана машиналық жууды пайдаланады. Өйткені жууға арналған машиналар бүкіл цикл кезінде жабулы күйінде қалады, және өңдеудің бүкіл процесі толықтай автоматты түрде өтетіндіктен, персоналдың денсаулығы үшін әлеуетті қауіптілік барынша азайтылады. Осылайша, машиналық өңдеу персоналды барынша қорғауды қамтамасыз етеді.

Химиялық ыдыстың түрлері

Әр жерлердегі зертханаларда шыны, керамика мен пластиктен жасалған әртүрлі ыдыс пайдаланылады. Ыдыс химиялық реакциялар мен талдамалар жүргізу, реакцияның бастапқы, аралық және түпкі өнімдерін оқшаулау немесе жуу, сынамалар алу және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Ыдысты пайдаланғаннан кейін, оны сапалы жуу мен кептіруді жүргізу қажеттігін есте ұстау керек. Жуу процесінің тиісті параметрлерді қамтамасыз етуі тиіс екендігі өте маңызды аспект болып табылады, бұл параметрлер кезінде мұның алдындағы пайдаланудың нәтижелері бұдан кейінгі қолданылуға әсерін тигізбейді.

Зертханаларға қойылатын жаңа санитариялық эпидемиологиялық талаптар

Зертханалық ыдысты дайындау әдістері
Алина Абирова Врач-эпидемиолог высшей категории,
руководитель отдела санитарно-эпидемиологического надзора за МО
и внутрибольничными инфекциями Департамента конроля качества и безопасности товаров и услуг МЗ РК, г. Алматы
2017 жылдың соңында зертханаларға қойылатын талаптарды регламенттейтін жаңа Санитариялық қағидалар күшіне енді. Олар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі «“Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 684 бұйрығымен (бұдан әрі – №684 СҚ) бекітілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрімен келісілген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылы 14 қарашада №15990 болып тіркелген.

Зертханалық ыдыс үлгісі (зертханалық стакандар, түбі домалақ және өлшемдік колбалар, өлшемдік цилиндрлер, тамшуырлар, Петри тостағаншалары, сынауықтар, өлшемдік сынауықтар, алу түтіктері және т. б.), мөлшерлері немесе көлемі (1 мл, 500 мл, 10 000 мл) және саны бойынша жіктеледі. Ыдыс құрамының дәл сипаттамасы бойынша жуу машинасын толымдауға қойылатын егжей-тегжейлі талаптардың жасалуы мүмкін.

Зертханалық шыныны қолдану пайдаланудың әртүрлі салаларының кең ауқымын қамтиды (органикалық, бейорганикалық және физикалық химия, биология, микробиология, медициналық мекемелердегі, фармакология, тағам және косметикалық өнеркәсіптегі зертханалық зерттеулер және т. б.) және қолданылу тәсіліне немесе зерттеулердің бағытына (препараттармен жұмыстар, талдамалар, сынамалар алу және т. б.) қарай бөлінеді. Қолданылу саласы мен әдістері машина моделі мен толымдауды, өңдеу процестерінің параметрлерін анықтайды; оңтайлы жуушы заттар таңдап алынады.

Химиялық ыдыс: ластануы

Зертханалық ыдыс ластануларының физикалық және химиялық қасиеттері туралы білімнің өңдеу процесі параметрлерін, сондай-ақ жуушы заттарды таңдау кезіндегі маңызы зор. Ластанулардың физикалық және химиялық қасиеттері олардың суда қышқылдық, pH-бейтарап және сілтілік қосылыстарының әсерімен ерігіштік қасиеттерімен; олардың тотығу немесе гидролиз көмегімен ыдырауға қабілеттілігімен; олардың балқыту және жұмсарту температурасымен, эмульгаторлық, суспензиялық және дисперсиялық мүмкіндігімен және т. б. сипатталады.

Назар аударыңыз!

Зертханалық ыдысты дайындауға арналған өнімділігі жоғары шешімдер

Зертханалық ыдысты дайындау әдістері
М. П. Гаппарова Miele өнеркәсіптік жабдық бағытының жетекшісі
«Миле» ЖШС, Алматы қ.
Зертханалық шыныны дайындау міндетін қою процесінде мынаны ескерген маңызды:
  • зертханада қандай ыдыс пайдаланылады;
  • ол қандай материалдардан жасалған;
  • мұның алдындағы зертханалық зерттеулер өнімдерінің қалдықтарын кетіру және бейтараптандыру үшін қандай химиялық заттарды қолдану керек.

Химиялық зертхана ыдысы: дезинфекциялау

Дезинфекция зертханалық ыдысты арнайы пайдалану жағдайында қажет.
Бір жағынан, дезинфекция жұқпалық ластанулар жағдайларында жұмыс істейтін зертханалар персоналын қорғауды қамтамасыз етеді, екінші жағынан, дезинфекция медициналық зертханалардағы, гигиена мекемелеріндегі, фармацевтикалық, тағам және косметикалық өнеркәсіп зертханаларындағы сынамалар мен препараттардан жұқпаның таралуын болғызбайды.
Халықаралық тәжірибе зертханалық ыдысты машиналық тәсілмен өңдеудің уақыт, химиялық заттар мен адам ресурстары шығындарын оңтайландыратындығын дәлелдейді.
Осылайша, заманауи жуу автоматтары бүгінгі күні талдаушылық зерттеулер мен зертханалық практиканың барлық бағыттарында зертханалық ыдысты дайындау процесінің ажырамас бөлігі болып табылады, жұмыс орнында персоналдың жарақаттану және жұқтыру тәуекелін болдырмайды, зерттеулер нәтижелерін стандарттау мен зертханалық ыдысты өңдеудің жоғары сапасына кепіл болады.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

 

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×