Ангиооталық бөлімшедегі санэпидрежим

23
Ангиооталық бөлімшедегі санэпидрежим: қолданылатын іс-әрекеттер алгоритмдері
Ангиооталық бөлімшедегі санэпидрежим: қолданылатын іс-әрекеттер алгоритмдері
Зацепилова Галина Сергеевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, специалист по санитарно-эпидемиологическому контролю АО «Национальный центр нейрохирургии», г. Астана
Ұсынылып отырған алгоритмдер Астана қаласындағы «Нейрохирургияның Ұлттық орталығы» АҚ-нда ҚР санитарлық ережелері мен нормалары, сондай-ақ халықаралық стандарттар негізінде әзірленген.

Ангиооталық бөлімшедегі санэпидрежим

Тайм-аут өткізу алгоритмі

1. Тайм-аут талқыланбаған мәселелерді немесе түсініксіз жағдаятты шешіп алуға мүмкіндік береді. Тайм-аут залда өткізіледі, мұнда рәсім тікелей ол басталардың алдында жүргізіледі. Тайм-аутқа бастамашы болатын және оны ауызша жүргізетін ота жасаушы хирург, жазып алуға (құжаттауға) басқа тұлға құқылы.

2. Оталық бөлімшенің орта және кіші медициналық персоналы оны клиникалық бөлімшеден қабылдау кезінде пациенттің дайындығын (сақал-мұрт, шашының алынуы, сәйкестендірілуі) тексеру үшін жауапкершілікте болады.

3. Оталық медициналық бике жұмсақ және қатты мүлікті (инені)  есептеу мен оталық жарақатты тігуге дейін жауапкершілікте болады.

4. Ота/емшара басталардың алдында ота жасаушы хирург (немесе жоғары тәуекелдік инвазивтік емшара жүргізген дәрігер) ауызша анықтаумен бүкіл хирургиялық команданың қатысуымен   тайм-аут өткізеді:

  • команданың барлық мүшелерінің қатысуы мен дайындығы;
  • пациент мәліметтерінің (Т.А.Ә. мен туған күні бойынша сәйкестендіру) дұрыстығы;
  • араласу орындарының дұрыстығы;
  • емшараның (отаның) аталуы бойынша дұрыстығы;
  • барлық қажетті зерттеулердің бар екендігі мен дайындығы;
  • барлық қажетті ММБ, ДЗ, жабдықтардың бар екендігі мен дайындығы.

Маңызды! Егер барлық қажетті зерттеулер, заттар дайын болмаса, егер қызметкерлер дайындықтарын растамаса, онда отаны бастауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

5. Екінші тайм-аут хирург алмасқан кезде және бірден артық ота қатар жүргізілген кезде өткізіледі. Бұл ретте персоналдың қатысуымен екінші тайм-ауттың жүргізілгені, емшара, араласу орны, пациентті, туған күнін, уақыт пен қолын сәйкестендірудің дұрыстығын растайтын қысқаша жазба жеткілікті болады.

6. Оталық медициналық бике ота қажеттілігігіне сәйкес қатты және жұмсақ мүлікті дайындауы тиіс. Ота барысында, ангиографиялық емшара аяқталуының алдында жұмсақ және қатты мүлікті (инелерді) және шығындық материалдарды есепке алуды жүргізген жөн. Құжаттама: АХЛ-02 «Жұмсақ және қатты мүлікті есепке алу» нысанын толтыру; оталық жарақатты жабуға дейін АХЛ-01 [1] «Ота алдындағы верификация мен тайм-аут»  нысанының  3 бөлігін толтыру (3 қосымша).

Ота кезінде хирургке ММБ-ды беру алгоритмі

1. Хирургке аспап беру жылдам, өз уақытында және техниалық жағынан дұрыс болуы тиіс. Жылдамдыққа жұмыс тәжірибесімен және дағдымен қол жеткізіледі.

2. Аспаптар берудің үш тәсілі бар: хирургтің қолына, аспаптық үстелшеге және аралас.

3. Аспаптарды хирургтің қолына беру — неғұрлым жетілдірілген тәсіл, өйткені хирургті ота аймағындағы жұмыспен байланысты емес артық іс-әрекеттерден толықтай босатады. Бұл тәсіл оталық бикенің аспаптық үстелшедегі тәртіп пен тазалықты қадағалауы жеңілірек болатындығымен жақсы. Алайда, ол ең қиыны, өйткені үлкен жылдамдықты, ота барысын айқын білуді талап етеді. Хирургпен жұмыстың толық үйлесімділігі және хирургтерде елеулі ерекшеленетін техникасының барлық ұсақ-түйектерін білу қажет.

4. Хирургиялық аспаптардың атаулары мен тағайындалуларын айқын білу қажет.

5. Аспапты оны қолына алған хирург сол мезетте пайдаланатындай, қолдан қолға ауыстырмайтындай етіп беру керек.

6. Аспаптың ота жасалатын мүшеге тиетін бөлігін қолдармен ұстауға болмайды.

7. Необходимо знать характер операции, следить за ее ходом, как бы опережая хирурга, держать наготове нужный инструментарий.

8. Аспаптарды өзіне және хирургке зақымданулар келтірілмейтіндей етіп беру қажет. Авариялық жағдаяттардың профилактикасы мақсатымен шаншылатын және кесетін ММБ-ды бейтарап аймаққа беру қажет.

9. Скальпельді беру: скальпельді  хирургке сабымен береді, оталық бике оны мойнынан және жүзін кішкентай салфеткамен ұстайды, оның үстіне скальпельдің жүзсіз жағы оның алақанына қаратылады. Қайшыларды, қысқыштарды, ілгекшелерді беру сақиналары өзінен кері қаратылып, жабық күйінде жүзеге асырылады. Инеұстағышты беру:  инені инеұстағышқа қысады, иненің ұшы солға қарай қаратылуы, екі шеті де жоғары бағытталуы тиіс. Лигатура кигізіледі, инеұстағыш хирург осы қолымен жіптің ұзын ұшын ұстай алатындай етіп беріледі, немесе медбике лигатураның ұзын ұшын іскекпен ұстап тұрады.

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2016 жылғы 12-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль