Ангиооталық бөлмеде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату алгоритмі

44
Ангиооталық бөлмеде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату алгоритмі
Ангиооталық бөлмеде медициналық қалдықтарды кәдеге жарату алгоритмі
Зацепилова Галина Сергеевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, специалист по санитарно-эпидемиологическому контролю АО «Национальный центр нейрохирургии», г. Астана
Ұсынылып отырған алгоритмдер Қазақстан Республикасы санитарлық ережелері мен нормалары, сондай-ақ халықаралық стандарттар негізінде әзірленген.

Емдеу процесінің барысынды және ауруханаішілік инфекцияның (бұдан әрі – АІИ) профилактикасындағы табысты жұмыс үшін негізгі талаптарды, стандарттар мен алгоритмдерді орындау өте маңызды. Ұсынылып отырған алгоритмдер Астана қаласындағы  «Нейрохирургияның Ұлттық орталығы» (бұдан әрі – НҰО) АҚ-нда Қазақстан Республикасы санитарлық ережелері мен нормалары, сондай-ақ халықаралық стандарттар негізінде әзірленген. Бұл алгоритмдерді ұқсас бейіндегі басқа да медициналық ұйымдарда табысты қолдануға болады.

Медициналық қалдықтарды кәдеге жарату алгоритмі

1. Медициналық қалдықтарды жинау мен тасымалдауды санитаршы күн сайын әрбір отадан/ауысымнан кейін жүргізеді.

2. Жинаудың алдында санитаршы телпек, бетперде мен қолғап киеді.

3. «А» сыныбындағы медициналық қалдықтар ақ түсті полиэтилен пакеттерге жиналады және ұйым аумағындағы арнайы контейнерлерге шығарылады.

4. Бірінші топтағы  «Б» сыныбының бірреттік ММБ,  «шаншылатын/кесетін» бұйымдар (шприцтер, инелер, венаішілік құюға арналған жүйелер, қаламұштар, скальпельдер, катетерлер, шпательдер) бірреттік, сары түсті тесілмейтін контейнерлерге – қауіпсіз жинау және кәдеге жарату қорапшасына (бұдан әрі – ҚЖКҚ) жиналады, көлемінің төрттен үш бөлігінен арттыққа толтырылмайды. Қалдықтарға тағайындалған жауапты тұлға (мысалы, шаруашылық бикесі) қол қояды: салмағы, бөлімше, медициналық қалдықтар жиналған күн, жауапты тұлғаның Т: А.Ә. Уақытша сақтау бөлмесіне шығарылады.

5. Екінші топтың «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтар, «жұмсақ»  бірреттік медициналық бұйымдар (қолғаптар,  салфеткалар, тігіс материалы, бетперделер, халаттар, қалпақтар, телпекшелер, алжапқыштар, медперсоналдың бахилдері), пайдаланылған таңу материалдары (дәкелер, мақта, бинттер, тампондар, турундалар, шариктер, білікшелер және т.б.) сары түсті полиэтилен пакеттерге жиналады.

6. Үшінші топтың  «Б» сыныбындағы медициналық қалдықтар  (қан мен оның құрамдастары, сілекей, несеп, нәжіс,  вакциналар, микробиологиялық дақылдар, штаммдар, вирусологиялық  материал) жұмыс орнында (жинау орнында) жиналып, экспозиция сақталумен дезинфекциялаушы құралмен зарарсыздандырылады және кәріздік жүйеге ағызумен кәдеге жаратылады.

7. Жинау мен тасымалдаудан кейін санитаршы алжапқышты дезинфекциялаушы ерітіндімен сүртеді, телпекшені, қолғапты шешеді және «Б» сыныбына арналған контейнерге кәдеге жаратады, қолдарын мұқият жуады.

Ота аяқталғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар алгоритмі

1. Оталық бөлімшеде микроағзалардың таралуы мен өсуінің профилактикасы үшін ота аяқталғаннан кейін пациентті ояну палатасына әкетеді.

2. Пайдаланылған жаймаларды «Лас жаймаға арналған» деген таңбалануы бар қапшықтарға тастайды.

3. Пайдаланылған аспаптарды таңбаланған контейнерлерге салады және ОСБ-не әкетіледі.

4. Пайдаланылған таңу материалы  «Б» сыныбының сары түсті, сыртында жазуы бар қапшықтарына салынады. Кесуші   материал, инелер, скарификаторлар, ампулалар және т.б. ҚЖКҚ-ға салынады, ол жерде бөлімше, кәдеге жарату күні, салмағы көрсетіледі. Қалдықтар қалдықтарды уақытша сақтауға арналған иүй-жайға әкетіледі.

5. Оталық залда қорытынды тазалап-жинау жүргізіледі. Жабдықтар, аппаратура залдың ортасына қарай жылжытылады, оталық залды дезинфекциялау жүргізіледі. Қабырғаларды созылған қол шамасында жуады. Алынып-салынатын бөліктері бар аппаратураны (құбыршектер, түтікшелер, банкалар, контейнерлер) бөлшектейді және арнайы дайындалған сыйымдылықтарда ылғалдандырады. Экспозиция  (дезинфектанттың мөлшеріне қарай) аяқталғаннан кейін осындай кезектілікпен таза шүберекпен дезқұралды жылы сумен жуып-шаяды. Ауаны кварцтеу шамдардың санына сәйкес жүргізіледі. Жиыстырып-тазалау өткізу журналында тіркеу жүргізіледі.

Толығырақ  «Аға медбике» журналының 2016 жылғы 12-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль