MCFR.KZ Медицина

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату

  • 20 сентября 2018
  • 83
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, специалист по санитарно-эпидемиологическому контролю АО «Национальный центр нейрохирургии», г. Астана
Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату
Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату

Ұсынылып отырған алгоритмдер Қазақстан Республикасы санитарлық ережелері мен нормалары, сондай-ақ халықаралық стандарттар негізінде әзірленген.

Медициналық қалдықтар туралы түсінік  

ЕПМ-де медициналық қол әрекеттерін жасау процесінде өзінің құрамы бойынша әртүрлі қалдықтар пайда болады, олар инфекцияланған және әлеуетті инфекцияланған болуы мүмкін. Оларға қан, сілекей, жыныс органдарының сілемейлі секреттерінен бөлінетін бөліністер, несеп, патологиялық-анатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелерден тамақ қалдықтары; патогендігі 3-4-топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, фармацевтикалық, иммунды-биологиялық өндірістердің қалдықтары, виварийлердің биологиялық қалдықтары; пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар, сондай-ақ бір рет қолданылатын шприцтер мен инфузиялық жүйелер, пайдаланылған таңу материалдары мен жеке қорғаныс құралдары (халаттар, бас киімдер, қолғаптар, және т. б.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АМПУЛАЛАРДЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚАНДАЙ СЫНЫБЫНА КӘДЕГЕ ЖАРАТАМЫЗ

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату

Маргарита Колесниченко

Жоғары санатты бас мейірбике, «Мейіргер ісінің үздік менеджері» конкурсының жеңімпазы, Алматы қ.

Пайдаланылған ампулалар шанышпалы және үшкір заттарға жатады және Б сыныбындағы ЖҚКЖК-ге (медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер) кәдеге жаратылады.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату проблемалары 

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату туралы мәселе өткен ғасырдың ортасынан бастап жіті мәселе ретінде тұр және бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Соңғы уақытта қауіпсіздік талаптары бір рет қолданылатын медициналық аспаптар мен бұйымдарды пайдалану қажеттілігін талап етеді, осы арқылы медқалдықтардың көлемін арттырады. Соңғы деректер бойынша ҚР бір аурухана төсегіне медициналық қалдықтардың 500 г келеді, оның төрттен бір бөлігі аса қауіпті сыныпқа (Б) жатады. Қазақстанда орташа есеппен алғанда 70 тоннаға жуық медқалдықтар жиналады. Оларды жинау мен сақтауды сауатты ұйымдастыру медқалдықтарды кәдеге жаратудың әлеуетті аспектілерінің бірі болып табылады.

★Құқықтық база★

Заң «Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 389-II заңы

I-ҚОСЫМША

РЕТТЕУГЕ ЖАТАТЫН ЗАТТАРДЫҢ САНАТЫ

Қалдықтар тобы:

  • Y1 Ауруханалардағы, емханалар мен клиникалардағы емделушiлердi дәрiгерлiк күту нәтижесiнде алынған медициналық қалдықтар.
  • Y2 Фармацевтикалық өнiмдердi өндiру және өңдеу қалдықтары.
  • Y3 Қажетсiз фармацевтикалық тауарлар, дәрi-дәрмектер, препараттаp.
  • Y4 Биосидтер мен питофармацевтикалық препараттарды өндiру, алу және қолдану қалдықтары.

Емдеу процесінің барысынды және ауруханаішілік инфекцияның (бұдан әрі – АІИ) профилактикасындағы табысты жұмыс үшін негізгі талаптарды, стандарттар мен алгоритмдерді орындау өте маңызды.

Ұсынылып отырған алгоритмдер Астана қаласындағы «Нейрохирургияның Ұлттық орталығы» (бұдан әрі – НҰО) АҚ-нда Қазақстан Республикасы санитарлық ережелері мен нормалары, сондай-ақ халықаралық стандарттар негізінде әзірленген. Бұл алгоритмдерді ұқсас бейіндегі басқа да медициналық ұйымдарда табысты қолдануға болады. 

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату нұсқалары туралы «ACTUALIS Медицина» ЭЖ-дегі ұсынымнан оқыңыз

ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ НҰСҚАЛАРЫ

Қазіргі уақытта қалдықтарды кәдеге жаратудың жылулық (жағу) және баламалы тәсілдері ажыратылады. Баламалы әдістер экологиялық жағынан неғұрлым қауіпсіз әдістер болып табылады. Республиканың кейбір медициналық мекемелерінде медициналық қалдықтарды кәдеге жаратқышта кәдеге жаратудың жылу-химиялық тәсілі қолданылады.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату алгоритмі

1. Медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды санитаршы күн сайын әрбір отадан/ауысымнан кейін жүргізеді.

2. Жинаудың алдында санитаршы телпек, бетперде мен қолғап киеді.

3. «А» сыныбындағы медициналық қалдықтар ақ түсті полиэтилен пакеттерге жиналады және ұйым аумағындағы арнайы контейнерлерге шығарылады.

4. Бірінші топтағы  «Б» сыныбының бірреттік ММБ,  «шаншылатын/кесетін» бұйымдар (шприцтер, инелер, венаішілік құюға арналған жүйелер, қаламұштар, скальпельдер, катетерлер, шпательдер) бірреттік, сары түсті тесілмейтін контейнерлерге – қауіпсіз жинау және кәдеге жарату қорапшасына (бұдан әрі – ҚЖКҚ) жиналады, көлемінің төрттен үш бөлігінен арттыққа толтырылмайды. Қалдықтарға тағайындалған жауапты тұлға (мысалы, шаруашылық бикесі) қол қояды: салмағы, бөлімше, медициналық қалдықтар жиналған күн, жауапты тұлғаның Т: А.Ә. Уақытша сақтау бөлмесіне шығарылады.

5. Екінші топтың «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтар, «жұмсақ»  бірреттік медициналық бұйымдар (қолғаптар,  салфеткалар, тігіс материалы, бетперделер, халаттар, қалпақтар, телпекшелер, алжапқыштар, медперсоналдың бахилдері), пайдаланылған таңу материалдары (дәкелер, мақта, бинттер, тампондар, турундалар, шариктер, білікшелер және т.б.) сары түсті полиэтилен пакеттерге жиналады.

6. Үшінші топтың  «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтар  (қан мен оның құрамдастары, сілекей, несеп, нәжіс,  вакциналар, микробиологиялық дақылдар, штаммдар, вирусологиялық  материал) жұмыс орнында (жинау орнында) жиналып, экспозиция сақталумен дезинфекциялаушы құралмен зарарсыздандырылады және кәріздік жүйеге ағызумен кәдеге жаратылады.

7. Жинау мен тасымалдаудан кейін санитаршы алжапқышты дезинфекциялаушы ерітіндімен сүртеді, телпекшені, қолғапты шешеді және «Б» сыныбына арналған контейнерге кәдеге жаратады, қолдарын мұқият жуады.

Ота аяқталғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар алгоритмі

1. Оталық бөлімшеде микроағзалардың таралуы мен өсуінің профилактикасы үшін ота аяқталғаннан кейін пациентті ояну палатасына әкетеді.

2. Пайдаланылған жаймаларды «Лас жаймаға арналған» деген таңбалануы бар қапшықтарға тастайды.

3. Пайдаланылған аспаптарды таңбаланған контейнерлерге салады және ОСБ-не әкетіледі.

4. Пайдаланылған таңу материалы  «Б» сыныбының сары түсті, сыртында жазуы бар қапшықтарына салынады. Кесуші  материал, инелер, скарификаторлар, ампулалар және т.б. ҚЖКҚ-ға салынады, ол жерде бөлімше, кәдеге жарату күні, салмағы көрсетіледі. Қалдықтар қалдықтарды уақытша сақтауға арналған иүй-жайға әкетіледі.

5. Оталық залда қорытынды тазалап-жинау жүргізіледі. Жабдықтар, аппаратура залдың ортасына қарай жылжытылады, оталық залды дезинфекциялау жүргізіледі. Қабырғаларды созылған қол шамасында жуады. Алынып-салынатын бөліктері бар аппаратураны (құбыршектер, түтікшелер, банкалар, контейнерлер) бөлшектейді және арнайы дайындалған сыйымдылықтарда ылғалдандырады. Экспозиция  (дезинфектанттың мөлшеріне қарай) аяқталғаннан кейін осындай кезектілікпен таза шүберекпен дезқұралды жылы сумен жуып-шаяды. Ауаны кварцтеу шамдардың санына сәйкес жүргізіледі. Жиыстырып-тазалау өткізу журналында тіркеу жүргізіледі.

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться