text
MCFR.KZ Медицина

ЕПМ-да толық тазалау жұмыстарын жасау алгоритмі

  • 14 сентября 2018
  • 1408
эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина», автор журнала «Старшая медицинская сестра», консультант по СД Профессорской клиники КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, гл. внештатный специалист Управления здравоохранения г. Алматы
Емдеу-профилактикалық ұйымдарда жиыстырып-тазалауларды жүргізу алгоритмі
Емдеу-профилактикалық ұйымдарда жиыстырып-тазалауларды жүргізу алгоритмі

ЕПМ-да тазалық жұмыстарын жасау – ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың бір звеносы. Осы мақалада толық тазалау жұмыстарын жасау алгоритмі берілген.

ЕПМ-да толық тазалау жұмыстарын жасау мақсаты 

Тазалау мақсаты – үй-жайларда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Тазалау жұмыстары профилактикалық, эпидемияға қарсы және инфекцияға қарсы мақсаттарда жасалады. Тазалау жұмыстарының нәтижесі санитариялық-гигиеналық тәртіпті сақтауға әкеледі. 

Тазалау жұмыстары санитариялық және эпидемияға қарсы шаралардың тізіміне кіреді және ауруханаларда, емханаларда, профилактикалық кабинеттерде инфекцияның алдын алатын тәсіл болып табылады. Микробтар мен басқа да микроағзалар болуы мүмкін беткі қабаттар тазаланады, шаң мен кір, кез келген табиғаты биологиялық заттар сүртіледі. 

ЕПМ тазалау жұмыстарының түрлері:

I. Көп көлемде суды пайдаланып және жуатын құрамдас бөліктер салып тазалау;

II. Толық тазалау;

III. Науқастарды шығарғаннан кейін үй-жайларды тазалау.

★ЕПҰ үй-жайларын "шелексіз жиыстырып-тазарту" әдісінің артықшылықтары қандай?★

Алгоритм проведения генеральной уборки в ЛПУ

Марина Гаппарова

эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы
"Шелексіз жиыстырып-тазарту" әдісін енгізу стационардағы жиыстырып-тазалау тиімділігін айтарлықтай арттырады, ЕПҰ қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартады және емдеу мекемесінің ресурстарын экономикалық жағынан ұтымды пайдалану міндетін шешеді. 

ЕПМ толық тазалау қағидалары және оны ұйымдастыру 

Тазалау жұмыстарының алдында клиникалық бөлімшелердің кіші, орта деңгейдегі жұмыскерлері жіктеліп дайындалады. Персоналға жүктелетін тазалаудың түрлері бойынша құжатталған оқыту болады.

Тазалау жұмыстарының нәтижесін аға мейірбикелер, шаруашылық мейірбикесі жасайды.

Тазалау процесін инфекциялық бақылау қызметі қадағалайды.

ЕПМ-да толық тазалау жұмыстарын жасауға арналған құрал-саймандардың тізбесі

  • Қорғаныс киімі (бетперде, қолғаптар, арнайы киім);
  • Бейімделу жинағы (шүберектер, щеткалар, швабралар, ысқыштар, бүріккіштер);
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берілген тазалайтын және дезинфекциялайтын ерітінділер.
  • Шелектер таңбалануы тиіс, бөгде жұмыстарға қолдануға тыйым салынады.

Сілтемелер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 357 бұйрығы.

 ЕПМ-да толық тазалау жұмыстарын жасауға қажетті құжаттар

  • Тазалау мен кварцтеуді белгілейтін күнделік;
  • Дезинфекциялық құралды пайдалану бойынша нұсқаулық;
  • Ауамен зарарсыздандырудың сипаттамасы.

ЕПМ-да толық тазалау жұмыстарын жасау алгоритмі

Толық тазалау жұмыстары апта сайын жоспарланады, бекітілген күн тәртібі аясында техниканы, аспаптарды, жиһазды, мынадай үй-жайлардың едені:

  • ота жасау кабинеттері;
  • таңу бөлмелері;
  • босанатын бөлімшелер;
  • рәсім жасайтын бөлмелер;
  • қол әрекеттері бөлімдері;
  • залалсыздандыру блоктары;
  • интенсивті терапия бөлімдері;
  • қарап-тексеру залдары;
  • инвазиялық бөлмелер;
  • асептикалық режимдегі кабинеттер тазаланады және дезинфекцияланады.

★Қызықты сауал★

Тазалап-жиыстыруды жүзеге асыратын персоналға нұсқаманы қалай ұйымдастыру керек?
Алгоритм проведения генеральной уборки в ЛПУ

Динара Макажанова

эксперт ЭС “ACTUALIS: Медицина“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы.
  1. ЕПҰ-ның бірінші басшысы қадамдар бойынша қысқаша нұсқаулықтарды, ағымдағы және бас тазалап-жиыстырулардың алгоритмдерін бекітеді.
  2. Жұмыс орындарында семинарлар түріндегі сабақтар өткізіледі.
  3. Нұсқамалар журналы жүргізіледі. Нұсқама жұмысқа кіріскен кезде және бұдан кейін жылына 1-2 рет өткізіліп тұрады.

Толық тазалау жұмыстары

ай сайын эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бекітілген күн тәртібі аясында техниканы, аспаптарды, жиһазды, мына үй-жайлардың:

  •  палаталардың;
  •  қосалқы үй-жайлардың;
  •  кабинеттердің еденін тазалау және дезинфекциялау жолымен жасалады.

 Толық тазалау жұмыстарын жасау алгоритмі

 Толық тазалаудың алдында:

а) қорғаныс халатын, бетпердені және басқа арнайы қорғаныс құралдарын киеді;

б) жаймалар мен төсек жабдықтарын (матрацтарды, жастықтарды, көрпелерді) дезинфекциялау камерасына немесе дезинфекциялық химзаттардың әсеріне салып алады.

в) кедергі келтірмес үшін жиһаздарды үй-жайлардан шығарады немесе топтап жинап қояды;

д) тазалау және зарарсыздандыру ерітінділерін қағидаларға сай ерітеді;

е) медициналық қалдықтарды жояды және себеттерді дезинфекциялайды.

 Толық тазалау жұмыстары былай жасалады:

а) төбелер, қабырғалар, жиһаз, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы 0,5 %-дық жуу ерітіндісімен (10 литр сұйықтыққа 50 гр. ұнтақ есебімен немесе тазалау әсері бар дезинфекциямен*) өңдейді және таза сумен жуады;

ә) төбелерді, қабырғаларды, жиһазды, сондай-ақ кабинеттердегі техниканы су бүркіп шаяды немесе талап етілетін концентрациядағы дезинфекциялайтын құрамға ылғалдандырылған шүберекпен сүртеді.

б) тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін үй-жай белгілі бір уақытқа дезинфекциялық әсер үшін жабылады;

в) дезинфекциялағаннан кейін бөлмелер желдетіледі;

г) өңделген жерлер сумен шайылады және таза шүберекпен сүртіп кептіріледі (қабырғалар, төбе, жиһаз, техника);

ғ) тазалау жұмыстары аяқталғанда еден дезинфекциялайтын сұйықтықты қолданып жуылады;

д) үй-жайлардың барлығы көлемі мен ауданы есепке алына отырып кварцтеледі, содан кейін желдетіледі;

е) тазалау жұмыстарынан кейін губкалар мен щеткалардың барлығы дезинфекциялық ерітіндіге салып өңделеді, құралдың иісі кеткенше суға салып тазаланады және кептіруге жіберіледі;

ё) арнайы киімдер кір жуатын бөлікте тазаланады.

Толық тазалау жұмысы мен кварцтеудің жасалғаны туралы факті Толық тазалау және кварцтеу журналына енгізіледі.

 

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение